«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Орталық сараптау-тексеру комиссиясы және орталық мемлекеттік және арнайы мемлекеттік мұрағаттардың сараптау-тексеру комиссиялары туралы ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрінің 2011 жылғы 16 қарашадағы № 348 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7343 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2012 жылғы 20 қазандағы № 689-693 (27765) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Орталық сараптау-тексеру комиссиясы туралы ережесінде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Орталық сараптау-тексеру комиссиясы (бұдан әрі - ОСТК) Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің (бұдан әрі - Комитет) жанындағы құжаттардың құндылығына сараптама жасайтын және оларды Ұлттық мұрағат қорының құрамына енгізуге (шығаруға) байланысты ғылыми-әдістемелік мәселелерді қарастыратын, сонымен қатар, оның толықтыру көздерін белгілеуді жүзеге асыратын консультативтік-кеңесші орган болып табылады.»;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің Мұрағаттар және құжаттама басқармасы ОСТК жұмыс органы болып табылады.».
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен ресми жариялануын, кейін жарияланғаны туралы мәліметті Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынсын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр М. Құл-Мұхаммед