Ескерту. Күші жойылды - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 13.09.2021 № 370 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 17-бабы 28) тармақшасына, 48-бабы 3-тармағына, 71-бабы 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің келесі бұйрықтарына өзгерістер енгізу:
1) Күші жойылды - ҚР Энергетика министрінің 16.02.2015 № 100 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен;2) "Мемлекеттік экологиялық сараптамаға жататын және қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру үшін І санаттағы объектілерді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелері арасында бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2009 жылғы 23 шілдедегі № 143-Ө бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5741 болып тіркелген, 2009 жылғы 14 тамыздағы № 123 (1720) "Заң газетінде" жарияланған):
осы бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік экологиялық сараптамаға жататын I санаттағы объектілерді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелері арасында бөлуде:
1-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) Орталық мемлекеттік органдар әзірлейтін, іске асырылуы қоршаған ортаға терiс әсерлерге әкеп соғуы мүмкiн Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң, нормативтік-техникалық және нұсқаулық-әдістемелік құжаттардың жобалары;".
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Энергетика министрінің 16.02.2015 № 100 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Экологиялық реттеу және бақылау комитеті осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және белгіленген тәртіппен ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Министр | Н. Қаппаров |