"Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша шығыстар нормаларын, оқуға және тағылымдамадан өтуге үлгілік шарттарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 13 сәуірдегі № 163 бұйрығына толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2013 жылғы 16 тамыздағы № 346 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 27 тамызда № 8661 тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша шығыстар нормаларын, оқуға және тағылымдамадан өтуге үлгілік шарттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 13 сәуірдегі № 163 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7613 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2012 жылғы 29 мамырдағы № 274-278 (27352) санында жарияланған)) мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген 1-қосымшаға сәйкес елдер бөлімінде Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясының көлемін анықтау үшін шығыстар нормаларында:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 39-жолмен толықтырылсын:
      «

39

Сербия Республикасы

680 АҚШ долларына балама сомадан артық емес

680 АҚШ долларына балама сомадан артық емес





60 АҚШ долларына балама сомадан артық емес

                                                            ».
      2. Стратегиялық жоспарлау және ақпараттық технологиялар департаменті (Э.М. Тулеков):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың ресми жариялануын;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің
      міндетін атқарушы                             М. Орынханов 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады