Жүзеге асыратын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі төрағасының м.а. 2013 жылғы 30 қыркүйектегі № 89/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 06 қарашада № 8881 тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 2013 жылғы 25 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңының 25-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса берілген Жүзеге асыратын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесі бекітілсін.
      2. Заң басқармасы осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Тілдерді дамыту және ақпарат басқармасы осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін заңнамада белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жарияласын және Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің (бұдан әрі – Қазғарыш) интернет–ресурсына орналастырсын.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазғарыштың Жауапты хатшысы Е.М. Нұрғалиевке жүктелсін.
      5. Осы бұйрық 2013 жылғы 25 қарашадан бастап қолданысқа енгізілсін.

      Төрағаның м.а.                           М. Молдабеков

Қазақстан Республикасы
Ұлттық ғарыш агенттігі
Төрағасының м. а.  
2013 жылғы 30 қыркүйектегі
№ 89/НҚ бұйрығымен 
бекітілді      

Жүзеге асыратын міндеттерді орындау үшін қажетті және
жеткілікті дербес деректердің тізбесі

р/с

Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі жүзеге асыратын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің атауы

1

Аты

2

Әкесінің аты (бар болған жағдайда)

3

Тегі

4

Атын, әкесінің атын, тегін өзгерткені туралы мәліметтер

5

Атының, әкесінің атының, тегінің транскрипциясы

6

Тууы туралы деректер:
туған күні;
туған жері

7

Ұлты

8

Жынысы

9

Отбасылық жағдайы туралы мәлімет:
некеде болуы/болмауы;
неке қиылуы туралы куәлік деректері;
неке бұзылуы туралы куәлік деректері;
жұбайының аты, әкесінің аты, тегі;
жұбайының жеке басын куәландыратын құжаттың деректері;
отбасының басқа мүшелерінің, асырауындағылардың аттары, әкелерінің аттар, тетіктері және туған күні;
туыстық деңгейі;
балаларының аттары, туған күні

10

Азаматтығы туралы (бұрынғы азаматтығы) деректер

11

Ағымдағы уақыттағы еңбек қызметі туралы деректер:
лауазымның, құрылымдық бөлімшенің, ұйымның атауы;
жалпы еңбек өтілі;
мемлекеттік қызмет өтілі;
мекенжайы және байланыс телефондары;
еңбек жолы: ұйымдарының атаулары, лауазымдары және жұмыс істеген уақыты

12

Білімі, біліктілігі және дәрежелері болуы, атақтары немесе арнайы даярлығы туралы мәліметтер:
оқу орнының атауы, орналасқан жері, түскен, бітірген күні, мамандығы;
алған дипломы, куәлігі, аттестаты, (құжаттың атауы, нөмірі, берілген күні);
ғылыми дәрежесі;
ғылыми атағы;
шетел тілдерін білуі

13

Біліктілігін арттыру және қайта даярлау туралы мәліметтер:
білім беру мекемесінің атауы, орналасқан жері, алған құжатының атауы, берілген күні

14

Заңды мекенжайы,
тұрғылықты жері

15

Байланыс телефондарының нөмірлері

16

Мінездеме

17

Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН)

18

Бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН)

19

Портреттік бейнесі (цифрланған фотосуреті)

20

Қолтаңба үлгісі

21

Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері:
құжаттың атауы,
нөмірі,
берген орган мен күні

22

Денсаулығының жағдайы туралы мәліметтер

23

Әскери міндетті адамдар және әскери қызметке шақыруға жататын адамдарды әскери есепке алу туралы мәліметтер:
әскери билеттің сериясы, нөмірі, берген (өткізген) күні;
әскери билетті берген органның атауы;
әскери-есептік мамандығы;
әскери атағы;
есепке алу және есептен шығару туралы деректер

24

Еңбекақысы туралы мәліметтер:
жалақы мөлшері;
үстемеақылар

25

Наградалары туралы мәліметтер:
наградалары, атақтары, мадақтау күні

26

Әлеуметтік жеңілдіктер мен әлеуметтік мәртебесі туралы мәліметтер:
жеңілдіктер мен мәртебе беруге негіз болатын құжаттың, сериясы, нөмірі, берілген күні, берген органның атауы

27

Аттестаттау, міндетті арнайы тексеріс материалдары

28

Еңбек шартының, азаматтық-құқықтық шарттардың мазмұны мен реквизиттері

29

Жеке құрам бойынша бұйрықтар


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады