Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің "Мемлекеттік экологиялық сараптамасын жүргізу ережелерін бекіту туралы" 2007 жылғы 28 маусымдағы № 207-Ө және "Мемлекеттік экологиялық сараптамаға жататын және қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру үшін І санаттағы объектілерді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелері арасында бөлу туралы" 2009 жылғы 23 шілдедегі № 143-Ө бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2013 жылғы 03 қыркүйектегі № 268-ө бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 24 қыркүйекте № 8729 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 13 қыркүйектегі № 370 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 13.09.2021 № 370 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 17-бабы 28) тармақшасына, 48-бабы 3-тармағына, 71-бабы 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің келесі бұйрықтарына өзгерістер енгізу:

      1) Күші жойылды - ҚР Энергетика министрінің 16.02.2015 № 100 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен;

      2) "Мемлекеттік экологиялық сараптамаға жататын және қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру үшін І санаттағы объектілерді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелері арасында бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2009 жылғы 23 шілдедегі № 143-Ө бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5741 болып тіркелген, 2009 жылғы 14 тамыздағы № 123 (1720) "Заң газетінде" жарияланған):

      осы бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік экологиялық сараптамаға жататын I санаттағы объектілерді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелері арасында бөлуде:

      1-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) Орталық мемлекеттік органдар әзірлейтін, іске асырылуы қоршаған ортаға терiс әсерлерге әкеп соғуы мүмкiн Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң, нормативтік-техникалық және нұсқаулық-әдістемелік құжаттардың жобалары;".

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Энергетика министрінің 16.02.2015 № 100 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Экологиялық реттеу және бақылау комитеті осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және белгіленген тәртіппен ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

Министр

Н. Қаппаров


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады