"Авиациялық персоналдың шетел мемлекеттері берген куәліктерін тану ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2010 жылғы 28 қарашадағы № 546 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 24 қазандағы № 830 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 12 қарашада № 8899 тіркелді

      Азаматтық авиация саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін халықаралық азаматтық авиация ұйымы ИКАО-ның құжаттарына сәйкес келтіру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Авиациялық персоналдың шетел мемлекеттері берген куәліктерін тану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2010 жылғы 28 қарашадағы № 546 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде) № 6690 тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Авиациялық персоналдың шетел мемлекеттері берген куәліктерін тану ережесінде:
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Шетел азаматына шетел мемлекеті берген азаматтық авиацияның авиация персоналының куәлігі мынадай талаптар сақталған кезде Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органы жарамды деп таниды:
      1) үміткер Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы ұйымына жұмысқа шақырылса (көшірмесі);
      2) үміткер мынадай құжаттарды ұсынады:
      жеке басын куәландыратын құжат (төлқұжат);
      азаматтық авиация персоналының авиациялық куәлігі (көшірмесі);
      медициналық қорытынды (ұшу және диспетчерлік құрам үшін – көшірмесі);
      кейінгі кезеңде біліктілігін арттыру курстарынан өткені туралы құжаттың көшірмесі (LPC/OPC skill test up grade ұшу құрамы үшін);
      ұшу кітапшасынан ұшу сағаттары туралы жазба бөлімінен соңғы үш бет (көшірмесі);
      осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шет мемлекет берген Авиация персоналының куәліктерін тануға өтініш (түпнұсқа);
      әуе құқығы, метеорология бойынша білімді көрсету нәтижелерінің көшірмелері, пайдалану рәсімдері, Қазақстан Республикасының ерекшеліктерін есепке алғандағы фразеология (әуе экипажы мүшелері).
      Егер Қазақстан Республикасында тіркелген заңды тұлға болып табылатын пайдаланушы басқа мемлекетте (тіркеу мемлекеті) тіркелген әуе кемелерін пайдаланған жағдайда, егер Қазақстан Республикасымен және әуе кемесі тіркелген мемлекетпен жасалған халықаралық шарттармен өзгеше көзделмесе жағдайда, осы әуе кемелерінің экипаж мүшелерінің авиациялық персоналының куәліктерін тануды тіркеу мемлекеті жүзеге асырады».
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К. Сейдахметов):
      1) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелуін;
      2) бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында ресми жариялануын және Мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін;
      3) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуінен кейін 5 жұмыс күні ішінде мемлекеттік тіркеу туралы және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға жіберу туралы мәліметтерді ұсынсын.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі А.Ғ. Бектұровқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    А. Жұмағалиев

О внесении изменения в приказ Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 28 ноября 2010 года № 546 "Об утверждении Правил признания свидетельств авиационного персонала, выданных иностранными государствами"

Приказ Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 24 октября 2013 года № 830. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан от 12 ноября 2013 года № 8899

      С целью приведения нормативных правовых актов Республики Казахстан в области гражданской авиации в соответствие с документами Международной организации гражданской авиации (ИКАО), ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Внести в приказ Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 28 ноября 2010 года № 546 «Об утверждении Правил признания свидетельств авиационного персонала, выданных иностранными государствами» (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 6690, опубликованный в газете «Казахстанская правда» от 7 января 2011 года № 3 (26424)) следующее изменение:
      в Правилах признания свидетельств авиационного персонала, выданных иностранными государствами, утвержденных указанным приказом:
      пункт 4 изложить в следующей редакции:
      «4. Свидетельство авиационного персонала гражданской авиации, выданное иностранным государством иностранному гражданину, признается уполномоченным органом в сфере гражданской авиации Республики Казахстан при соблюдении следующих требований:
      1) кандидат приглашен на работу в организацию гражданской авиации Республики Казахстан (копия);
      2) кандидат предоставляет следующие документы:
      документ, удостоверяющий личность (паспорт);
      свидетельство авиационного персонала гражданской авиации (копия);
      медицинское заключение (для летного и диспетчерского состава - копия);
      копия документа о прохождении курсов повышения квалификации за последний период (для летного состава LPC/OPC skill test up grade);
      три последние страницы раздела записи о налете часов из летной книжки (копия);
      заявление на признание Свидетельства авиационного персонала, выданного иностранным государством по форме согласно приложению 1 к настоящим Правилам (оригинал);
      копии результатов демонстраций знаний по воздушному праву, метеорологии, эксплуатационные процедуры, фразеология с учетом особенности Законодательство Республики Казахстан (членов летных экипажей).
      В случае если эксплуатант, являющийся юридическим лицом, зарегистрированным в Республике Казахстан, эксплуатирует воздушные суда, зарегистрированные в другом государстве (государство регистрации), признание свидетельств авиационного персонала членов экипажа данного воздушного судна осуществляется государством регистрации, если иное не предусмотрено международными договорами, заключенными Республикой Казахстан и государством регистрации воздушного судна.».
      2. Комитету гражданской авиации Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан (Сейдахметов Б.К.) обеспечить:
      1) в установленном законодательством порядке государственную регистрацию настоящего приказа в Министерство юстиции Республики Казахстан;
      2) после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан, официальное опубликование в средствах массовой информации, в том числе на интернет-ресурсе Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан и размещение его на интранет-портале государственных органов;
      3) представление в Юридический департамент Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан сведений о государственной регистрации и о направлении на опубликование в средствах массовой информации в течение 5 рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан.
      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на вице-министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан Бектурова А.Г.
      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр                                    А. Жумагалиев