Газбен жабдықтау жүйелеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрінің 2013 жылғы 4 қазандағы № 180 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 20 қарашада № 8921 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрінің 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 77 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Мұнай және газ министрінің 11.04.2014 № 77 бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 10 тамыздағы № 1041 қаулысымен бекітілген Тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу және пайдалану қағидаларының 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса берілген Газбен жабдықтау жүйелеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру қағидасы бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің Газ өнеркәсібін дамыту департаменті (С.А. Брекешев) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуін және оның одан әрі заңнамада белгіленген тәртіппен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                        Ұ. Қарабалин

      КЕЛІСІЛДІ
      Қазақстан Республикасы
      Өңірлік даму бірінші
      вице-министрі
      _________ Қ. Өскенбаев
      2013 жылғы 9 қазан

      КЕЛІСІЛДІ
      Қазақстан Республикасы
      Табиғи монополияларды реттеу
      агенттігінің төрағасы
      __________ М. Оспанов
      2013 жылғы 7 қазан

Қазақстан Республикасы 
Мұнай және газ министрінің
2013 жылғы 4 қазандағы 
№ 180 бұйрығымен    
бекітілген       

Газбен жабдықтау жүйелеріне қосуға арналған техникалық
шарттарды беру қағидасы 1. Жалпы ереже

      1. Газбен жабдықтау жүйелеріне қосуға арналған техникалық шарттарды берудің осы қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңына (бұдан әрі – Заң), Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 10 тамыздағы № 1041 қаулысымен бекітілген Тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу және пайдалану қағидаларына сәйкес әзірленді және газбен жабдықтау жүйелеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру мен оларды беруден дәлелді бас тарту тәртібін белгілейді.
      2. Осы Қағидада мынадай негізгі ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:
      қызмет жеткізуші – газ тарататын немесе газ желілік ұйымдар;
      техникалық шарттар – газбен жабдықтау жүйесі объектілерін салуға, сұратылатын (есеп айырысу) параметрлерде тұтынушыны қосуға, газбен жабдықтау жүйесі объектісінің бастапқы жобалық шешімін өзгертуге арналған газ тарататын немесе газ желілік ұйымдары беретін құжат.
      Осы Қағидада пайдаланылатын өзге де терминдер мен анықтамалар Заңға сәйкес қолданылады.

2. Техникалық шарттарды беру

      3. Техникалық шарттарды қызмет жеткізуші мына жағдайларда:
      1) газбен жабдықтау жүйелеріне қосылатын жаңа объектілер жобаланған және кейін салынғанда;
      2) жұмыс істеп тұрған газбен жабдықтау жүйесінің тұтынылатын қызмет көлемдері артқанда;
      3) объектіні жаңарту және/немесе профилин өзгерту, егер ол тұтынатын қызмет көлемдері мен сипаттамаларын өзгертуге әкеп соқса.
      4. Техникалық шарттарды алу үшін жеке немесе заңды тұлға (бұдан әрі – өтініш беруші) қызмет жеткізушіге барынша сағаттық тұтыну көлемін көрсете отырып өтініш ерікті түрде береді.
      Өтінішке мыналар қоса беріледі:
      1) жеке тұлғалар үшін – объект иесінің жеке куәлігінің көшірмесі, заңды тұлғалар үшін – мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәлігі немесе анықтаманың көшірмесі;
      2) объекті орналасқан жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттар, немесе жылжымайтын мүлік иесінің объектіні газдандыруға арналған нотариалды куәландырған келісімінің көшірмесі;
      3) газдандырылатын объектіге (тұрғын үйге) арналған техникалық паспорттың көшірмесі немесе қолданыстағы (үй ішіндегі) желілерді жаңартуға арналған газдандырудың эскиздік жобасының көшірмесі;
      4) 1:500 масштабтағы құрылыс учаскесінің топографиялық түсірілімі (барлық жер үсті және жер асты коммуникациялары және құрылыстарымен);
      5) техникалық сипаттамасы көрсетілген газ тұтыну жабдықтарына арналған техникалық паспорттың көшірмесі;
      6) объектінің орналасу схемасы;
      7) заңды тұлғалар үшін - көп қабатты үйлерді газдандыру кезінде тамақ пісіру, жылыту, ауаны жаңарту, кондиционерлеу, ыстық сумен жабдықтау үшін табиғи газды пайдалануға арналған гидравликалық есептеулер.
      5. Жаңа кеңейтілетін және жаңартылатын объектілердің газбен жабдықтау жүйелерінің өндірістік қуаттылығын анықтау қажет болғанда қызмет жеткізуші осы Қағиданың 4-тармағына сәйкес өтініш келіп түскен күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде коммерциялық есептеу аспаптарын орнату бойынша ақпараттарды, сауалнама парағын, жер учаскесін бөлу сызбасын сұратады.
      6. Қызмет жеткізушінің Техникалық шарттарды беру мерзімі – осы Қағиданың 4-тармағына сәйкес өтініш келіп түскен күнінен бастап бес жұмыс күні.
      7. Газбен жабдықтау жүйелеріне объектілерді қосуға техникалық шарттар:
      1) осы Қағиданың 4-тармағына сәйкес өтінішке қоса берілетін құжаттар мен мәліметтердің толық және дұрыс болған;
      2) газдандырылатын объектінің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мен нормативтік-техникалық құжаттарының талаптарына сәйкес келген;
      3) объектіні газдандырудың техникалық мүмкіндігі болғанда, оның ішінде, жаңа объектілерді қосу немесе қолданыстағы қуаттарды арттыру басқа тұтынушыларға көрсетілетін қызмет сапасын төмендетуге әкелмеген;
      4) желі болған жағдайда жүзеге асырылатын болады.
      8. Осы Қағиданың 7-тармағындағы талаптарының біреуіне сәйкес келмесе өтініш берушіге өтініш келіп түскен күнінен бастап мерзімі бес жұмыс күні ішінде бас тарту себептері көрсетілген жазбаша түрде дәлелді жауап жіберіледі.
      9. Техникалық шарттарда жабдықтың ұйғарынды қуаттылығы, саны, орналасуы және негізгі сипаттамалары көрсетіледі.
      10. Техникалық шарттар жобалау (жобалау-сметалық) құжаттама құрамында бекітілген құрылыстың нормативтік ұзақтығының бүкіл мерзімі ішінде қолданылады.
      11. Газбен жабдықтау жүйесі объектісінің бастапқы жобалық шешімі өзгерген жағдайда, техникалық шарт, олардың қолданылу кезеңі ішінде өтініш берушінің жаңа техникалық шартқа өтініші осы Қағидада белгіленген тәртіппен қызмет жеткізушіге беру арқылы өзгереді.
      12. Техникалық шартты олардың қолданылу кезеңі ішінде өзгерту қызмет жеткізушінің бастамасы бойынша өтініш берушінің келісімімен Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мен нормативтік-техникалық құжаттарының талаптары өзгертілген жағдайда жол беріледі.
      13. Қызмет жеткізуші берілген техникалық шарттардың есебін жүргізеді.
      14. Объект иесі ауысқан кезде мүдделі тараптардың бірі (иесі, сатып алушы, жалға алушы) сатып алу-сату (мүліктік жалдау) шарты жасалған күнінен бастап он күнтізбелік күн ішінде қызмет жеткізушіге иесінің ауысуы туралы хабарлайды және олардың өкілдерін белгіленген күні мен сағатта көрсеткіштерді, коммерциялық есепке алу аспаптарының қосылу схемасын тексеріп салыстыру үшін шақырады. Қызмет жеткізуші тиісті актіні жасайды және тұтынушыға сол жерде береді.
      Қызмет жеткізушіге иесінің ауысуы туралы хабарламамен бірге тараптардың баланстық тиістілігін және пайдалану жауапкершілігін бөлу актілерін қайта рәсімдеуге жібереді. Қайта рәсімделген актіні беру мерзімі хабарлама алған күнінен бастап үш жұмыс күнін құрайды.
      15. Техникалық шарттарды беру ақысыз жүзеге асырылады.

Об утверждении Правил выдачи технических условий на подключение к системам газоснабжения

Приказ Министра нефти и газа Республики Казахстан от 4 октября 2013 года № 180. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 20 ноября 2013 года № 8921. Утратил силу приказом Министра нефти и газа Республики Казахстан от 11 апреля 2014 года № 77

      Сноска. Утратил силу приказом Министра нефти и газа РК от 11.04.2014 № 77.

      В соответствии с пунктом 7 Правил розничной реализации и пользования товарным и сжиженным нефтяным газом, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 10 августа 2012 года № 1041, ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила выдачи технических условий на подключение к системам газоснабжения.
      2. Департаменту развития газовой промышленности Министерства нефти и газа Республики Казахстан (Брекешев С.А.) обеспечить государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан и его последующее опубликование в официальных средствах массовой информации в установленном законодательством порядке.
      3. Настоящий приказ вводится в действие по истечении тридцати календарных дней после его первого официального опубликования.

      Министр                                    У. Карабалин

СОГЛАСОВАНО
Первый вице-министр
регионального развития
Республики Казахстан
_____________ К. Ускенбаев
9 октября 2013 года

СОГЛАСОВАНО
Председатель Агентства
Республики Казахстан по
регулированию естественных
монополий
_____________ М. Оспанов
7 октября 2013 года

Утверждены          
приказом Министра нефти и газа
Республики Казахстан    
от 4 октября 2013 года № 180

Правила
выдачи технических условий на подключение
к системам газоснабжения

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила выдачи технических условий на подключение к системам газоснабжения (далее – Правила) разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан от 9 января 2012 года «О газе и газоснабжении» (далее – Закон), Правилами розничной реализации и пользования товарным и сжиженным нефтяным газом, утвержденными постановлением Правительства Республики Казахстан от 10 августа 2012 года № 1041, и устанавливают порядок выдачи технических условий на подключение к системам газоснабжения и мотивированного отказа в их выдаче.
      2. В настоящих Правилах используются следующие основные понятия:
      поставщик услуг – газораспределительная или газосетевая организация;
      технические условия – документ, выдаваемый газораспределительной или газосетевой организацией на строительство объектов системы газоснабжения, подключение потребителя в запрашиваемых (расчетных) параметрах, изменение первоначального проектного решения объекта системы газоснабжения.
      Иные термины и определения, используемые в настоящих Правилах, применяются в соответствии с Законом.

2. Выдача технических условий

      3. Технические условия выдаются поставщиком услуг в случаях:
      1) проектирования и последующего строительства новых объектов, присоединяемых к системам газоснабжения;
      2) увеличения объемов потребляемых услуг из действующей системы газоснабжения;
      3) реконструкции и/или перепрофилирования объекта, если это приведет к изменению объемов и характеристик потребляемых услуг.
      4. Для получения технических условий физическое или юридическое лицо (далее – заявитель) подает заявление в произвольной форме поставщику услуг с указанием объема максимального часового потребления.
      К заявлению прилагаются:
      1) копия удостоверения личности владельца объекта – для физических лиц, копия свидетельства или справка о государственной регистрации/перерегистрации – для юридических лиц;
      2) копия правоустанавливающего документа на недвижимое имущество, где расположен объект, либо нотариально заверенное согласие собственника недвижимого имущества на газификацию объекта;
      3) копия технического паспорта на газифицируемый объект (жилой дом) или копия эскизного проекта газификации на реконструкцию существующих (внутридомовых) сетей;
      4) топографическая съемка участка строительства в масштабе 1:500 (со всеми наземными и подземными коммуникациями и сооружениями), согласованная с соответствующими эксплуатирующими организациями;
      5) копия технического паспорта на газопотребляющее оборудование с указанием технических характеристик;
      6) схема расположения объекта;
      7) гидравлические расчеты на потребление природного газа на приготовление пищи, отопление, вентиляцию, кондиционирование, горячее водоснабжение при газификации многоэтажных домов – для юридических лиц.
      5. При необходимости определения производственных мощностей систем газоснабжения новых, расширяемых или реконструируемых объектов, поставщик услуг в течение трех рабочих дней со дня поступления заявления в соответствии с пунктом 4 настоящих Правил запрашивает материалы по установке приборов коммерческого учета, опросной лист, схемы отвода земельного участка.
      6. Срок выдачи технических условий поставщиком услуг – пять рабочих дней со дня поступления заявления в соответствии с пунктом 4 настоящих Правил.
      7. Выдача технических условий на подключение объектов к системам газоснабжения будет осуществляться при условии:
      1) полноты и достоверности документов и сведений, прилагаемых к заявлению согласно пункту 4 настоящих Правил;
      2) соответствия газифицируемого объекта требованиям нормативных правовых актов Республики Казахстан и нормативно–технических документов;
      3) наличия технической возможности газификации объекта, в том числе, если подключение новых объектов или увеличение существующих мощностей не приведет к ухудшению качества предоставляемых услуг другим существующим потребителям;
      4) наличия сетей.
      8. При несоответствии одному из требований пункта 7 настоящих Правил, заявителю в срок пять рабочих дней со дня поступления заявления направляется мотивированный ответ в письменном виде с указанием причин отказа.
      9. В технических условиях указываются допустимая мощность, количество, размещение и основные характеристики оборудования.
      10. Технические условия действуют в течение всего срока нормативной продолжительности строительства, утвержденной в составе проектной (проектно-сметной) документации.
      11. При изменении первоначального проектного решения объекта системы газоснабжения технические условия изменяются в течение периода их действия путем подачи заявителем заявления поставщику услуг на новые технические условия в порядке, установленном настоящими Правилами.
      12. Изменение технических условий в течение периода их действия по инициативе поставщика услуг допускается с согласия заявителя в случае изменения требований нормативных правовых актов Республики Казахстан и нормативных технических документов.
      13. Поставщик услуг ведет учет выданных технических условий.
      14. При смене владельца объекта одна из заинтересованных сторон (владелец, покупатель, арендатор) в течении десяти календарных дней со дня заключения договора купли-продажи (имущественного найма) уведомляет поставщика услуг о смене владельца и приглашает на определенный день и час их представителей для сверки показаний, схем присоединения приборов коммерческого учета. Поставщик услуг составляет и выдает на месте потребителю соответствующий акт.
      Вместе с уведомлением о смене владельца поставщику услуг направляются на переоформление акты разграничения балансовой принадлежности и эксплуатационной ответственности сторон. Срок выдачи переоформленного акта составляет три рабочих дня со дня получения уведомления.
      15. Выдача технических условий производится бесплатно.