Азаматтық авиация саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін халықаралық азаматтық авиация ұйымы ИКАО-ның құжаттарына сәйкес келтіру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
1. «Авиациялық персоналдың шетел мемлекеттері берген куәліктерін тану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2010 жылғы 28 қарашадағы № 546 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде) № 6690 тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Авиациялық персоналдың шетел мемлекеттері берген куәліктерін тану ережесінде:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Шетел азаматына шетел мемлекеті берген азаматтық авиацияның авиация персоналының куәлігі мынадай талаптар сақталған кезде Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органы жарамды деп таниды:
1) үміткер Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы ұйымына жұмысқа шақырылса (көшірмесі);
2) үміткер мынадай құжаттарды ұсынады:
жеке басын куәландыратын құжат (төлқұжат);
азаматтық авиация персоналының авиациялық куәлігі (көшірмесі);
медициналық қорытынды (ұшу және диспетчерлік құрам үшін – көшірмесі);
кейінгі кезеңде біліктілігін арттыру курстарынан өткені туралы құжаттың көшірмесі (LPC/OPC skill test up grade ұшу құрамы үшін);
ұшу кітапшасынан ұшу сағаттары туралы жазба бөлімінен соңғы үш бет (көшірмесі);
осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шет мемлекет берген Авиация персоналының куәліктерін тануға өтініш (түпнұсқа);
әуе құқығы, метеорология бойынша білімді көрсету нәтижелерінің көшірмелері, пайдалану рәсімдері, Қазақстан Республикасының ерекшеліктерін есепке алғандағы фразеология (әуе экипажы мүшелері).
Егер Қазақстан Республикасында тіркелген заңды тұлға болып табылатын пайдаланушы басқа мемлекетте (тіркеу мемлекеті) тіркелген әуе кемелерін пайдаланған жағдайда, егер Қазақстан Республикасымен және әуе кемесі тіркелген мемлекетпен жасалған халықаралық шарттармен өзгеше көзделмесе жағдайда, осы әуе кемелерінің экипаж мүшелерінің авиациялық персоналының куәліктерін тануды тіркеу мемлекеті жүзеге асырады».
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К. Сейдахметов):
1) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелуін;
2) бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында ресми жариялануын және Мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін;
3) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуінен кейін 5 жұмыс күні ішінде мемлекеттік тіркеу туралы және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға жіберу туралы мәліметтерді ұсынсын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі А.Ғ. Бектұровқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр А. Жұмағалиев