Кірме жолдармен жүру қауiпсiздiгі талаптарының сақталуын тексеру, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың багажды, жүктер мен жүк-багажды тиеу, түсіру (босату) жөніндегі қызметті жүзеге асыруы кезінде тасымалдаушы мен Ұлттық инфрақұрылым операторының қатысу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 17 қыркүйектегі № 721 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 18 қазанда № 8825 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 28 сәуірдегі № 409 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.04.2016 № 409 бұйрығымен.

      «Темір жол көлігі туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабы 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Кірме жолдармен жүру қауiпсiздiгі талаптарының сақталуын тексеру, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың багажды, жүктер мен жүк-багажды тиеу, түсіру (босату) жөніндегі қызметті жүзеге асыруы кезінде тасымалдаушы мен Ұлттық инфрақұрылым операторының қатысу қағидалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті (Қ.Б. Әбсаттаров):
      1) осы бұйрықты белгіленген заңнамалық тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден кейін бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды, оның ішінде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
      3) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуінен кейін 5 жұмыс күні ішінде мемлекеттік тіркеу туралы және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға жіберу туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі А.Ғ. Бектұровқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    А. Жұмағалиев

Қазақстан Республикасы Көлік
және коммуникация министрінің
2013 жылғы 17 қыркүйектегі
№ 721 бұйрығымен бекітілген

Кірме жолдармен жүру қауiпсiздiгі талаптарының сақталуын
тексеру, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың багажды, жүктер
мен жүк-багажды тиеу, түсіру (босату) жөніндегі қызметті жүзеге
асыруы кезінде тасымалдаушы мен Ұлттық инфрақұрылым
операторының қатысу қағидалары 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Кірме жолдармен жүру қауiпсiздiгі талаптарының сақталуын тексеру, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың багажды, жүктер мен жүк-багажды тиеу, түсіру (босату) жөніндегі қызметті жүзеге асыруы кезінде тасымалдаушы мен Ұлттық инфрақұрылым операторының қатысу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Темір жол көлігі туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 32-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді.
      2. Қағидалар Кірме жолдармен жүру қауiпсiздiгі талаптарының сақталуын тексеру, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың багажды, жүктер мен жүк-багажды тиеу, түсіру (босату) (бұдан әрі – тиеу және түсіру) жөніндегі қызметті жүзеге асыруы кезінде тасымалдаушы мен Ұлттық инфрақұрылым операторының қатысу тәртібін уәкілетті органмен белгіленген.
      3. Уәкілетті органмен кірме жолдармен жүру қауіпсіздігі талаптарының сақталуына тексеру тексерілетін субъектілердің қызметіне қойылатын талаптарға сәйкес жүргізіледі, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен, ал Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда, тек қана Қазақстан Республикасының заңдарымен, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарымен және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларымен белгіленеді.
      4. Уәкілетті орган кірме жолдармен жүру қауiпсiздiгі талаптарының сақталуын тексеруді тасымалдаушы мен Ұлттық инфрақұрылым операторының қатысуынсыз жүргізген жағдайда, осы Қағидалардың талаптары қолданылмайды.

2. Тексеруді жүргізудегі тасымалдаушы мен Ұлттық инфрақұрылым
операторының қатысу тәртібі

      5. Кірме жолдармен жүру қауiпсiздiгі талаптарының сақталуын тексеру уәкілетті органның жартыжылдық жоспарына сәйкес жүргізіледі.
      6. Уәкілетті орган алға қойылған міндеттерді іске асыру үшін уәкілетті органның құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша жүргізілетін тексерістерге, оның ішінде кірме жолдарды күтіп-ұстауға және багажды, жүктер мен жүк-багажды тиеу, түсіруге (босату) қатысу үшін тиісті мамандарды тасымалдаушы мен Ұлттық инфрақұрылым операторын тарта алады.
      Бұл ретте, тасымалдаушы мен Ұлттық инфрақұрылым операторының мамандарын тексеріске қатыстыру үшін осы туралы уәкілетті орган тексеріс басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей жазбаша түрде хабарлайды.
      Өз кезегінде Тасымалдаушы мен Ұлттық инфрақұрылым операторы хабарламаны алған сәттен бастап хатта көрсетілген мерзімге мамандарды тексеріске қатысу үшін жібереді.
      7. Кірме жолдарға тексеруді жүргізу кезінде тасымалдаушы мен Ұлттық инфрақұрылым операторы мамандарының қатысуымен уәкілетті орган оларды құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда тіркелетін Тексеруді тағайындау туралы актіге қосады.
      8. Тексеру қорытындысы бойынша жолдарды күтіп-ұстауда қозғалыс қауіпсіздігіне қауіп төндіретін ақаулар тапқанда және жылжымалы құрамның, контейнерлердiң және жүктердiң сақталуын қамтамасыз етпегені анықталған жағдайда тасымалдаушы мен Ұлттық инфрақұрылым операторының мамандары анықтаманы (қорытынды) әзірлейді.
      9. Уәкілетті орган кірме жолды тексеру қорытындысы бойынша Тасымалдаушы мен Ұлттық инфрақұрылым операторының мамандарының әзірленген анықтамасында (қорытынды) берілген фактілерді есепке ала отырып Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2006 жылғы 13 шілдедегі «Тексеру жүргізуге, жүргізілген тексеру нәтижелерін ресімдеуге арналған актілердің, жүру қауіпсіздігін бұзушылық жағдайларын есепке алу жөніндегі қажетті есеп құжаттарының, анықталған бұзушылықтарды жоюға нұсқамалардың нысандарын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 4317 тіркелген) № 175 бұйрығымен (бұдан әрі - № 175 бұйрық) бекітілген нысанға сәйкес Тексеру актісін әзірлейді.
      Тексеру нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда уәкілетті орган № 175 бұйрыққа сәйкес белгіленген нысан бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы енгізеді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылықтарды қарастырады.
      10. Тексерудің нәтижелері бойынша ескертулер және (немесе) қарсылықтар болған жағдайда тармақ иеленуші оларды жазбаша түрде жазады.
      Ескертулер және (немесе) қарсылықтар тексеру актісіне қоса беріледі, ол туралы тиісті белгі жасалады.
      11. Тармақ иеленуші көрсетілген актінің негізінде кірме жолдар қызметтерін көрсетуді тоқтатады.
      12. Тексеруді жүзеге асыру кезiнде тексерілетін субъектiлердiң құқықтары мен заңды мүдделерi бұзылған жағдайда тексерілетін субъектi мемлекеттік көліктік бақылау органы, тасымалдаушы немесе Ұлттық инфрақұрылым операторының iс-әрекетiне (әрекетсiздiгiне) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртіппен сотқа шағымдана алады.

Об утверждении Правил участия перевозчика и Национального оператора инфраструктуры при проверке соблюдения требований безопасности движения по подъездным путям, а также осуществлении физическими и юридическими лицами деятельности по погрузке, выгрузке (разгрузке) багажа, грузов и грузобагажа

Приказ Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 17 сентября 2013 года № 721. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 18 октября 2013 г. № 8825. Утратил силу приказом Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 28 апреля 2016 года № 409

      Сноска. Утратил силу приказом Министра по инвестициям и развитию РК от 28.04.2016 № 409.

      В соответствии с пунктом 3 статьи 32 Закона Республики Казахстан от 8 декабря 2001 года «О железнодорожном транспорте» ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила участия перевозчика и Национального оператора инфраструктуры при проверке соблюдения требований безопасности движения по подъездным путям, а также осуществлении физическими и юридическими лицами деятельности по погрузке, выгрузке (разгрузке) багажа, грузов и грузобагажа.
      2. Комитету транспортного контроля Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан (Абсаттаров К.Б.) обеспечить:
      1) в установленном законодательством порядке государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;
      2) после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан, официальное опубликование в средствах массовой информации, в том числе размещение его на интернет-ресурсе Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан и на интранет-портале государственных органов;
      3) представление в Юридический департамент Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан сведений о государственной регистрации и о направлении на опубликование в средствах массовой информации в течение 5 рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан.
      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на вице-министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан Бектурова А.Г.
      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр                                    А. Жумагалиев

Утвержденный    
приказом Министра  
транспорта и коммуникаций
Республики Казахстан 
от 17 сентября 2013 года
№ 721        

Правила участия перевозчика и Национального оператора
инфраструктуры при проверке соблюдения требований безопасности
движения по подъездным путям, а также осуществлении физическими
и юридическими лицами деятельности по погрузке, выгрузке
(разгрузке) багажа, грузов и грузобагажа

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила участия перевозчика и Национального оператора инфраструктуры в проверке соблюдения требований безопасности движения по подъездным путям, а также осуществлении физическими и юридическими лицами деятельности по погрузке, выгрузке (разгрузке) багажа, грузов и грузобагажа (далее - Правила) разработаны в соответствии с пунктом 3 статьи 32 Закона Республики Казахстан от 8 декабря 2001 года «О железнодорожном транспорте» (далее – Закон).
      2. Правила устанавливают порядок участия перевозчика и Национального оператора инфраструктуры в проверке соблюдения требований безопасности движения по подъездным путям, а также осуществлении физическими и юридическими лицами деятельности по погрузке, выгрузке (разгрузке) багажа, грузов и грузобагажа на подъездных путях (далее – погрузка и выгрузка) установленного уполномоченным органом.
      3. Проверка соблюдения требований безопасности движения на подъездных путях уполномоченным органом проводится в соответствии с требованиями, предъявляемые к деятельности проверяемых субъектов, устанавливаются нормативными правовыми актами, а в случаях, предусмотренных законами Республики Казахстан, только законами Республики Казахстан, указами Президента Республики Казахстан и постановлениями Правительства Республики Казахстан.
      4. Требования настоящих Правил не распространяются в случаях, когда проверка соблюдений требований безопасности движения на подъездных путях проводится уполномоченным органом без участия перевозчика и Национального оператора инфраструктуры.

2. Порядок участия перевозчика и Национального оператора
инфраструктуры в проведении проверки

      5. Проверка соблюдения требований безопасности движения на подъездных путях уполномоченным органом проводится в соответствие с полугодовым планом.
      6. Для реализации поставленных задач уполномоченный орган привлекает соответствующих специалистов Перевозчика и Национального оператора инфраструктуры для участия в проводимых проверках по вопросам, отнесенным к компетенции уполномоченного органа в части погрузки, выгрузки (разгрузки) багажа, грузов и грузобагажа и содержаний подъездных путей.
      При этом, для участия в проверке специалистов Перевозчика и Национального оператора инфраструктуры уполномоченный орган не позднее одного рабочего дня до начала самой проверки уведомляет об этом в письменной форме.
      В свою очередь Перевозчик и Национальный оператор инфраструктуры с момента получения уведомления в сроки указанные в письме направляет специалистов для участия в проверке.
      7. При проведении проверки подъездных путей с участием специалистов перевозчика и Национального оператора инфраструктуры уполномоченный орган включает их в Акте о назначении проверки, который регистрируется в уполномоченном органе по правовой статистике и специальным учетам.
      8. По итогам проверки специалисты Перевозчика и Национального оператора инфраструктуры, составляют справку (заключение) по выявленным неисправностям в содержании пути угрожающих безопасности движения, не обеспечений сохранности подвижного состава, контейнеров и грузов.
      9. Уполномоченный орган по итогам проверки подъездного пути составляет Акт проверки по форме, утвержденный приказом исполняющего обязанности Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 13 июля 2006 года № 175 «Об утверждении форм актов на проведение проверок, оформление результатов проведенной проверки, необходимых учетных документов по учету случаев нарушений безопасности движения, предписаний на устранение выявленных нарушений» (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 4317) (далее – приказ № 175), с учетом изложенных фактов в Справке (заключение) составленный специалистами Перевозчика и Национального оператора инфраструктуры.
      По результатам проверки в случае выявленных нарушениях уполномоченным органом вносится предписание об устранении выявленных нарушений по форме, установленной согласно приказу № 175, а также рассматривается административные правонарушения в соответствии с законодательством Республики Казахстан об административных правонарушениях.
      10. В случае наличия замечаний и (или) возражений по результатам проверки ветвевладелец излагает их в письменном виде.
      Замечания и (или) возражения прилагаются к акту проверки, о чем делается соответствующая отметка.
      11. На основании указанного акта ветвевладелец приостанавливает оказание услуг подъездных путей.
      12. В случае нарушения прав и законных интересов проверяемых субъектов при осуществлении проверок проверяемый субъект имеет право обжаловать действия (бездействие) органа государственного транспортного контроля, перевозчика и (или) Национального оператора инфраструктуры в суд в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан.