«Астық туралы» 2001 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасы заңының 6-бабының 23) тармақшасына сәйкес, сондай-ақ «Мемлекеттiк ресурстарға 2013 жылғы егiннiң астығын сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 15 сәуiрдегi № 349 қаулысын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. 2013 жылғы өнімнен мемлекеттік астық ресурстарына облыстар бойынша астық сатып алу квоталары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Егіншілік департаменті (Буць А.А.) заңнамамен белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді және оны ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.
Министр А. Мамытбеков
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2013 жылғы 3 желтоқсандағы
№ 4-2/621
бұйрығымен бекітілген
2013 жылғы өнімнен мемлекеттік астық ресурстарына
облыстар бойынша астық сатып алу квоталары
Ескерту. Квота жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.12.2013 № 4-2/681 бұйрығымен.
Облыс атаулары |
Мемлекеттік ресурстарға астық сатып алу квотасының көлемі, мың тонна |
Ақмола |
65,8 |
Шығыс Қазақстан |
8,8 |
Қарағанды |
8,4 |
Қостанай |
46,9 |
Павлодар |
7,3 |
Солтүстік Қазақстан |
51,4 |
БАРЛЫҒЫ |
188,6 |