Ескерту. Күші жойылды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 09.12.2016 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) № 853 бұйрығымен.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 138-5-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Қоса беріліп отырған "Жердегі қызмет көрсету" кәсіптік стандарты бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Кадр және әкімшілік жұмыс департаменті (Е.Е. Хасенов):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, бұқаралық ақпараттар құралдарында ресми жариялануын, соның ішінде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында және Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының интранет-порталында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы "Әділет" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға көшірмесін жіберуді;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік тіркеу туралы және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға жіберу туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | А. Жұмағалиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрінің
міндетін атқарушы
_____________ Қ. Әбсаттаров
2013 жылғы "___" __________
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 20 қарашадағы № 912 бұйрығымен бекітілген |
"Жерде қызмет көрсету" кәсіби стандарты
1. Жалпы бөлім
1. "Жерде қызмет көрсету" кәсіби стандарты (бұдан әрі - КС) "Жерде қызмет көрсету" кәсіби қызмет саласындағы біліктілік деңгейіне, құзыретіне, мазмұнына, сапасына және еңбек жағдайларына қойылатын талаптарды анықтайды және:
1) еңбек саласы мен кәсіби білім беру саласының өзара қарым-қатынасын реттеуге;
2) даярлау, біліктілікті арттыру және кәсіби қайта даярлау бағдарламаларын әзірлеу талаптарын регламенттеуге;
3) персоналды аттестаттау және сертификаттау кезінде жұмысшылардың құзыреттерін бағалау талаптарын регламенттеуге арналған.
2. КС негізгі пайдаланушылары:
1) білім беру ұйымдарының түлектері, қызметкерлер;
2) ұйымдардың басшылары, ұйымдардың персоналын басқару бөлімшелерінің басшылары мен мамандары;
3) білім берудің мемлекеттік бағдарламаларын әзірлейтін мамандар;
4) мамандардың кәсіби даярлығын бағалау және біліктілігіне сәйкестігін растау саласындағы мамандар болып табылады.
3. КС негізінде біліктілік сипаттамалары, лауазымдық нұсқаулықтар, ұйымдардың үлгілік оқыту бағдарламалары, үлгілік оқыту жоспарлары, ұжымдық стандарттар әзірленеді.
4. Осы КС мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:
1) біліктілік – қызметкердің еңбек қызметінің белгілі бір түрі шеңберінде нақты функцияларды сапалы орындауға дайындығы;
2) біліктілік деңгейі – күрделілігі, еңбек қызметтерінің стандартты еместігі, жауапкершілігі және дербестілігі параметрлері бойынша жүктелетін қызметкерлердің құзыретіне қойылатын талаптар жиынтығы;
3) еңбек заттары – белгілі бір еңбек құралдарының көмегімен өнім жасау мақсатында қызметкердің іс-қимылы бағытталған зат;
4) еңбек құралдары – жұмысшының еңбек заттарын бастапқы күйден өнімге айналдыру үшін пайдаланатын құралдар;
5) еңбек қызметінің түрі – еңбек функциялары мен оларды орындауға қажетті құзыреттіктердің тұтас жиынымен құралған кәсіби қызмет саласының құрамдас бөлігі;
6) еңбек функциясы – бизнес-үдеріспен анықталатын және оларды орындауға қажетті құзыреттердің болуын болжамайтын еңбек қызметінің біріктірілген және дербес жиынтығын көрсететін еңбек қызметі түрлерінің бір бөлігі;
7) кәсіби қызмет саласы – жалпы интеграциялық негізі (міндеті, нысандары, технологиялары, соның ішінде еңбек құралдары ұқсас немесе жақын) бар және ұқсас еңбек функциялары мен оларды орындайтын құзыреттіліктерінің болжалды жиынынан тұратын саланың еңбек қызметі түрлерінің жиынтығы;
8) кәсіби стандарттың бірлігі – осы қызмет түрі үшін тұтас, аяқталған, қатысымды дербес және маңызды болып табылатын нақты еңбек функциясының ашық сипаттамасы тұратын кәсіби стандарттың құрылымдық элементі;
9) кәсіп – арнайы дайындықтың, жұмыс тәжірибесінің нәтижесінде пайда болған арнайы теориялық білім мен практикалық дағдылар кешенін білуді талап ететін еңбек қызметінің түрі;
10) құзыреттілік – еңбек қызметінде білімін, білігі және тәжірибесін қолдану қабілеті;
11) лауазым – лауазымдық уәкілеттіктер және лауазымдық міндеттер шеңберін жүктейтін жұмыс берушінің құрылымдық бірлігі;
12) міндет – нақты бір еңбек заттары мен құралдарын пайдалана отырып еңбек функциясын іске асырумен және нәтижеге қол жеткізумен байланысты іс-қимыл жиынтығы;
13) сала – өндіретін өнім, өндіріс технологиясы, негізгі қорлар мен жұмыс жасаушылардың кәсіби біліктері ортақ ұйымдар жиынтығы;
14) салалық біліктілік шеңбері (бұдан әрі - СБШ) – салада танылатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдық сипаттамасы;
15) ұлттық біліктілік шеңбері (бұдан әрі - ҰБШ) – еңбек нарығында танылатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдық сипаттамасы;
16) функционалдық карта – сол немесе өзге де кәсіби қызмет саласы шеңберінде белгілі бір қызмет түрін орындайтын жұмысшының еңбек функциялары мен міндеттерінің құрылымдық сипаттамасы.
2. КС паспорты
5. КС паспорты мынаны анықтайды:
1) экономикалық қызмет түрі (кәсіптік қызмет саласы):
Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуші (бұдан әрі – 03-2007 ҚР МЖ) "52.23 Әуе көлігі саласындағы қызметтер";
2) экономикалық қызмет түрінің (кәсіптік қызмет саласының) негізгі мақсаты:
әуе көлігімен тасымалдауға жататын қызметті қамтамасыз ету, әуеайлақтарда жерүсті қызмет көрсетуге байланысты қызметті қамтамасыз ету;
3) осы КС 1-қосымшасына сәйкес біліктілік деңгейлері бойынша еңбек қызметінің (кәсіптің) түрлері.
3. Еңбек қызметі түрлерінің (кәсіптің) карточкалары
1-параграф "Жолаушыларға қызмет көрсету бойынша маман"
6. Еңбек қызмет түрінің (кәсіптің) карточкасы мынадан тұрады:
1) біліктілік деңгейі: ҰБШ бойынша – 4, СБШ бойынша – 4;
2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыныптаушы базалық тобы бойынша (бұдан әрі – 01-2005 ҚР МЖ): 4221 "Жолаушылар әуе тасымалдауларына қызмет көрсетуді ұйымдастыру бойынша агент";
3) лауазымның (кәсіптің) ықтимал атаулары: жолаушылар авиа тасымалдауларына қызмет көрсетуді ұйымдастыру бойынша агент, билеттерге тапсырыстар қабылдау бойынша агент;
4) атқарылатын еңбек қызметінің жиынтық сипаттамасы - жолаушыларға сервистік қызмет көрсету үрдісін жүзеге асыру;
5) ықтимал жұмыс орындары, жұмысшының кәсіптік білімі мен оқуына қойылатын талаптар, біліктілікті растайтын сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшасының "Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Жолаушыларға қызмет көрсету бойынша маманның еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар" деген 1-кестесінде келтірілген.
2-параграф "Әуе кемесіне жерде қызмет көрсету бойынша маман"
7. Еңбек қызмет түрінің (кәсіптің) карточкасы мынадан тұрады:
1) біліктілік деңгейі: ҰБШ бойынша – 4, СБШ бойынша – 4;
2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыныптаушы базалық тобы бойынша (бұдан әрі – 01-2005 ҚР МЖ): 3145 "Әуеайлақ қызметінің технигі";
3) лауазымның (кәсіптің) ықтимал атаулары: әуеайлақ қызметінің технигі;
4) атқарылатын еңбек қызметінің жиынтық сипаттамасы - әуе кемесіне сервистік қызмет көрсету үрдісін жүзеге асыру;
5) ықтимал жұмыс орындары, жұмысшының кәсіптік білімі мен оқуына қойылатын талаптар, біліктілікті растайтын сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшасының "Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Әуе кемесіне жерде қызмет көрсету бойынша маманның еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар" деген 2-кестесінде келтірілген.
3-параграф "Әуе кемесіне жерде қызмет көрсету бойынша
ауысым бастығы"
8. Еңбек қызмет түрінің (кәсіптің) карточкасы мынадан тұрады:
1) біліктілік деңгейі: ҰБШ бойынша – 5, СБШ бойынша – 5;
2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыныптаушы базалық тобы бойынша (бұдан әрі – 01-2005 ҚР МЖ): 3145 "Әуеайлақ қызметінің технигі";
3) лауазымның (кәсіптің) ықтимал атаулары: менеджер, басқарушы;
4) атқарылатын еңбек қызметінің жиынтық сипаттамасы - әуе кемесіне сервистік қызмет көрсету үрдісін жүзеге асыру;
5) ықтимал жұмыс орындары, жұмысшының кәсіптік білімі мен оқуына қойылатын талаптар, біліктілікті растайтын сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшасының "Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Әуе кемесіне жерде қызмет көрсету бойынша ауысым бастығының еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар" деген 3-кестесінде келтірілген.
4. КС бірліктерінің тізбесі
9. КС бірліктерінің тізбесі осы КС 3-қосымшасының 1-3-кестелерінде келтірілген және шифр мен КС бірліктері атауларынан тұрады.
5. КС бірліктерінің сипаттамасы
10. КС бірліктерінің сипаттамасы осы КС 4-қосымшасының 1–3-кестелерінде келтірілген.
6. Осы КС негізінде берілетін сертификаттардың түрлері
11. Осы КС негізінде мамандардың кәсіптік дайындығын бағалау және біліктілік сәйкестігін растау саласындағы ұйымдармен сертификаттар беріледі.
12. Осы КС негізінде берілетін сертификаттардың түрлері сертификат алу үшін игеру қажет болатын осы КС 3-қосымшасында көзделген КС бірліктерінің тізбесіне сәйкес анықталады.
7. КС әзірлеушілері, келісу парағы, сараптамасы және тіркелуі
13. КС әзірлеушісі Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі болып табылады.
18. КС келісу парағы осы КС 5-қосымшасында келтірілген.
"Жерде қызмет көрсету кәсіби стандартына 1-қосымша |
Біліктілік деңгейлері бойынша
еңбек қызметінің (кәсібінің) түрлері
№ р/с | Қызмет түрінің атауы | Еңбек нарығының тенденцияларын ескерумен кәсіптің атауы | 01-2005 ҚР МЖ сәйкес кәсіптің атауы | ҰБШ біліктілік деңгейі | БТБА бойынша разряды |
1. | ӘК жерде қызмет көрсету | Жолаушыларға қызмет көрсету бойынша маман |
4221 Жолаушыларды әуе тасымалдауға қызмет көрсетуді ұйымдастыру бойынша агент; | 4 | - |
2. | ӘК жерде қызмет көрсету бойынша маман | 3145 Әуеайлақ қызметінің технигі | 4 | - | |
3. | ӘК жерде қызмет көрсету бойынша ауысым бастығы |
1226 Менеджер (басқарушы) (көлікте, байланыста, материалдық-техникалық жабдықтауда және өткізуде) | 5 | - |
Ескертпе: БТБА – жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы;
ӘК – әуе кемесі.
"Жерде қызмет көрсету кәсіби стандартына 2-қосымша 1-кесте |
1. Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары. Жолаушыларға қызмет
көрсету бойынша маманның еңбек жағдайларына, біліміне және
тәжірибесіне қойылатын талаптар
Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары (ұйымдар) | Авиациялық сала ұйымдары | |
Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары | Ауа райы жағдайлары (экстремалдық суық және ыстық, қатты жел, жаңбыр, қар және мұз); | |
Жұмысқа рұқсат берудің ерекше жағдайлары |
жасы – 18 жастан үлкен; | |
СБШ біліктілік деңгейі | Кәсіби білім алу және оқыту деңгейі | Талап етілетін жұмыс тәжірибесі |
4 | Техникалық және кәсіби білім | Авиациядағы жұмыс өтілі 3 айдан кем емес |
2-кесте
2. Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары. Әуе кемесіне қызмет
көрсету бойынша маманның еңбек жағдайларына, біліміне және
тәжірибесіне қойылатын талаптар
Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары (ұйымдар) | Авиациялық сала ұйымдары | |
Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары |
Авиациялық қозғалтқыштардың шектік-рұқсат етілетін деңгейлерден асатын шуылдар; | |
Жұмысқа рұқсат берудің ерекше жағдайлары |
Жасы – 18-ден жоғары. | |
СБШ біліктілік деңгейі | Кәсіби білім алу және оқыту деңгейі | Талап етілетін жұмыс тәжірибесі |
4 | Техникалық және кәсіби білім | Авиациядағы жұмыс өтілі 3 айдан кем емес |
3-кесте
3. Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары. Әуе кемесіне жерүсті
қызмет көрсету бойынша ауысым бастығының еңбек жағдайларына,
біліміне және тәжірибесіне қойылатын талаптар
Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары (ұйымдар) | Авиациялық сала кәсіпорындары | |
Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары |
Қосылып тұрған авиақозғалтқыштардың шектік рұқсат етілген деңгейлерден асатын шуылдары; | |
Жұмысқа рұқсат берудің ерекше жағдайлары |
Жасы 18-ден жоғары; | |
СБШ біліктілік деңгейі | Кәсіби білім алу және оқыту деңгейі | Талап етілетін жұмыс тәжірибесі |
5 | Техникалық және кәсіби білім | ҰБШ 4-деңгейінде (әуе акемесіне жерде қызмет көрсету бойынша маман) кемінде 3 жыл жұмыс өтілі |
"Жерде қызмет көрсету" кәсіби стандартына 3-қосымша |
КС бірліктерінің тізімі
1-кесте
"Жолаушыларға қызмет көрсету бойынша маман" еңбек қызметінің
(кәсіптің) түрі
Шифр | Еңбек функциясының (кәсіби стандарт бірлігінің) атауы |
Ф 1 | Сервис ұсыну |
2-кесте
2. "Әуе кемесіне жерүсті қызмет көрсету бойынша маман" еңбек қызметінің (кәсібінің) түрі
Шифр | Еңбек функциясының (кәсіби стандарт бірлігінің) атауы |
Ф 1 | ӘК жерүсті қызмет көрсету |
3-кесте
3. Еңбек қызметінің (кәсібінің) түрі
"Әуе кемесіне жерүсті қызмет көрсету бойынша ауысым бастығы"
Шифр | Еңбек функциясының (кәсіби стандарт бірлігінің) атауы |
Ф 1 | ӘК жерүсті қызмет көрсету |
Ескертпе: Ф – функция.
"Жерде қызмет көрсету" кәсіби стандартына 4-қосымша |
КС бірліктерінің сипаты
1-кесте
1. "Жолаушыларға қызмет көрсету бойынша маман" еңбек қызметінің
(кәсібінің) түрі
Шифр | Еңбек заттары | Еңбек құралдары | Міндеттер | Шеберлігі және дағдылары | Білімі |
Ф 1 | Ақпараттық бағдарламалық қамтамасыз ету, брондаудың электрондық жүйелері | Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылдың 31 желтоқсан-дағы № 1512 "Қазақстан Республикасының әуежайларында жолаушыларға қызмет көрсетуді ұйымдастыру ережелерін бекіту туралы" Қаулысымен бекітілген Жолаушыларға қызмет көрсету ережелері" және құжаттармен жұмыс | М 1-1 Әуе кемесіне сервистік қызмет көрсету |
Жолаушыларды тіркеу машықтары; |
Авиациялық сала бойынша жерде қызмет көрсетуге қатысты нормативтік-құқықтық базаны білу; |
2-кесте
2. "Әуе кемесіне жерүсті қызмет көрсету бойынша маман" еңбек
қызметінің (кәсібінің) түрі
Шифр | Еңбек заттары | Еңбек құралдары | Міндеттер | Шеберлігі және дағдылары | Білімі |
Ф 1 | ӘК | ӘК қызмет көрсету барысындағы арнайы техника, жабдықтар, тетіктер, құралдар. | М 1-1 Әуе кемесіне сервистік қызмет көрсету |
ӘК сервистік қызмет көрсету |
Авиациялық сала бойынша жерде қызмет көрсетуге қатысты нормативтік-құқықтық базаны білу; |
экипаж кабинасымен байланыс жасауды жүргізу машықтары; |
3-кесте
3. "Әуе кемесіне жерде қызмет көрсету бойынша ауысым бастығы"
еңбек қызметінің (кәсібінің) түрі
Шифр | Еңбек заттары | Еңбек құралдары | Міндеттер | Шеберлігі және дағдылары | Білімі |
Ф 1 | ӘК | Әуе компаниясының жерде қызмет көрсету саласындағы ережелері; | М 1-1 ӘК қызмет көрсету |
Жерүсті электр қуаты көзінің ажыратқышын ӘК-не/-нен қосу/сөндіру машықтары; |
Авиациялық сала бойынша жерде қызмет көрсетуге қатысты нормативтік-құқықтық базаны білу; |
ӘК-іне сервистік қызмет көрсету барысындағы арнайы техника, жабдықтар, тетіктер, құралдар |
жасау машықтары; |
Әуе кемесіне қызмет көрсету жосықтарын білу; |
Ескертпе: М – міндет.
"Жерде қызмет көрсету" кәсіби стандартына 5-қосымша |
Келісу парағы
Ұйым атауы | Келісу күні |
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі |
Осы КС ____________________________________________________ тіркелді.
Кәсіптік стандарттардың реестріне № _______________________ тіркелді.
Хат (хаттама) № ___________ Күні