РҚАО-ның ескертпесі!
Осы бұйрық қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз.
"Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы Заңының 25-бабы 2-тармағының 1)тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған жүзеге асырылатын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Әкімшілік және бақылау департаменті осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Интернет ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық ресми жариялануға тиіс және 2013 жылғы 25 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр | Е. Ыдырысов |
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2013 жылғы 29 тамыздағы № 08-1-1-1/375 бұйрығымен бекітілген |
Жүзеге асырылатын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесі
Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді – ҚР Сыртқы істер министрінің 22.06.2020 № 11-1-4/200 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
р/с | Сыртқы істер министрлігімен жүзеге асырылатын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің атауы |
1. | Тегі |
2. | Аты |
3. | Әкесінің аты (бар болған жағдайда) |
4. | Тегін, атын, әкесінің атын ауыстырғаны туралы мәліметтер |
5. | Тегі мен атының транскрипциясы |
6. |
Туу туралы мәліметтер: |
7. | Нәсілдік және ұлттық тиістілігі |
8. | Діні |
9. | Жынысы |
10. |
Жанұялық жағдайы туралы мәлімет: |
11. |
Азаматтығы туралы деректер: |
12. | Еңбек кітапшасының нөмірі, сериясы және берілген күні туралы мәліметтер |
13. |
Еңбек қызметі туралы деректер: |
14. |
Білімі, біліктілігі және арнайы атақтарының немесе арнайы даярлығының бар болуы туралы мәлімет: |
15. |
Біліктілігін арттыру және қайта даярлау туралы мәліметтер: |
16. | Тұратын жерінің мекенжайы, тұрғылықты жері тіркелу күні |
17. | Байланыс телефондарының нөмірлері |
18. | Мінездеме |
19. | Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) |
20. | Бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН) |
21. | Портреттік бейнесі (цифрланған суреті) |
22. | Қолы |
23. |
Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері: |
24. | Жеке басты куәландыратын құжаттардың жарамсыздық, жоғалту, жою себептері туралы мәліметтер; |
25. | Ауруының бар болуы (болмауы); |
26. | Уақытша еңбекке жарамсыздығы туралы мәліметтер; |
27. | Соттылығының бар болуы (болмауы); |
28. |
Қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны: |
29. |
Әскери міндетті адамдарды және әскери қызметке шақыруға жататын адамдарды әскери есепке алу туралы мәліметтер: |
30. |
Еңбекақысы туралы мәліметтер: |
31. |
Мемлекеттік және ведомстволық наградалары, құрмет және арнайы атақтары, көтермелеулері туралы мәліметтер: |
32. | Әлеуметтік жеңілдіктер және әлеуметтік мәртебесі туралы мәліметтер (жеңілдіктер мен мәртебені беруге негіз болып табылатын құжаттың сериясы, нөмірі, берілген күні, құжатты берген органның атауы) |
33. | Электрондық мекенжайы, Интернет-ресурстарындағы сайты |
34. |
Мүлкі (мүліктік жағдайы) туралы мәліметтер: |
35. | Жүргізуші куәлігі |
36. | Сенімхат |
37. | Төлемдік тапсырыстар, төлем туралы түбіртектер |
38. | Азаматтық-құқықтық немесе еңбек шартының мазмұны және деректемелері; |
39. | Банктік шотының бар болуы; |
40. | "Мемлекеттік сатып алу туралы" 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңымен бекітілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің әлеуетті өнім берушілермен ұсынылатын біліктілік талаптарын растауға арналған мәлімет |
41. | Аттестаттау, қызметтік тексеріс материалдары; |
42. | Алимент алуға құқығы бар адамдар туралы ақпарат |
43. |
Дипломатиялық және қызметтік паспорттарды беру туралы мәлімет: |
44. |
Визаларды беру туралы мәлімет: |
45. |
Шетелдегі Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке алу: |
46. | Қазақстан Республикасының шетелдердегі азаматтарының азаматтық хал актілерін тіркеу үшін ұсынылатын мәліметтер |
47. |
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтеріп жүзетін кемелер туралы мәлімет: |
48. |
Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының тілшілерін аккредитациялау туралы мәлімет: |
49. |
Дипломатиялық өкілдіктердің, халықаралық ұйымдар және/немесе оның өкілдіктерінің басшыларын, персоналдарының мүшелерін, консулдық мекемелердің жұмысшыларын Қазақстан Республикасының әскери, теңіз және авиациялық атташелерін аккредитациялау туралы мәлімет: |