Экономикалық әлеуеті төмен және жоғары ауылдық елді мекендерді анықтауға арналған өлшемдерді бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2011 жылғы 28 шілдедегі № 28-2/430 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің м.а. 2011 жылғы 28 шілдедегі № 225 Бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 8 тамызда № 7108 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 235/НҚ бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - ҚР Өңірлік даму министрінің 18.09.2013 № 235/НҚ бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 817 қаулысымен бекітілген Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдардың ұтқырлығын арттыруға жәрдемдесу және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсету қағидасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. Экономикалық әлеуеті төмен және жоғары ауылдық елді мекендерді анықтауға арналған өлшемдер бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрлігінің Өңірлік саясат және бюджетаралық қатынастар департаменті, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ауылдық, аумақтар icтepi жөніндегі комитеті экономикалық әлеуеті төмен және жоғары ауылдық елді мекендердің тізбесін уақтылы келісу бойынша қажетті шаралар қабылдасын.
      3. Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрлігінің Өңірлік саясат және бюджетаралық қатынастар департаменті (Т.А. Беспалинов):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден етуін;
      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден еткеннен кейін ресми жариялануын;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі М.Е. Толыбаевқа және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда вице-министрі A.M. Ескендіровке жүктелсін.
      5. Осы бұйрық, алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн еткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының         Қазақстан Республикасының
      Ауыл шаруашылығы                  Экономикалық даму және сауда
      министрі                          министрінің міндетін атқарушы

      __________ А. Мамытбеков           ______________ Т. Сүлейменов

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы   
министрінің      
2011 жылғы 28 шілдедегі
№ 28-2/430 және   
Қазақстан Республикасы
Экономикалық даму және
сауда министрінің  
міндетін атқарушысының
2011 жылғы 28 шілдедегі
№ 225 бірлескен   
бұйрығымен бекітілген

Экономикалық әлеуеті төмен және жоғары
ауылдық елді мекендерді анықтауға арналған өлшемдер

Жіктеу факторлары

Өлшем бірлігі

Шекті мәндер

Көрсеткіштер

1. Экономикалық блок 60

Топырақтың құнарлылығы

Бонитет балы

>45

12

>25-45

7

15-25

3

<15

0


Өткізу нарықтарынан қашықтық дәрежесі

Ауылдық елді мекендерінен аудан орталығына, т/ж бекетіне, таяудағы қалаға дейінгі ара қашықтық, км

<=20

9

>20-60

6

>60-100

3

>100

0


Кәсіпкерлік белсенділік

100 тұрғынға шаққандағы шаруашылық жүргізуші субъектілер

>5

5

3-5

4

1-<3

2

<1

0


Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді дамыту

Бар

>4

5

2-4

4

Жоқ

1

2

Ауыл шаруашылығы техникасымен қамтамасыз етілуі

1) 100 га егістікке шаққандағы тракторлар

0

0

>0,5

4

0,4-0,5

3

0,2-<0,4

2

<0,2

0

2) 100 га егістікке шаққандағы комбайндар

>0,3

4

0,2-0,3

3

0,1-<0.2

2

<0,1

0

Ирригациялық жүйелерді пайдалану

Бар және пайдаланылады


7

Бар және пайдаланылмайды


3

Жоқ


0

Егістік

Бір адамға шаққанда, га

>5

7

3-5

4

1-<3

2

<1

0


Жайылымдар

Бір шартты мал басына, га

>0,3

7

0,2-0,3

4

0,1-<0,2

2

<0,1

0

2.Инженерлік-инфрақұрылымдық блок 30

Сумен жабдықтау

Су құбырымен қамтамасыз етілген


5

Жергілікті көздерді пайдаланады


4

Суды ашық су тоғандарынан пайдаланады


3

Тасып әкелетін су


0

Су құбыры балансын ұстаушы

Пайдаланушы кәсіпорындар


2


ауылдық округтің әкімі


0



100


7

Жол

Қатты жабын, % аудан орталығына дейін жолдың ұзындығы

> = 75 - 100

5

> = 50 - 75

3

<50

1


Газбен қамту

Газдандырылған


3

Газдандырылмаған


0


Электр энергиясы

Электр энергиясымен қамтамасыз етілген


7

Электр энергиясымен қамтамасыз етілмеген


0


Байланыс (телефон)

Бар: - АТС


3

- 1-ден 5 нөмірге дейін


2

- 1 нөмір


2

Байланыс желілері жоқ


0

3. Әлеуметтік блок 10

Білім беру

Мектептердің бар болуы және олардың нормаларға сәйкестігі


3

Бар болуы, бірақ мектептердің нормаларға сәйкес еместігі


2

Мектептері жоқ, жақын арадағы мектепке дейінгі ара-қашықтық 3 км кем


2

Мектептері жоқ, жақын арадағы мектепке дейінгі ара-қашықтық 3 км асады


0


Денсаулық сақтау*

Мекемелердің бар болуы және олардың нормаларға сәйкестігі


3


Бар болуы, бірақ мекемелердің нормаларға сәйкес еместігі


2


Мекемелері жоқ


0


Жұмыспен қамту**

Еңбекке қабілетті 100 адамға шаққандағы жұмыспен қамтылған адамдар саны

>=облыстық орташа көрсеткіш

3

< облыстық орташа көрсеткіш

0


Кедейлік**

Елді мекендердің 100 тұрғынына шаққандағы атаулы әлеуметтік көмек алатын адамдар саны

<= облыстық орташа көрсеткіш

1

> облыстық орташа көрсеткіш

0

4. Экологиялық блок

Радиациялық ая

мкЗв/ч

<0,3

1

>0,3

0

Топырақтың сортаңдануы

%

Әлсіз сортаңданған

1

Орташа сортаңданған

0,75

Қатты сортаңданған

0,25

Аса қатты сортаңданған

0


Судың сапасы

Судағы минералдық тұздардың деңгейі (гр/л)

1дейін

1

1-2

0,75

>2-3

0,25

>3

0


Балдар

Жиыны 100

Экономикалық даму әлеуеті жоғары ауылдық елді мекендері

70 - 100


Экономикалық даму әлеуеті орташа ауылдық елді мекендері

35-69


Экономикалық даму әлеуеті төмен ауылдық елді мекендері

1 - 34


* - Бірнеше денсаулық сақтау нысандары болған жағдайда, есептеу кезінде нысан оның маңыздылығы дәрежесі бойынша қабылданады
** - Талданып отырған фактордың орташа облыстық көрсеткішпен ара қатынасы жолымен есептеледі
      Экономикалық әлеуеті төмен және жоғары ауылдық елді мекендерді анықтауға арналған өлшемдер, осы Өлшемдерге қосымшаға сәйкес экономикалық әлеуеті төмен және жоғары елді мекендерді анықтау бойынша Нұсқаулыққа сәйкес есептеледі.

Экономикалық әлеуеті 
төмен және жоғары   
ауылдық елді мекендерді
анықтауға арналған  
өлшемдерге Қосымша  

Экономикалық әлеуеті төмен және жоғары
ауылдық елді мекендерді анықтау бойынша
нұсқаулықтар

1. Жалпы ережелер

      1. Экономикалық әлеуеті төмен және жоғары ауылдық елді мекендерді (бұдан әрі – АЕМ) анықтау бойынша нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) әзірленді және АЕМ әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін кешенді бағалауды жүзеге асыруға, тұрғындардың өмір сүру жағдайларын жақсарту мақсатында әлеуетті айқындауға, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар тиісті аумақтардың елді мекендерін бұдан әрі дамыту мәселесі бойынша басқарушылық шешімдерді дайындау кезінде пайдалануға арналған.

2. Ақпарат көздері

      2. Қазақстан Республикасының АЕМ әлеуметтік-экономикалық даму деңгейіне кешенді бағалау жүргізуге арналған ақпарат көздері:
      1) Қазақстан Республикасы статистика агенттігі, облыстардың статистика департаменттері, аудандардың статистика басқармаларының статистикалық есептілігі;
      2) жергілікті атқарушы органдардан, министрліктерден, агенттіктер мен ведомстволардан алынған ақпараттар;
      3) ведомстволық статистикалық байқаулар деректері;
      4) әлеуметтік сұраулардың нәтижелері болып табылады.

3. Экономикалық әлеуеті төмен және жоғары
ауылдық елді мекендерді анықтау өлшемдері

      3. АЕМ экономикалық әлеуетін және олардың перспективасын бағалайтын маңызды сыныпталған факторлар ретінде 21 жиынтық көрсеткіштерді қамтитын өлшемдердің 4 тобы: экономикалық, сондай-ақ экономикалық өлшемдерді толықтыратын инженерлік-инфрақұрылымдық, әлеуметтік және экологиялық өлшемдер айқындалған.
      4. АЕМ әлеуетін бағалау кезінде экономикалық дамудың басымдылықтарын ескере отырып, көрсеткіштердің әрқайсысына балдардың жиынтық саны сомасында олардың маңыздылығын сипаттайтын салмақ белгіленді. Ең үлкен салмақ экономикалық блокқа келеді – ең үлкен жиынтық балы 60, инженерлік-инфрақұрылымдық блоктың көрсеткіштері 30-дан аспайды, әлеуметтік блоктың сипаттамалары 10 балға дейінгі салмаққа ие. АЕМ-нің даму деңгейіне экологиялық блоктың әсері түзету коэффициенттері арқылы бағаланады, оларға алғашқы үш блок бойынша алынған балдар көбейтіледі.
      5. Экономикалық блоктың сыныпталған факторлары:
      1) «Топырақтың құнарлығы» – 12 балл. Топырақтың сапасы мен әлеуетті құнарлығы топырақтың бірқатар сипаттамаларын ескеретін 1-ден 100-ге дейінгі мәні болуы мүмкін баға балдарында көрініс табатын егістікті бағалау сипаттайды. Көрсеткіштің бастапқы мәндері топырақ қабатының сапасын 10 балдық қадаммен, «15 балдан төмен» көрсеткішінен республикадағы ең үлкен көрсеткішке дейінгі «45 балдан жоғары», ретпен орналасуын көздейтін Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігінің деректеріне сәйкес белгіленген;
      2) «Өткізу нарықтарының жырақтық дәрежесі» – 9 балл. АЕМ-нен аудан орталығына, темір жол бекетіне, қалаға дейінгі ара қашықтықты өткізу нарықтарының қол жетімділігі көрсеткіші үшін негіз ретінде пайдалануға болады. Төменгі мән ретінде 20 км-ге тең және одан төменірек, 9 балға бағаланған арақашықтық қабылданған. Қадамның мөлшері 40 км құрайды, ал көрсеткіштің ең төмен бастапқы мәні ретінде 100 және одан көбірек км-ге тең қашықтық қабылданған;
      3) «Кәсіпкерлік белсенділік» - 5 балл, нақты ауыл аумағындағы халықтың экономикалық белсенділігінің деңгейін айқындайды, шаруашылық жүргізуші субъектілер санын 100 тұрғынға арақатынасымен есептеледі. Осы көрсеткіштің бастапқы мәндерінің қадамдық түрленуі 1-ден 5-ке дейін және одан да көпке ауытқиды;
      4) «Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді дамыту» - 5 балл. Тиісті аумақта қосылған құнның өсу мүмкіндіктерін сипаттайды, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу объектілерінің болуымен айқындалады. Көрсеткіштің бастапқы мәндері бір АЕМ-де 0-ден 4-тен асатын қайта өңдеуші цехқа дейін өзгермелі болады;
      5) «Ауыл шаруашылығы техникасымен қамтамасыз етілу» - 8 балл, 100 га егістікке келетін тракторлардың санымен 100 га егістікке келетін комбайндардың саны екі көрстекішке бөлінеді. Бастапқы мәндердің шамасы га/1 трактор – 200 және га/1 комбайн – 300 нормативтік жүктемеден ауытқулармен айқындалған;
      6) «Суландыру жүйелерін пайдалану». Суармалы егіншілікті дамыту жөніндегі мүмкіндіктер суландыру жүйелерінің болуы мен пайдаланылуын бейнелейді. Суарылатын жерлер телімі жайылымдарға қарағанда ауыл халқының едәуір көп мөлшеріне табысты қамтамасыз ете алады. Суландыру жүйелері бар және пайдаланылатын аумақтар 7 балмен, ал жоқтары – 0 балмен бағаланады;
      7) «Егістік» - 7 балл, егіншілікті дамыту мүмкіндіктерін айқындайды. Бастапқы мәндер бір ауыл тұрғынына келетін егістік шамасының осы көрсеткіштің республика бойынша орташа шамасынан – 1 ауыл тұрғынына 5 гектарға тең – ауытқуымен айқындалады;
      8) «Жайылымдар» - 7 балл. Жемшөппен іс жүзіндегі қамтамасыз етілуді сипаттайды және жайылымдардың нормативтік толтырылуының негізінде есептеледі – 1 гектарға 3-4 ірі қара мал басы. Негізгі мәндер ретінде нормативтік көрсеткіштен ауытқулар қабылданған.
      6. Инженерлік-инфрақұрылымдық блоктың сыныпталған факторлары:
      1) «Сумен қамту» - 5 балл. Сумен қамту жүйесінің жай-күйін бағалау халықт тұтыну үшін судың қандай көздерден алынатындығы бойынша жүргізіледі. Сумен қамту жүйесі бойынша мәндердің шамасы су құбыры бар АЕМ-де 5 балдан тасып әкелінетін суды пайдаланатын АЕМ-де 0 балға дейін;
      2) «Су құбырын баланста ұстаушы» - 2 балл.АЕМ-гі су құбырының желісіне қызмет көрсету сапасын айқындайды. Мәндердің шамасы АЕМ-гі қолданыстағы кәсіпорынның болуымен айқындалады – 2 бал, ауылдық округтың балансында – 0 бал.
      3) «Жол» - 7 балл. Жол инфрақұрылымын бағалау үшін АЕМ-нен аудан орталығына дейінгі қатты жабынды автокөлік жолдардың проценті алынды. Мәндердің шамасы 100% қатты жабынды болып айқындалады, одан әрі 25% бойынша қадамдық мән.
      4) «Газбен қамту» - 3 балл. Бастапқы мәндер АЕМ-де газдандырудың болумен немесе жоқтығымен айқындалады (газдандырылған АЕМ - 3 балл, газдандырылмаған – 0);
      5) «Электр энергиясы» - 7 балл, халықтың тұрмыс деңгейінің және аумақтың экономикалық белсенділігін аса маңызды көрсеткіші. Бастапқы мәндер АЕМ-нің электр энергиясымен қамтамасыз етілгендігімен немесе қамтамасыз етілмегендігімен айқындалады;
      6) «Байланыс» (телефондық) – 6 балл. АЕМ-нің телефондандырылу деңгейімен айқындалады. Көрсеткіштің шекті мәні абоненттік желінің тығыздығымен айқындалады, 2 балдық қадаммен: АТБ – 6 балл, 1-ден 5-ке дейін нөмірлер – 4 балл 1 нөмір – 2 балл және байланыстың болмауы – 0 балл.
      7. Әлеуметтік блоктың сыныпталған факторлары:
      1) «Білім беру» - 3 балл. «Білім беру ұйымдары желiсiнiң кепiлдiктi мемлекеттiк нормативi туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 1256 қаулысымен ауылдық білім беруді дамыту жөнiндегi мемлекеттiк нормативтер мен стандарттар бекiтiлген.Бiлiм берудi дамыту көрсеткiшiн бағалау бiлiм беру объектiлерiнiң белгiленген нормаларға сәйкестігі немесе сәйкес еместiгi, олардың нақты елдi мекенде бар болуы мен бiлiм беру ұйымдарының мектеп жасындағы оқушылар тұрақты тұратын АЕМ-нен 3 км астам қашықтығы бойынша жүзеге асырылады;
      2) «Денсаулық сақтау» - 3 балл. «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдары желiсiнiң мемлекеттiк нормативi туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2131 қаулысына сәйкес.
      Ауылдық денсаулық сақтау жүйесiн бағалау денсаулық сақтау объектілерінің белгіленген нормаларға сәйкестiгi немесе сәйкес еместiгi және олардың АЕМ-де бар болуы негізінде жүргізіледі;
      3) «Еңбекпен қамту» - 3 балл, АЕМ-де еңбекпен қамтылғандардың санының экономикалық белсенді халықтың 100 адамға арақатынасын сипаттайды және сәйкестiгi немесе сәйкес еместiгi жөніндегі орташа облыстық көрсеткішпен салыстырылады.
      4) «Кедейлiк» - 1 балл, ауылдың 100 тұрғынына шаққанда атаулы әлеуметтiк көмек aлатындардың арақатынасын сипаттайды және сәйкестiгi немесе сәйкес еместiгi жөніндегі орташа облыстық көрсеткішпен салыстырылады.
      8. Экологиялық блок мынадай көрсеткiштер бойынша бөлiнген:
      1) «Радиациялық ая». Өлшем бірлігі - мкР/сағ. Елді мекендердiң аумағындағы радиациялық аяның жай-күйiн сипаттайтын көрсеткіш сыртқы гамма-сәуленiң экспозициялық дозасының қуаты (ЭДҚ) болып табылады, ол 0,3 МкЗв/сағ аспауы керек.
      0,3 МкЗв/сағ асатын радиациялық ая деңгейi бар АЕМ-дер, басқа көрсеткіштер бойынша олардың осындай (радиациялық) әлеуетi барларға жататындығына қарамастан, ерекше қолайсыз экологиялық жағдайлы елдi мекендер тобына ауыстырылады;
      2) «Топырақтың тұздануы». Жерді бағалау көрсеткіштерінің бірі топырақтағы тұздың қоспасымен өлшенетін топырақтың тұздануы болып табылады. Деңгейлік көрсеткіштері 0,25 коэффицент қадамымен белгіленген: әлсіз тұзданған - 1 балл, орташа тұзданған - 0,75 балл, қатты сортаңданған - 0,25, аса қатты тұзданған – 0 балл.
      3) «Судың сапасы». Судың сапасы мен оның тұтынуға жарамдылығын сипаттау үшiн оны минералдандыру деңгейі алынады. Ауыз судағы минералдық тұздардың (құрғақ қалдықтың) шектi жол берiлетін жинақталуы (ШЖЖ) 1 (1,5) г/л құрайды.
      9. Барлық жiктеу факторлары бойынша көрсеткiштер әрбір АЕМ бөлінісінде балмен айқындалады.
      10. Өлшемдердiң үш блогы бойынша алынған АЕМ балдарының жиынтық сомасы экологиялық блок бойынша түзету коэффициентiне көбейтіледі және ауылдық елді мекеннің экономикалық әлеуетін сипаттайтын жиынтық балды айқындайды.
      11. Балдардың жиынтық сомасының негізінде АЕМ-дер үш санатқа (типке) бөлінеді:
      1) Экономикалық даму әлеуетi жоғары AEM - 70 баллдан астам;
      2) Экономикалық даму әлеуетi орташа AEM - 70 баллдан астам;
      3) Экономикалық даму әлеуетi төмен АЕМ - 1-34 балл.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады