Әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен, орта және жоғары ауылдық елді мекендерді анықтауға арналған өлшемдерді бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 235/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 18 қазанда № 8826 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 2 ақпандағы № 54 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 02.02.2016 № 54 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 817 қаулысымен бекітілген Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдардың ұтқырлығын арттыруға жәрдемдесу және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсету қағидаларының 35-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен, орта және жоғары ауылдық елді мекендерді анықтауға арналған өлшемдер бекітілсін.
      2. Жергілікті өзін-өзі басқаруды, ауылдық және шекара маңы аумақтарын дамыту департаменті әлеуеті төмен, орта және жоғары ауылдық елді мекендердің тізбесін уақтылы келісу жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.
      3. Жергілікті өзін-өзі басқаруды, ауылдық және шекара маңы аумақтарын дамыту департаменті:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2011 жылғы 28 шілдедегі № 28-2/430 және Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрі міндетін атқарушының 2011 жылғы 28 шілдедегі № 225 «Экономикалық әлеуеті төмен және жоғары ауылдық елді мекендерді анықтауға арналған өлшемдерді бекіту туралы» бірлескен бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7108 тіркелген, 2011 жылғы 23 тамыздағы № 267 (26688) «Казахстанская правда» газетінде жарияланған).
      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Өңірлік даму вице-министрі С.М. Жұманғаринге жүктелсін.
      6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      бірінші орынбасары –
      Қазақстан Республикасы
      Өңірлік даму министрі                      Б. Сағынтаев

Қазақстан Республикасы          
Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – 
Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің
2013 жылғы 18 қыркүйектегі      
№ 235/НҚ                
бұйрығымен бекітілген         

Әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен, орта және жоғары
ауылдық елді мекендерді анықтауға арналған өлшемдер

Жіктеу факторлары

Өлшем бірлігі

Шекті мәндер

Көрсеткіштер

1. Экономикалық блок 50

Топырақтың құнарлығы

Бонитет балы

>45

6

>25-45

4

15-25

2

<15

0


Өткізу нарықтарынан қашықтық дәрежесі

Ауылдық елді мекендерінен аудан орталығына, т/ж станциясына, таяудағы қалаға дейінгі ара қашықтық, км

<=20

5

>20-60

4

>60-100

2

>100

0


Кәсіпкерлік белсенділігі

Ірі (базалық) кәсіпорынның болуы

Бар

4

Жоқ

0


Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді дамыту

Бар

>4

3

2-4

2

1

1

Жоқ

0

0


Ауыл шаруашылығы техникасымен қамтамасыз етілуі

1) 100 га егістікке шаққандағы тракторлар

> 0,5

4

0,4 – 0,5

3

0,2 – <0,4

2

<0,2

0

2) 100 га егістікке шаққандағы комбайндар

> 0,3

4

0,2 – 0,3

3

0,1 – <0,2

2

<0,1

0


Ирригациялық (суармалы) жүйелерді пайдалану

Бар және пайдаланылады


3

Бар және пайдаланылмайды


1

Жоқ


0


Егістік

Егістіктің алқабы, га

> 10 000

5

5 000 – 10 000

3

1 000 – 5 000

2

1 000 дейін

1


Жайылымдар

1) Табиғи жайылымдардың болуы, га

> 10000

4

5 000 – 10 000

3

1000 – 5 000

2

до 1000

1

2) Азықтық дақылдар егісінің (егілген) болуы, га

> 3000

5

1 000 – 3 000

4

1 000 дейін

2


Мал шаруашылығы

Ауыл шаруашылығы малдары (шартты бас), оның ішінде:



1) асыл тұқымды мал

> 1000

4

500 – 1000

3

500 дейін

2

2) асыл тұқымды емес мал

> 3000

3

1000 – 3000

2

1000 дейін

1

2. Инженерлік-инфрақұрылымдық блок 25

Сумен жабдықтау

Орталықтандырылған (су құбыры)


5

Орталықтандырылмаған


3

Тасымалды су


0


Жол

Қатты жабын, аудан орталығына дейін жолдың ұзындығы %

100

5

>= 75 - 100

4

> = 50 - 75

3

< 50

1


Газбен қамту

Табиғи газбен қамтамасыз етілген


5

Сұйытылған газбен қамтамасыз етілуі (баллонда)


2

Газдандырылмаған


0


Электр энергиясы

Электр энергиясымен қамтамасыз етілген


5

Электр энергиясымен қамтамасыз етілмеген


0


Байланыс (телефон)

Бар: 20 нөмірден асады немесе АТС


5

1-ден 20 нөмірге дейін


2

- 1 нөмір


1

Байланыс жоқ


0

3. Әлеуметтік блок 25

Халықтың саны

Халықтың шоғырлануы, адам

> 5 000

5

1 000 – 5 000

4

500 – 1 000

3

50 – 500

2

50 дейін

0


Мектептер

Мектептердің бар болуы және олардың нормаларға сәйкестігі


5

Мектептердің бар болуы, бірақ нормаларға сәйкес келмеуі


3

Мектептері жоқ, жақын арадағы мектепке дейінгі арақашықтық кемінде 3 км


1

Мектептері жоқ, жақын арадағы мектепке дейінгі арақашықтық 3 км асады


0


Мектепке дейін мекемелердің болуы

Балабақша


4

Шағын-орталықтар


2

Жоқ


0


Денсаулық сақтау*

Мекемелердің бар болуы және олардың нормаларға сәйкестігі


5

Мекемелердің бар болуы, бірақ нормаларға сәйкес келмеуі


3

Медициналық мекемелері жоқ


0


Жұмыспен қамту**

Еңбекке қабілетті 100 адамға шаққандағы жұмыспен қамтылған адамдар саны

>=облыстық орташа көрсеткіш

4

< облыстық орташа көрсеткіш

0


Кедейлік **

Елді мекендердің 100 тұрғынына шаққандағы атаулы әлеуметтік көмек алатын адамдар саны

<= облыстық орташа көрсеткіш

2

> облыстық орташа көрсеткіш

0

4. Экологиялық блок

Радиациялық аясы

мкЗв/ч

<0,3

1

>0,3

0

Ауыз судың сапасы

Судағы жалпы минералдық (құрғақ қалдығы) (г/литр)

1,5 дейін

1

1,5 - 2

0,75

>2-3

0,25

>3

0


Баллдар                                            Жиыны 100

Даму әлеуеті жоғары ауылдық елді мекендер

70 - 100

Даму әлеуеті орташа ауылдық елді мекендер

35 - 69

Даму әлеуеті төмен ауылдық елді мекендер

1 - 34

      * - Бірнеше денсаулық сақтау нысандары немесе мектепке дейін мекемелер болған жағдайда, есептеу кезінде нысан оның маңыздылығы дәрежесі бойынша қабылданады;
      ** - Талданып отырған фактордың орташа облыстық көрсеткішпен арақатынасы арқылы есептеледі.
      Әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен, орта және жоғары ауылдық елді мекендерді анықтауға арналған өлшемдер, осы Өлшемдерге қосымшаға сәйкес әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен, орта және жоғары ауылдық елді мекендерді анықтауға арналған Нұсқаулыққа сәйкес есептеледі.

Әлеуметтік-экономикалық даму
әлеуеті төмен, орта және жоғары
ауылдық елді мекендерді анықтауға
арналған өлшемдерге     
қосымша           

Әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен, орта және жоғары
ауылдық елді мекендерді анықтауға арналған
нұсқаулық

1. Жалпы ережелер

      1. Әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен, орта және жоғары ауылдық елді мекендерді (бұдан әрі - АЕМ) анықтауға арналған нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 817 қаулысымен бекітілген Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдардың ұтқырлығын арттыруға жәрдемдесу және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсету қағидаларының 35-тармағына сәйкес әзірленген.
      2. Нұсқаулықты АЕМ әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін кешенді бағалауды жүзеге асыру, тұрғындардың өмір сүру жағдайларын жақсарту мақсатында олардың әлеуетін айқындау, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар тиісті аумақтардың елді мекендерін одан әрі дамыту мәселелері бойынша басқарушылық шешімдерді дайындауы кезінде пайдалану үшін арналған.
      3. Нұсқаулықты жергілікті атқарушы органдарымен анықтайтындығын әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен, орта және жоғары ауылдық елді мекендерді жіктеу факторлары белгілейді.

2. Ақпарат көздері

      4. Қазақстан Республикасының АЕМ әлеуметтік-экономикалық даму деңгейіне кешенді бағалау жүргізу үшін:
      1) жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың деректері;
      2) жергілікті атқарушы органдардан, министрліктерден, агенттіктер мен ведомстволардан алынған ақпарат;
      3) ведомстволық статистикалық байқаулардың деректері;
      4) әлеуметтік сауалнамалардың нәтижелері ақпарат көздері болып табылады.

3. Әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен, орта және жоғары
ауылдық елді мекендерді анықтау өлшемдері

      5. АЕМ әлеуетін және олардың перспективалығын бағалайтын маңызды жіктеу факторлары ретінде 22 жиынтық көрсеткішті қамтитын өлшемдердің 4 тобы: экономикалық, инженерлік-инфрақұрылымдық, әлеуметтік және экологиялық өлшемдер айқындалған.
      6. АЕМ әлеуетін бағалау кезінде экономикалық дамудың басымдықтарын ескере отырып, көрсеткіштердің әрқайсысына балдардың жиынтық саны сомасында олардың маңыздылығын сипаттайтын салмақ белгіленді. Экономикалық блок көрсеткіштерінің салмағы ең үлкен – ең үлкен жиынтық балы 50, инженерлік-инфрақұрылымдық және әлеуметтік блоктардың көрсеткіштері 25-тен аспайды. АЕМ-нің даму деңгейіне экологиялық блоктың әсері түзету коэффициенттері арқылы бағаланады, оларға алғашқы үш блок бойынша алынған балдар көбейтіледі.
      7. Экономикалық блоктың жіктеу факторлары:
      1) топырақтың құнарлығы – 6 балл. Топырақтың сапасы мен әлеуетті құнарлығын мәні 1-ден 100-ге дейін болуы мүмкін бонитет балдарында көрініс табатын егістіктің бонитировкасы сипаттайды. Көрсеткіштің шекті мәндері Жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетінің деректеріне сәйкес белгіленген және топырақ қабатының сапасының «15 балдан төмен» көрсеткішінен республикадағы «45 балдан жоғары» ең үлкен көрсеткішке дейінгі градациясын көздейді;
      2) өткізу нарықтарынан қашықтық дәрежесі – 5 балл. АЕМ-нен аудан орталығына, темір жол станциясына, қалаға дейінгі ара қашықтықты өткізу нарықтарының қол жетімділігі көрсеткіші үшін негіз ретінде пайдалануға болады. Төменгі мән ретінде 20 километрге тең және кем, 5 балға бағаланған арақашықтық қабылданған. Қадамның мөлшері 40 км құрайды, ал көрсеткіштің ең төмен шекті мәні ретінде 100 километрге тең және артық арақашықтық қабылданған;
      3) кәсіпкерлік белсенділік – 4 балл. Бұл көрсеткіш заңды тұлға (АҚ, ЖШС, ірі ШҚ және т.б.) нысанында тіркелген ірі (базалық) кәсіпорынның болуымен сипатталады, онда ауылдық елді мекеннің тұрғындарының елеулі немесе негізгі бөлігі жұмыспен қамтылған болуы керек, осыған байланысты ол халықты жұмыспен қамтуға белгілі түрде әсер етеді. Ірі (базалық) кәсіпорынның негізгі өлшемдерінің бірі нақты ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына белсенді араласуы болып табылады;
      4) ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді дамыту – 3 балл. Тиісті аумақта қосылған құнның өсу мүмкіндіктерін сипаттайды және ауыл шаруашылығы және басқа да өнімдерін қайта өңдеу объектілерінің болуымен анықталады. Көрсеткіштің шекті мәндері бір АЕМ-де 0-ден 4-ке және одан асатын қайта өңдеуші цехқа дейін түрленеді;
      5) ауыл шаруашылығы техникасымен қамтамасыз етілуі – 8 балл. Екі көрсеткішке бөлінеді: 100 га егістікке келетін тракторлардың саны және 100 га егістікке келетін комбайндардың саны. Шекті мәндердің мөлшері 0,2-ден 0,5-ке (0,3) және одан асатын тракторға (комбайнға) дейін түрленеді;
      6) ирригациялық (суармалы) жүйелерді пайдалану – 3 балл. Суармалы егін шаруашылығын дамыту жөніндегі мүмкіндіктер ирригациялық жүйелердің болуы мен пайдаланылуын көрсетеді. Суарылатын жерлер жайылымдарға қарағанда ауыл халқының едәуір көп мөлшеріне табысты қамтамасыз ете алады. Ирригациялық жүйелер бар және оларды пайдаланылатын аумақтар 3 балмен, ал жоқтары – 0 балмен бағаланады;
      7) егістік – 5 балл. Егін шаруашылығын дамыту мүмкіндіктерін анықтайды. Шекті мәндері ауылшаруашылығы алқабының алаңына байланысты анықталады. Көрсеткіштің шекті мәндері бір АЕМ-де 0-ден 10 000-ға және одан асатын гектарларға дейін түрленеді;
      8) жайылымдар – 9 балл, екі көрсеткішке бөлінеді:
      табиғи жайылымдардың болуы – 4 балл, шекті мәндері алаңға байланысты анықталады және бір АЕМ-де 0-ден 10 000-ға және одан асатын гектарға дейін түрленеді;
      азықтық дақылдар егісінің (егілген) болуы – 5 балл, жоғары протеинді азықты алумен анықталады, мал шаруашылығының өнімділігін арттыруға себеп болады. Шекті мәндері алаңына байланысты анықталады және бір АЕМ-де 0-ден 3 000-ға және асатын гектарға дейін түрленеді;
      9) мал шаруашылығы – 7 балл. АЕМ-де ауылшаруашылығы малдарының болуын сипаттайды және екі көрсеткішке бөлінеді:
      асыл тұқымды мал – 4 балл, генетикалық әлеуеті жоғары малды өсіруге, оларды сақтауға және көбейтуге бағытталған тұқымдық жұмыс жүйесімен қамтылған мал шаруашылығының саласы. Шекті мәндері бір АЕМ-де 0-ден 1 000-ға дейін және одан асатын шартты баспен анықталады. Асыл тұқымды мал шаруашылығының өнімдері жоғары қосылған құнмен ерекшеленеді;
      асыл тұқымды емес мал – 3 балл, шекті мәндері бір АЕМ-де 0-ден 3 000-ға дейін және одан асатын шартты баспен анықталады.
      Осы көрсеткіштер түзету коэффициенттеріне көбейту жолымен (ІҚМ – 0,8; қойлар және ешкілер – 0,1; шошқалар – 0,3; жылқылар – 1,0; түйелер – 1,0.) «шартты баспен» өлшенеді;
      8. Инженерлік-инфрақұрылымдық блоктың жіктеу факторлары:
      1) сумен жабдықтау – 5 балл. Сумен жабдықтау жүйесінің жай-күйін бағалау халық тұтынуы үшін судың қандай көздерден алынатындығы бойынша жүргізіледі. Орталықтандырылған сумен жабдықталған (су құбыры) АЕМ-нің, орталықтандырылмаған сумен жабдықталған (су тарату пунктінен, ұңғымалардан, құдықтардан, су тазарту қондырғылары бар немесе жоқ жер бетіндегі көздерден) және тасымалды суды пайдаланатын АЕМ-ге қарағанда, жағдайы жақсы болады. Сумен жабдықтау жүйесі бойынша мәндердің мөлшері орталықтандырылған сумен жабдықталған (су құбыры) АЕМ-де 5 балдан тасымалды суды пайдаланатын АЕМ-де 0 балға дейін түрленеді;
      2) жол – 5 балл. Жол инфрақұрылымын бағалау үшін АЕМ-нен аудан орталығына дейінгі қатты жабыны бар автокөлік жолдарының пайызы қабылданды. Шекті мәндері қатты жабыны бар 100% болып, одан әрі қадамдық мәні 25%-бен анықталады.
      3) газбен жабдықтау – 5 балл, халықтың тұрмыс деңгейін сипаттайтын инфрақұрылымды дамытудың көрсеткіші. АЕМ-ді табиғи газбен газдандыру – 5 балл, сұйытылған газбен қамтамасыз ету (баллонда) – 2 балл және газбен жабдықталмаған – 0 балл осы көрсеткішті анықтайтын шекті мәндер болып табылады;
      4) электр энергиясы – 5 балл. Халықтың тұрмыс деңгейінің және аумақтың экономикалық белсенділігінің маңызды көрсеткіші. Шекті мәндер АЕМ-нің электр энергиясымен қамтамасыз етілгенімен немесе қамтамасыз етілмегенімен анықталады;
      5) байланыс (телефондық) – 5 балл. АЕМ-ді телефондандыру деңгейімен анықталады. Көрсеткіштің шекті мәні абоненттік желінің тығыздығымен айқындалады: АТБ – 5 балл, 1-ден 20-ға дейін нөмірлер – 2 балл, 1 нөмір – 1 балл болуы және байланыстың болмауы – 0 балл.
      9. Әлеуметтік блоктың жіктеу факторлары:
      1) халықтың саны – 5 балл. АЕМ-де халықтың шоғырлануын көрсетеді. Бастапқы мәндері халықтың санына байланысты анықталады және бір АЕМ-де 0-ден 5 000-ға және одан асатын адамға дейін түрленеді;
      2) мектептер – 5 балл. Осы көрсеткішті өлшеу «Білім беру ұйымдары желісінің кепілдікті мемлекеттік нормативі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 1256 қаулысына сәйкес жүргізіледі, онда ауылдық білім беруді дамыту жөніндегі мемлекеттік нормативтер мен стандарттар бекітілген.
      Білім беруді дамыту көрсеткішін бағалау білім беру объектілерінің белгіленген нормаларға сәйкестігі немесе сәйкес еместігі және олардың нақты елді мекенде бар болуы, сондай-ақ білім беру ұйымдарының мектеп жасындағы оқушылар тұрақты тұратын АЕМ-нен 3 км астам қашықтығы бойынша жүзеге асырылады;
      3) мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің болуы – 4 балл. Көрсеткіштің шекті мәндері АЕМ-де мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің болуы бойынша анықталады: балабақша – 4 балл, шағын-орталық – 2 балл;
      4) денсаулық сақтау – 5 балл. Осы көрсеткішті өлшеу «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2131 қаулысына сәйкес жүргізіледі, онда ауылдық денсаулық сақтауды дамыту жөніндегі мемлекеттік нормативтер бекітілген.
      Ауылдық денсаулық сақтау жүйесін бағалау денсаулық сақтау объектілерінің белгіленген нормаларға сәйкестігі немесе сәйкес еместігі және олардың АЕМ-де бар болуы негізінде жүргізіледі;
      5) жұмыспен қамту – 4 балл. АЕМ-де жұмыспен қамтылғандар санының экономикалық белсенді халықтың санына арақатынасын сипаттайды және орташа облыстық көрсеткішпен салыстырылады;
      6) кедейлік – 2 балл. Ауылдың 100 тұрғынына шаққанда атаулы әлеуметтік көмек алатындардың арақатынасын сипаттайды және орташа облыстық көрсеткішпен салыстырылады.
      10. Экологиялық блок мынадай көрсеткіштер бойынша бөлінген:
      1) радиациялық ая – өлшем бірлігі - мкЗв/сағ. «Радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 3 ақпандағы № 202 қаулысына сәйкес елді мекендердің аумағындағы радиациялық аяның жай-күйін сипаттайтын көрсеткіш сыртқы гамма-сәуленің экспозициялық дозасының қуаты (ЭДҚ) болып табылады, ол 0,3 мкЗв/сағ. аспауы қажет.
      0,3 мкЗв/сағ. асатын радиациялық ая деңгейі бар АЕМ басқа көрсеткіштер бойынша жоғары және орта даму әлеуеті болуына қарамастан, ерекше қолайсыз экологиялық жағдайы бар елді мекендердің тобына ауыстырылады;
      2) ауыз судың сапасы – «Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаты үшін су жинау орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға, суды мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы № 104 қаулысына сәйкес судың сапасы және оның тұтынуға жарамдылығын сипаттау үшін оны минералдандыру деңгейі алынады, онда ауыз судағы минералдық тұздардың (құрғақ қалдықтың) шекті жол берілетін жинақталуы (ШЖЖ) 1(1,5) г/л құрайды.
      11. Барлық жіктеу факторлары бойынша көрсеткіштер әрбір АЕМ бөлінісінде балмен анықталады.
      12. Өлшемдердің үш блогы бойынша алынған АЕМ балдарының жиынтық сомасы экологиялық блок бойынша түзету коэффициентіне көбейтіледі және ауылдық елді мекеннің әлеуетін сипаттайтын жиынтық балды анықтайды.
      13. Балдардың жиынтық сомасының негізінде АЕМ үш санатқа (типке) бөлінеді:
      1) Даму әлеуеті жоғары АЕМ – 70 балдан астам;
      2) Даму әлеуеті орташа АЕМ – 35-69 балл;
      3) Даму әлеуеті төмен АЕМ – 1-34 балл;

Об утверждении критериев для определения сельских населенных пунктов с низким, средним и высоким потенциалом социально-экономического развития

Приказ Первого заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан - Министра регионального развития Республики Казахстан от 18 сентября 2013 года № 235/ОД. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 18 октября 2013 года № 8826. Утратил силу приказом Министра национальной экономики Республики Казахстан от 2 февраля 2016 года № 54

      Сноска. Утратил силу приказом Министра национальной экономики РК от 02.02.2016 № 54 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 35 Правил содействия повышению мобильности лиц, участвующих в активных мерах содействия занятости, и оказания им мер государственной поддержки, утвержденными постановлением Правительства Республики Казахстан от 18 июля 2011 года № 817, ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Утвердить прилагаемые критерии для определения сельских населенных пунктов с низким, средним и высоким потенциалом социально-экономического развития.
      2. Департаменту развития местного самоуправления, сельских и приграничных территорий принять необходимые меры по своевременному согласованию Перечня сельских населенных пунктов с низким, средним и высоким потенциалом социально-экономического развития.
      3. Департаменту развития местного самоуправления, сельских и приграничных территорий обеспечить:
      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;
      2) официальное опубликование настоящего приказа после его государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан.
      4. Признать утратившим силу совместный приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 28 июля 2011 года № 28-2/430 и и.о. Министра экономического развития и торговли Республики Казахстан от 28 июля 2011 года № 225 «Об утверждении критериев для определения сельских населенных пунктов с низким и высоким экономическим потенциалом» (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 7108, опубликован в газете «Казахстанская правда» от 23 августа 2011 года № 267 (26688).
      5. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на вице-министра регионального развития Республики Казахстан Жумангарина С.М.
      6. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Первый заместитель
      Премьер–Министра
      Республики Казахстан -
      Министр регионального развития
      Республики Казахстан                       Б. Сагинтаев

Утверждены             
приказом Первого заместителя    
Премьер–Министра Республики Казахстан-
Министра регионального развития  
Республики Казахстан         
от 18 сентября 2013 года № 235/ОД  

        Критерии для определения сельских населенных пунктов
               с низким, средним и высоким потенциалом
                  социально-экономического развития

Классификационные факторы

Единица измерения

Пороговые значения

Показатели

1. Экономический блок 50

Плодородие почвы

Балл бонитета

>45

6

>25-45

4

15-25

2

<15

0


Степень удаленности от рынков сбыта

Расстояние от сельского населенного пункта до районного центра, ж/д станции, ближайшего города, км

<=20

5

>20-60

4

>60-100

2

>100

0


Предпринимательская активность

Наличие крупного (базового) предприятия

Имеется

4

Не имеется

0


Развитие переработки сельхозпродукции

Имеется

>4

3

2-4

2

1

1

Отсутствует

0

0


Обеспеченность сельскохозяйственной техникой

1) Приходится тракторов на 100 га пашни

>0,5

4

0,4 – 0,5

3

0,2 – <0,4

2

<0,2

0

2) Приходится комбайнов на 100 га пашни

>0,3

4

0,2 – 0,3

3

0,1 – <0,2

2

<0,1

0


Использование ирригационных (орошаемых) систем

Имеются и используются


3

Имеются и не используются


1

Не имеются


0


Пашня

Площадь пашни, га

>10 000

5

5 000 – 10 000

3

1 000 – 5 000

2

до 1 000

1


Пастбища

1) Наличие естественных пастбищ, га

>10 000

4

5 000 – 10 000

3

1000 – 5 000

2

до 1000

1

2) Наличие посевов кормовых культур (сеянные), га

>3 000

5

1 000 – 3 000

4

до 1 000

2


Животноводство

Наличие сельхоз. животных (усл. голов), в том числе:



1) племенной скот

>1000

4

500 – 1000

3

до 500

2

2) не племенной скот

>3000

3

1000 – 3000

2

до 1000

1

2. Инженерно-инфраструктурный блок 25

Водоснабжение

Централизованное (водопровод)


5

Децентрализованное


3

Привозная вода


0


Дорога

Твердое покрытие, % протяженности дорог до райцентра

100

5

>= 75 - 100

4

>= 50 - 75

3

<50

1


Газоснабжение

Газифицированы природным газом


5

Обеспечены сжиженным газом (в баллонах)


2

Отсутствует газоснабжение


0


Электроэнергия

Обеспечены электроэнергией


5

Не обеспечены электроэнергией


0


Cвязь (телефонная)

Наличие: более 20 номеров или АТС


5

от 1 до 20 номеров


2

- 1 номера


1

Отсутствие связи


0

3. Социальный блок 25

Численность населения

Концентрация населения, чел

>5 000

5

1 000 – 5 000

4

500 – 1 000

3

50 – 500

2

до 50

0


Школы

Наличие школ и их соответствие нормам


5

Наличие, но несоответствие школ нормам


3

Не имеют школ, расстояние до ближайшей школы меньше 3 км


1

Не имеют школ, расстояние до ближайшей школы свыше 3 км


0


Наличие дошкольных учреждений

Детские сады


4

Мини-центры


2

Не имеется


0


Здравоохранение*

Наличие медучреждений и их соответствие нормам


5

Наличие, но несоответствие медучреждений нормам


3

Не имеют медучреждений


0


Занятость**

Количество занятых людей на 100 трудоспособных

>=среднеобластного показателя

4

< среднеобластного показателя

0


Бедность**

Количество людей, получающих адресную социальную помощь на 100 жителей НП

<=среднеобластного показателя

2

>среднеобластного показателя

0

4. Экологический блок

Радиационный фон

мкЗв/ч

<0,3

1

>0,3

0

Качество питьевой воды

Общая минерализация (сухой остаток) в воде (г/литр)

До 1,5

1

1,5 - 2

0,75

>2-3

0,25

>3

0


Баллы Итого 100

СНП с высоким потенциалом развития

70 - 100

СНП со средним потенциалом развития

35 - 69

СНП с низким потенциалом развития

1 - 34

      * - В случае наличия нескольких объектов здравоохранения или дошкольных учреждений, при расчетах принимается объект по степени его значимости;
      ** - рассчитывается путем соотношения анализируемого фактора со среднеобластным показателем.
      Критерии для определения сельских населенных пунктов с низким, средним и высоким потенциалом социально-экономического развития рассчитываются в соответствии с Инструкцией для определения сельских населенных пунктов с низким, средним и высоким потенциалом социально-экономического развития, прилагаемой к настоящим Критериям.

Приложение          
к Критериям для определения
сельских населенных пунктов с
низким, средним и высоким 
потенциалом социально-  
экономического развития  

Инструкция
для определения сельских населенных пунктов с низким, средним и
высоким потенциалом социально-экономического развития

1. Общие положения

      1. Инструкция для определения сельских населенных пунктов (далее – СНП) с низким, средним и высоким потенциалом социально-экономического развития (далее – Инструкция) разработана в соответствии с пунктом 35 Правил содействия повышению мобильности лиц, участвующих в активных мерах содействия занятости, и оказания им мер государственной поддержки, утвержденными постановлением Правительства Республики Казахстан от 18 июля 2011 года № 817.
      2. Инструкция предназначена для осуществления комплексной оценки уровня социально-экономического развития СНП, выявления их потенциала в целях улучшения условий проживания жителей, а также для использования при подготовке управленческих решений местными исполнительными органами по вопросам дальнейшего развития населенных пунктов соответствующих территорий.
      3. Инструкция устанавливает классификационные факторы сельских населенных пунктов с низким, средним и высоким потенциалом социально-экономического развития, определяемые местными исполнительными органами.

2. Источники информации

      4. Источниками информации для проведения комплексной оценки уровня социально-экономического развития СНП Республики Казахстан являются:
      1) данные общегосударственных статистических наблюдений;
      2) информация, полученная от местных исполнительных органов, министерств, агентств и ведомств;
      3) данные ведомственных статистических наблюдений;
      4) результаты социологических опросов.

3. Критерии определения сельских населенных пунктов
с низким, средним и высоким потенциалом
социально-экономического развития

      5. Важнейшими классификационными факторами, оценивающими потенциал СНП и их перспективность, определены 4 блока критериев: экономический, инженерно-инфраструктурный, социальный и экологический, которые включают 22 совокупных показателя.
      6. С учетом приоритетов экономического развития при оценке потенциала СНП каждому из показателей установлен вес, который характеризует их значимость в сумме совокупного количества баллов. Наибольший вес имеют показатели экономического блока - суммарный наивысший балл 50, показатели инженерно-инфраструктурного и социального блоков не превышают 25 баллов. Влияние на уровень развития СНП экологического блока оценивается через поправочные коэффициенты, на которые умножаются баллы, полученные по первым трем блокам.
      7. Классификационные факторы экономического блока:
      1) плодородие почвы – 6 баллов. Качество и потенциальное плодородие почвы характеризует бонитировка пашни, выраженная в баллах бонитета, который может иметь значение от 1 до 100. Пороговые значения показателя установлены в соответствии с данными Комитета по управлению земельными ресурсами и предполагают градацию качества почвенного слоя от показателя «менее 15 баллов» до наибольшего в республике «более 45 баллов»;
      2) степень удаленности от рынков сбыта – 5 баллов. Расстояние от СНП до районного центра, железнодорожной станции, города можно использовать, как основание для показателя доступности рынков сбыта. За низкий порог принято расстояние, равное 20 км и менее, оцененное в 5 баллов. Размер шага составляет 40 км, а за наименьшее пороговое значение показателя принято расстояние, равное 100 км и более;
      3) предпринимательская активность – 4 балла. Данный показатель характеризуется наличием крупного (базового) предприятия, зарегистрированного в форме юридического лица (АО, ТОО, крупного КХ и т.д.), где занята значительная или даже основная часть населения сельского населенного пункта, в связи с чем оно определяющим образом влияет на занятость населения. Одним из основных критериев крупного (базового) предприятия является активное участие в социально-экономическом развитии конкретного села;
      4) развитие переработки сельхозпродукции – 3 балла. Характеризует возможности роста добавленной стоимости на соответствующей территории и определяется наличием объектов переработки сельскохозяйственной и иной продукции. Пороговые значения показателя варьируют от 0 до 4 и более перерабатывающих цехов в одном СНП;
      5) обеспеченность сельскохозяйственной техникой – 8 баллов. Подразделяется на два показателя: количество тракторов на 100 га пашни и количество комбайнов на 100 га пашни. Величина пороговых значений варьируют от 0,2 до 0,5 (0,3) и более тракторов (комбайнов);
      6) использование ирригационных (орошаемых) систем – 3 балла. Возможности по развитию орошаемого земледелия отражают наличие и использование ирригационных систем. Поливные земли в состоянии обеспечить доходы гораздо большему количеству сельского населения, чем богарное земледелие. Территории, где имеются и используются ирригационные системы, оцениваются в 3 балла, а не имеющие – 0;
      7) пашня – 5 баллов. Определяет возможности развития земледелия. Пороговые значения определяются в зависимости от площади сельскохозяйственных угодий. Пороговые значения показателя варьируют от 0 до 10000 и более гектар в одном СНП;
      8) пастбища – 9 баллов, подразделяется на два показателя:
      наличие естественных пастбищ - 4 балла, пороговые значения определяются в зависимости от площади и варьируют от 0 до 10000 и более гектар в одном СНП;
      наличие посевов кормовых культур (сеянные) – 5 баллов, определяет получение высокопротеиновых кормов, способствует повышению продуктивности животноводства. Пороговые значения определяются в зависимости от площади и варьируют от 0 до 3000 и более гектар в одном СНП;
      9) животноводство – 7 баллов. Характеризуется наличием сельскохозяйственных животных в СНП и подразделяется на два показателя:
      племенной скот – 4 балла, отрасль животноводства, охваченная системой племенной работы, направленная на воспроизведение животных с высоким генетическим потенциалом, их сохранение и разведение. Пороговые значения определяются от 0 до 1000 и более условных голов в одном СНП. Продукция племенного животноводства отличается высокой добавленной стоимостью;
      не племенной скот – 3 балла, пороговые значения определяются от 0 до 3000 и более голов в одном СНП.
      Данные показатели измеряются в «условных головах» путем умножения на поправочные коэффициенты (КРС – 0,8; овцы и козы – 0,1; свиньи – 0,3; лошади – 1,0; верблюды – 1,0).
      8. Классификационные факторы инженерно-инфраструктурного блока:
      1) водоснабжение – 5 баллов. Оценка состояния системы водоснабжения проводится по тому, из каких источников берется вода для потребления населением. СНП, имеющие централизованное водоснабжение (водопроводы), в лучшем положении, чем СНП, пользующиеся децентрализованным водоснабжением (из пункта раздачи воды, скважин, колодцев, поверхностные источники с водоочистным сооружением и без него) и привозной водой. Величина порогов по системе водоснабжения колеблется от 5 баллов в СНП, имеющих централизованное водоснабжение (водопровод), до 0 баллов в СНП, пользующихся привозной водой;
      2) дорога – 5 баллов. Для оценки дорожной инфраструктуры принят процент автомобильных дорог с твердым покрытием от СНП до райцентра. Пороговое значение определяется 100 % с твердым покрытием, далее пошаговое значение по 25 %;
      3) газоснабжение – 5 баллов, показатель развития инфраструктуры, характеризующий уровень жизни населения. Пороговые значения, определяющие данный показатель являются газификация СНП природным газом - 5 баллов, обеспеченность сжиженным газом (в баллонах) – 2 балла и отсутствие газоснабжения – 0;
      4) электроэнергия – 5 баллов. Важнейший показатель уровня жизни населения и экономической активности территории. Пороговые значения определяются обеспеченностью или необеспеченностью СНП электроэнергией;
      5) связь (телефонная) – 5 баллов. Определяется уровнем телефонизации СНП. Пороговые значения показателя определяются плотностью абонентской сети: наличие АТС – 5 баллов, от 1 до 20 номеров – 2 балла, 1 номер – 1 балл и отсутствие связи – 0 баллов.
      9. Классификационные факторы социального блока:
      1) численность населения – 5 баллов. Показывает концентрацию населения в СНП. Пороговые значения определяются в зависимости от численности населения и варьируют от 0 до 5 000 и более человек в одном СНП;
      2) школы – 5 баллов. Измерение данного показателя проводится в соответствии с постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 декабря 2007 года № 1256 «Об утверждении гарантированного государственного норматива сети организаций образования», где утверждены государственные нормативы и стандарты по развитию сельского образования.
      Оценка показателя развития образования осуществляется по соответствию или несоответствию объектов образования установленным нормам и их наличию в конкретном населенном пункте, а также отдаленности организаций образования более чем на 3 км от СНП, где постоянно проживают учащиеся школьного возраста;
      3) наличие дошкольных учреждений – 4 балла. Пороговые значения показателя определяются по наличию в СНП дошкольных учреждений: детский сад – 4 балла, мини-центр – 2 балла;
      4) здравоохранение – 5 баллов. Измерение данного показателя проводится в соответствии с постановлением Правительства Республики Казахстан от 15 декабря 2009 года № 2131 «Об утверждении государственного норматива сети организации здравоохранения Республики Казахстан», где утверждены государственные нормативы по развитию сельского здравоохранения.
      Оценка системы сельского здравоохранения проводится на основе соответствия или несоответствия объектов здравоохранения установленным нормам и их наличию в СНП;
      5) занятость – 4 балла. Характеризует процентное соотношение количества занятых в СНП к экономически активному населению и сравнивается со среднеобластным показателем;
      6) бедность – 2 балла. Характеризует соотношение получателей адресной социальной помощи на 100 жителей села и сравнивается со среднеобластным показателем.
      10. Экологический блок распределен по показателям:
      1) радиационный фон – единица измерения - мкЗв/ч. В соответствии с постановлением Правительства Республики Казахстан от 3 февраля 2012 года № 202 «Об утверждении Санитарных правил «Санитарно-эпидемиологические требования к обеспечению радиационной безопасности» показателем, характеризующим состояние радиационного фона на территории населенных мест, является мощность экспозиционной дозы внешнего гамма-излучения (МЭД), которая не должна превышать 0,3 мкЗв/час.
      СНП с уровнем радиационного фона, превышающим 0,3 мкЗв/ч, переносится в группу населенных пунктов с особо неблагоприятными экологическими условиями, несмотря на то, что по другим показателям он имеет высокий и средний потенциал развития;
      2) качество питьевой воды – в соответствии с постановлением Правительства Республики Казахстан от 18 января 2012 года № 104 «Об утверждении Санитарных правил «Санитарно-эпидемиологические требования к водоисточникам, местам водозабора для хозяйственно-питьевых целей, хозяйственно-питьевому водоснабжению и местам культурно-бытового водопользования и безопасности водных объектов» для характеристики качества и пригодности воды для потребления взят уровень ее минерализации, где предельно допустимая концентрация (ПДК) минеральных солей (сухого остатка) в питьевой воде составляет 1 (1,5) г/л.
      11. Показатели по всем классификационным факторам определяются в баллах в разрезе каждого СНП.
      12. Сумма баллов СНП, набранная по трем блокам критериев, умножается на поправочный коэффициент по экологическому блоку и определяет совокупный балл, характеризующий потенциал развития сельского населенного пункта.
      13. На основании совокупной суммы баллов СНП группируются в три категории (типа):
      1) СНП с высоким потенциалом развития – более 70 баллов;
      2) СНП со средним потенциалом развития – 35-69 баллов;
      3) СНП с низким потенциалом развития – 1-34 балла.