РҚАО-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 2013 жылғы 25 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңының 25-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берілген Жүзеге асыратын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесі бекітілсін.
2. Заң басқармасы осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Тілдерді дамыту және ақпарат басқармасы осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін заңнамада белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жарияласын және Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің (бұдан әрі – Қазғарыш) интернет–ресурсына орналастырсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазғарыштың Жауапты хатшысы Е.М. Нұрғалиевке жүктелсін.
5. Осы бұйрық 2013 жылғы 25 қарашадан бастап қолданысқа енгізілсін.
Төрағаның м.а. М. Молдабеков
Қазақстан Республикасы
Ұлттық ғарыш агенттігі
Төрағасының м. а.
2013 жылғы 30 қыркүйектегі
№ 89/НҚ бұйрығымен
бекітілді
Жүзеге асыратын міндеттерді орындау үшін қажетті және
жеткілікті дербес деректердің тізбесі
р/с |
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі жүзеге асыратын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің атауы |
1 |
Аты |
2 |
Әкесінің аты (бар болған жағдайда) |
3 |
Тегі |
4 |
Атын, әкесінің атын, тегін өзгерткені туралы мәліметтер |
5 |
Атының, әкесінің атының, тегінің транскрипциясы |
6 |
Тууы туралы деректер: |
7 |
Ұлты |
8 |
Жынысы |
9 |
Отбасылық жағдайы туралы мәлімет: |
10 |
Азаматтығы туралы (бұрынғы азаматтығы) деректер |
11 |
Ағымдағы уақыттағы еңбек қызметі туралы деректер: |
12 |
Білімі, біліктілігі және дәрежелері болуы, атақтары немесе арнайы даярлығы туралы мәліметтер: |
13 |
Біліктілігін арттыру және қайта даярлау туралы мәліметтер: |
14 |
Заңды мекенжайы, |
15 |
Байланыс телефондарының нөмірлері |
16 |
Мінездеме |
17 |
Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) |
18 |
Бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН) |
19 |
Портреттік бейнесі (цифрланған фотосуреті) |
20 |
Қолтаңба үлгісі |
21 |
Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері: |
22 |
Денсаулығының жағдайы туралы мәліметтер |
23 |
Әскери міндетті адамдар және әскери қызметке шақыруға жататын адамдарды әскери есепке алу туралы мәліметтер: |
24 |
Еңбекақысы туралы мәліметтер: |
25 |
Наградалары туралы мәліметтер: |
26 |
Әлеуметтік жеңілдіктер мен әлеуметтік мәртебесі туралы мәліметтер: |
27 |
Аттестаттау, міндетті арнайы тексеріс материалдары |
28 |
Еңбек шартының, азаматтық-құқықтық шарттардың мазмұны мен реквизиттері |
29 |
Жеке құрам бойынша бұйрықтар |