Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 25.02.2016 № 224 бұйрығымен.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 138-5-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған «Жолаушылар вагондарын қарау және жөндеу» кәсіби стандарты бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Кадр және әкімшілік жұмыс департаменті (Е.Е. Хасенов):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, бұқаралық ақпараттар құралдарында ресми жариялануын, соның ішінде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік органдарының интранет-порталында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы «Әділет» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға көшірмесін жіберуді;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік тіркеу туралы және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға жіберу туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министрдің С. Сарсенов
міндетін атқарушы
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрінің
міндетін атқарушы
_____________ Қ. Әбсаттаров
2013 жылғы 04 қараша
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация министрінің
2013 жылғы «29 қарашадағы № 962
бұйрығымен бекітілген
«Жолаушылар вагондарын қарау және жөндеу» кәсіби стандарты
1. Жалпы бөлім
1. «Жолаушылар вагондарын қарау және жөндеу» кәсіби стандарты (бұдан әрі – КС) «Әр түрлі көлік жабдықтарына техникалық қызмет көрсету, жөндеу» кәсіби қызмет саласындағы біліктілік деңгейіне, құзыретіне, мазмұнына, сапасына және еңбек жағдайларына қойылатын талаптарды анықтайды және:
1) еңбек саласы мен кәсіби білім беру саласының өзара қарым-қатынасын реттеуге;
2) даярлау, біліктілікті арттыру және кәсіби қайта даярлау бағдарламаларын әзірлеу талаптарын регламенттеуге;
3) персоналды аттестаттау және сертификаттау кезінде жұмысшылардың құзыреттерін бағалау талаптарын регламенттеуге арналған.
2. КС негізгі пайдаланушылары:
1) білім беру ұйымдарының түлектері, қызметкерлер;
2) ұйымдардың басшылары, ұйымдардың персоналын басқару бөлімшелерінің басшылары мен мамандары;
3) білім берудің мемлекеттік бағдарламаларын әзірлейтін мамандар;
4) мамандардың кәсіби даярлығын бағалау және біліктілігіне сәйкестігін растау саласындағы мамандар болып табылады.
3. КС негізінде біліктілік сипаттамалары, лауазымдық нұсқаулықтар, ұйымдардың үлгілік оқыту бағдарламалары, үлгілік оқыту жоспарлары, ұжымдық стандарттар әзірленеді.
4. Осы КС мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:
1) біліктілік – қызметкердің еңбек қызметінің белгілі бір түрі шеңберінде нақты функцияларды сапалы орындауға дайындығы;
2) біліктілік деңгейі – күрделілігі, еңбек қызметтерінің стандартты еместігі, жауапкершілігі және дербестілігі параметрлері бойынша жүктелетін қызметкерлердің құзыретіне қойылатын талаптар жиынтығы;
3) еңбек заттары – белгілі бір еңбек құралдарының көмегімен өнім жасау мақсатында қызметкердің іс-қимылы бағытталған зат;
4) еңбек құралдары – жұмысшының еңбек заттарын бастапқы күйден өнімге айналдыру үшін пайдаланатын құралдар;
5) еңбек қызметінің түрі – еңбек функциялары мен оларды орындауға қажетті құзыреттіктердің тұтас жиынымен құралған кәсіби қызмет саласының құрамдас бөлігі;
6) еңбек функциясы – бизнес-үдеріспен анықталатын және оларды орындауға қажетті құзыреттердің болуын болжамайтын еңбек қызметінің біріктірілген және дербес жиынтығын көрсететін еңбек қызметі түрлерінің бір бөлігі;
7) кәсіби қызмет саласы – жалпы интеграциялық негізі (міндеті, нысандары, технологиялары, соның ішінде еңбек құралдары ұқсас немесе жақын) бар және ұқсас еңбек функциялары мен оларды орындайтын құзыреттіліктерінің болжалды жиынынан тұратын саланың еңбек қызметі түрлерінің жиынтығы;
8) кәсіби стандарттың бірлігі – осы қызмет түрі үшін тұтас, аяқталған, қатысымды дербес және маңызды болып табылатын нақты еңбек функциясының ашық сипаттамасы тұратын кәсіби стандарттың құрылымдық элементі;
9) кәсіп – арнайы дайындықтың, жұмыс тәжірибесінің нәтижесінде пайда болған арнайы теориялық білім мен практикалық дағдылар кешенін білуді талап ететін еңбек қызметінің түрі;
10) құзыреттілік – еңбек қызметінде білімін, білігі және тәжірибесін қолдану қабілеті;
11) лауазым – лауазымдық уәкілеттіктер және лауазымдық міндеттер шеңберін жүктейтін жұмыс берушінің құрылымдық бірлігі;
12) міндет – нақты бір еңбек заттары мен құралдарын пайдалана отырып еңбек функциясын іске асырумен және нәтижеге қол жеткізумен байланысты іс-қимыл жиынтығы;
13) сала – өндіретін өнім, өндіріс технологиясы, негізгі қорлар мен жұмыс жасаушылардың кәсіби біліктері ортақ ұйымдар жиынтығы;
14) салалық біліктілік шеңбері (бұдан әрі - СБШ) – салада танылатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдық сипаттамасы;
15) ұлттық біліктілік шеңбері (бұдан әрі - ҰБШ) – еңбек нарығында танылатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдық сипаттамасы;
16) функционалдық карта – сол немесе өзге де кәсіби қызмет саласы шеңберінде белгілі бір қызмет түрін орындайтын жұмысшының еңбек функциялары мен міндеттерінің құрылымдық сипаттамасы.
2. КС паспорты
5. КС паспорты мынаны анықтайды:
1) экономикалық қызмет түрі (кәсіптік қызмет саласы):
Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші (бұдан әрі - 03-2007 ҚР МЖ) 33.17 «Әр түрлі көлік жабдықтарына техникалық қызмет көрсету, жөндеу»;
2) экономикалық қызмет түрінің (кәсіптік қызмет саласының) негізгі мақсаты:
жолаушылар вагонын тексеру және жөндеу;
3) осы КС 1-қосымшасына сәйкес біліктілік деңгейлері бойынша еңбек қызметінің (кәсіптің) түрлері.
3. Еңбек қызметі түрлерінің (кәсіптің) карточкалары
1-параграф «Вагондарға техникалық қызмет көрсету
бекеті бастығы»
6. Еңбек қызмет түрінің (кәсіптің) карточкасы мынадан тұрады:
1) біліктілік деңгейі: ҰБШ бойынша – 5; СБШ бойынша – 5;
2) Қазақстан Республикасының кәсіптердің мемлекеттік жіктегіші (бұдан әрі - ҚР 01-2005 МЖ) бойынша базалық тобы: 1226 «Көлік және байланыс ұйымдарындағы, материалды-техникалық жабдық және өтімдердегі мамандандырылған (өндірістік-пайдалану) бөлімшелер (қызмет орны) басшылары»;
3) лауазымның (кәсіптің) ықтимал атаулары: вагондарға техникалық қызмет көрсету бекеті бастығы;
4) атқарылатын еңбек қызметінің жиынтық сипаттамасы - жүк вагондарды жөндеу-тексеру бригадасының (тобының) тексеру және жөндеу жұмыстарын орындауын басқару;
5) ықтимал жұмыс орындары, жұмысшының кәсіби білімі мен оқуына қойылатын талаптар, біліктілікті растайтын сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшасының «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Вагондарға техникалық қызмет көрсету бекеті бастығының еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» деген 1-кестесінде келтірілген.
2-параграф «Техникалық қызмет көрсету бекеті шебері»
7. Еңбек қызмет түрінің (кәсіптің) карточкасы мынадан тұрады:
1) біліктілік деңгейі: ҰБШ бойынша – 5; СБШ бойынша – 5;
2) Қазақстан Республикасының кәсіптердің мемлекеттік жіктегіші (бұдан әрі - ҚР 01-2005 МЖ) бойынша базалық тобы: 1226 «Көлік және байланыс ұйымдарындағы, материалды-техникалық жабдық және өтімдердегі мамандандырылған (өндірістік-пайдалану) бөлімшелер (қызмет орны) басшылары»;
3) лауазымның (кәсіптің) ықтимал атаулары: техникалық қызмет көрсету бекеті шебері;
4) атқарылатын еңбек қызметінің жиынтық сипаттамасы - жүк техникалық қызмет көрсету бекеттері қызметкерлерінің жұмыстарын тіркеу;
5) ықтимал жұмыс орындары, жұмысшының кәсіби білімі мен оқуына қойылатын талаптар, біліктілікті растайтын сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшасының «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Техникалық қызмет көрсету бекеті шеберінің еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» деген 2-кестесінде келтірілген.
3-параграф «Техникалық қызмет көрсету бекеті операторы»
8. Еңбек қызмет түрінің (кәсіптің) карточкасы мынадан тұрады:
1) біліктілік деңгейі: ҰБШ бойынша – 5; СБШ бойынша – 5;
2) Қазақстан Республикасының кәсіптердің мемлекеттік жіктегіші (бұдан әрі - ҚР 01-2005 МЖ) бойынша базалық топ: 7511 «Теміржол көлігінің механизмдері мен жолдық машиналарды жөндеу және қызмет көрсету бойынша жұмысшылар кәсіптері»;
3) лауазымның (кәсіптің) ықтимал атаулары: техникалық қызмет көрсету бекеті операторы;
4) атқарылатын еңбек қызметінің жиынтық сипаттамасы - жүк вагон паркінің техникалық жағдайын тексеру, жолаушылар вагонына техникалық қызмет көрсету және жабдықталуын бақылауды жүзеге асыру;
5) ықтимал жұмыс орындары, жұмысшының кәсіби білімі мен оқуына қойылатын талаптар, біліктілікті растайтын сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшасының «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Техникалық қызмет көрсету бекеті операторының еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» деген 3-кестесінде келтірілген.
4-параграф «Нұсқаушы (автотежеуіш пен букстік торап бойынша,
өндірістік-техникалық оқу бойынша)»
9. Еңбек қызмет түрінің (кәсіптің) карточкасы мынадан тұрады:
1) біліктілік деңгейі: ҰБШ бойынша – 5; СБШ бойынша – 5;
2) Қазақстан Республикасының кәсіптердің мемлекеттік жіктегіші (бұдан әрі - ҚР 01-2005 МЖ) бойынша базалық тобы: 2359 «Басқа топтарға кірмеген, оқыту бойынша мамандар»
3) лауазымның (кәсіптің) ықтимал атаулары: нұсқаушы (автотежеуіш пен букстік торап бойынша, өндірістік-техникалық оқу бойынша);
4) атқарылатын еңбек қызметінің жиынтық сипаттамасы - тәртіп пен поезд қозғалысы қауіпсіздігі деңгейін одан әрі арттыруға бағытталған жұмыстардың айлық жоспарын құру және жүзеге асыру;
5) ықтимал жұмыс орындары, жұмысшының кәсіби білімі мен оқуына қойылатын талаптар, біліктілікті растайтын сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшасының «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Нұсқаушының (автотежеуіш пен букстік торап бойынша, өндірістік-техникалық оқу бойынша) еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» деген 4-кестесінде келтірілген.
5-параграф «Жылжымалы құрамды жуып-тазалаушы»
10. Еңбек қызмет түрінің (кәсіптің) карточкасы мынадан тұрады:
1) біліктілік деңгейі: ҰБШ бойынша – 2-3; СБШ бойынша – 2-3;
2) Қазақстан Республикасының кәсіптердің мемлекеттік жіктегіші (бұдан әрі - ҚР 01-2005 МЖ) бойынша базалық тобы: 7511 «Теміржол көлігі жол машиналары мен механизмдеріне қызмет көрсету және жөндеу бойынша жұмысшылар кәсіптері»;
3) лауазымның (кәсіптің) ықтимал атаулары: жылжымалы құрамды жуып-тазалаушы;
4) атқарылатын еңбек қызметінің жиынтық сипаттамасы - жылжымалы құрамды, аумақты тазалау, үрлеу, сүрту, жинау, жуу жұмыстары;
5) ықтимал жұмыс орындары, жұмысшының кәсіби білімі мен оқуына қойылатын талаптар, біліктілікті растайтын сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшасының «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Жылжымалы құрамды жуып-тазалаушының еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» деген 5-кестесінде келтірілген.
6-параграф «Дизельді қондырғы механигі»
11. Еңбек қызмет түрінің (кәсіптің) карточкасы мынадан тұрады:
1) біліктілік деңгейі: ҰБШ бойынша – 4; СБШ бойынша – 4;
2) Қазақстан Республикасының кәсіптердің мемлекеттік жіктегіші (бұдан әрі - ҚР 01-2005 МЖ) бойынша базалық тобы: 3115 «Техниктер-механиктер»;
3) лауазымның (кәсіптің) ықтимал атаулары: дизельді қондырғы механигі;
4) атқарылатын еңбек қызметінің жиынтық сипаттамасы - бекітілген мерзімде және толық көлемде дұрыс техникалық қызмет көрсету және жабдық кемшіліктерін анықтау және жою;
5) ықтимал жұмыс орындары, жұмысшының кәсіби білімі мен оқуына қойылатын талаптар, біліктілікті растайтын сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшасының «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Дизель қондырғы механигінің еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» деген 6-кестесінде келтірілген.
4. КС бірліктерінің тізімі
12. КС бірліктерінің тізімі осы КС 3-қосымшасының 1- 6-кестелерінде келтірілген және шифр мен КС бірліктері атауларынан тұрады.
5. КС бірліктерінің сипаттамасы
13. КС бірліктерінің сипаттамасы осы КС 4-қосымшасының 1- 6-кестелерінде келтірілген.
6. Осы КС негізінде берілетін сертификаттардың түрлері
14. Осы КС негізінде мамандардың кәсіптік дайындығын бағалау және біліктілік сәйкестігін растау саласындағы ұйымдармен сертификаттар беріледі.
15. Осы КС негізінде берілетін сертификаттың түрлері сертификат алу үшін игеру қажет болатын осы КС 3-қосымшасында көзделген КС бірліктерінің тізіміне сәйкес анықталады.
7. КС әзірлеушілері, келісу парағы, сараптамасы және тіркелуі
16. КС әзірлеушісі Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі болып табылады.
17. КС келісу парағы осы КС 5-қосымшасында келтірілген.
«Жолаушылар вагондарын
қарау және жөндеу»
кәсіби стандартына
1-қосымша
Біліктілік деңгейлері бойынша еңбек қызметінің
(кәсіптің) түрлері
№ |
Қызмет түрінің атауы |
Еңбек нарығының үрдісі ескерілген кәсіп атауы |
ҚР МЖ 01-2005 сәйкес кәсіп атауы |
СБШ біліктілік деңгейлері |
БТБА бойынша разряды |
1 |
Техникалық қызмет көрсету бекеттеріндегі вагондарды жөндеу-тексеру бригадасының (тобының) тексеру және жөндеу жұмыстарын орындауын басқару |
Вагондарға техникалық қызмет көрсету бекеті бастығы |
Бекет бастығы (көлікте) |
5 |
- |
2 |
Техникалық қызмет көрсету бекеттері қызметкерлерінің жұмыстарын тіркеу |
Техникалық қызмет көрсету бекеті шебері |
Жөндеу-тұрақ бекеті шебері |
4 |
1 |
3 |
Вагон паркінің техникалық жағдайын тексеру. Жолаушылар вагонына техникалық қызмет көрсету және жабдықталуын бақылауды жүзеге асыру |
Техникалық қызмет көрсету бекеті операторы |
Вагон мен контейнерлерге қызмет көрсету және жөндеу операторы |
3 |
- |
4 |
Тәртіп пен поезд қозғалысы қауіпсіздігі деңгейін одан әрі арттыруға бағытталған жұмыстардың айлық жоспарын құру және жүзеге асыру |
Нұсқаушы (автотежеуіш пен букстік торап бойынша, өндірістік-техникалық оқу бойынша) |
Нұсқаушы |
4 |
1 |
5 |
Жылжымалы құрамды, аумақты тазалау, үрлеу, сүрту, жинау, жуу. |
Жылжымалы құрамды жуып-тазалаушы |
Жылжымалы құрамды жуып-тазалаушы |
2-3 |
1-4 |
6 |
Бекітілген мерзімде және толық көлемде дұрыс техникалық қызмет көрсету және жабдық кемшіліктерін анықтау және жою |
Дизельді қондырғы механигі |
Дизельді, тоңазытқыш қондырғы механигі |
4 |
1 |
Ескертпе: БТБА – Қазақстан Республикасының жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы, 52-шығарылым, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 3 қыркүйектегі № 426-ө-м бұйрығымен бекітілген.
«Жолаушылар вагондарын
қарау және жөндеу»
кәсіби стандартына
2-қосымша
1-кесте
Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары. Вагондарға техникалық
қызмет көрсету бекеті бастығының еңбек жағдайына, білімі
және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар
Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары (ұйымдар) |
Теміржол станциялары және кіреберіс жолдары |
|
Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары |
- |
|
Жұмыс істеуге рұқсат берудің ерекше жағдайлары |
Медициналық шектеулер: Қазақстан Республикасының Заңнамасы бойынша |
|
СБШ біліктілік деңгейі |
Кәсіби білімі мен оқу деңгейі |
Талап етілетін жұмыс тәжірибесі |
5 |
Техникалық және кәсіптік білім (немесе орта білімнен соң), қосымша кәсіптік білім бағдарламалары, практикалық тәжірибе |
Кемінде 3 жыл |
Жоғары кәсіптік (техникалық) білім, практикалық жұмыс тәжірибесі |
Кемінде 1 жыл |
2-кесте
2. Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары. Техникалық қызмет
көрсету бекеті шебердің еңбек жағдайына, білімі және жұмыс
тәжірибесіне қойылатын талаптар
Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары (ұйымдар) |
Теміржол станциялары және кіреберіс жолдары |
|
Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары |
- |
|
Жұмыс істеуге рұқсат берудің ерекше жағдайлары |
Медициналық шектеулер: Қазақстан Республикасының Заңнамасы бойынша |
|
СБШ біліктілік деңгейі |
Кәсіби білімі мен оқу деңгейі |
Талап етілетін жұмыс тәжірибесі |
5 |
Техникалық және кәсіптік білім (немесе орта білімнен соң), қосымша кәсіптік білім бағдарламалары, практикалық тәжірибе |
Кемінде 3 жыл |
Жоғары кәсіптік (техникалық) білім, практикалық жұмыс тәжірибесі |
Жұмыс өтіліне талап қойылмайды |
3-кесте
3. Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары. Техникалық қызмет
көрсету бекеті операторының жағдайына, білімі және жұмыс
тәжірибесіне қойылатын талаптар
Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары (ұйымдар) |
Техникалық қызмет көрсету бекеті |
|
Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары |
- |
|
Жұмыс істеуге рұқсат берудің ерекше жағдайлары |
Медициналық шектеулер: Қазақстан Республикасының Заңнамасы бойынша |
|
СБШ біліктілік деңгейі |
Кәсіби білімі мен оқу деңгейі |
Талап етілетін жұмыс тәжірибесі |
3 |
Практикалық тәжірибесіз жалпы орта білім немесе негізгі орта білімі базасында кәсіптік білім және техникалық немесе жалпы орта білім болғанда кәсіптік дайындық (бір жылға дейінгі бағдарлама бойынша кәсіптік дайындық базасында ұйымдастыру курстары немесе кәсіпорындағы білім) және/немесе практикалық тәжірибе. |
Кемінде 2 жыл |
4-кесте
4-Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары. Нұсқаушының
(автотежеуіш пен букстік торап бойынша, өндірістік-техникалық
оқу бойынша) еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне
қойылатын талаптар
Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары (ұйымдар) |
Техникалық қызмет көрсету бекеті |
|
Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары |
- |
|
Жұмыс істеуге рұқсат берудің ерекше жағдайлары |
Медициналық шектеулер: Қазақстан Республикасының Заңнамасы бойынша |
|
СБШ біліктілік деңгейі |
Кәсіби білімі мен оқу деңгейі |
Талап етілетін жұмыс тәжірибесі |
5 |
Қосымша кәсіптік дайындықты техникалық және кәсіптік білім практикалық тәжірибе |
Кемінде 2 жыл |
Жоғары кәсіптік (техникалық) білім, практикалық жұмыс тәжірибесі |
Жұмыс өтіліне талап қойылмайды |
5-кесте
5. Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары. Жылжымалы құрамды
жуып-тазалаушының еңбек жағдайына, білімі және жұмыс
тәжірибесіне қойылатын талаптар
Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары (ұйымдар) |
Теміржол жылжымалы құрамы, дезинфекциялық-жуу станциялары мен бекеттері аумақтары, вагондарды кешенді дайындау бекетті |
|
Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары |
Мүмкін зиянды жағдайлар – тозаңдылық, газдылық, вибрация |
|
Жұмыс істеуге рұқсат берудің ерекше жағдайлары |
Медициналық шектеулер: Қазақстан Республикасының Заңнамасы бойынша |
|
СБШ біліктілік деңгейі |
Кәсіби білімі мен оқу деңгейі |
Талап етілетін жұмыс тәжірибесі |
2 |
Негізгі орта білімнен төмен емес, жалпы орта білімнің бар болуы кезіндегі практикалық тәжірибе және/не кәсіптік дайындық (ұйым базасындағы қысқа мерзімді курстар, кәсіпорындағы білім не оқу) |
Жұмыс өтіліне талап қойылмайды |
3 |
Жалпы орта білім не техникалық және кәсіптік орта білімнің бар болуы кезіндегі практикалық тәжірибе және/не кәсіптік дайындық (бір жылға дейінгі кәсіптік дайындық бағдарламалары бойынша курстар немесе кәсіпорындағы оқулар) |
2 деңгейде 2 жыл |
6-кесте
6. Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары. Дизельді қондырғы
механигінің еңбек жағдайына, білімі және жұмыс
тәжірибесіне қойылатын талаптар
Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары (ұйымдар) |
Дизелдік қондырғы, вагон |
|
Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары |
Мүмкін зиянды жағдайлар – шудың жоғары деңгейі, вибрация, жұмыс аймағындағы ауаның жоғары газдылығы |
|
Жұмыс істеуге рұқсат берудің ерекше жағдайлары |
Медициналық шектеулер: Қазақстан Республикасының Заңнамасы бойынша |
|
СБШ біліктілік деңгейі |
Кәсіби білімі мен оқу деңгейі |
Талап етілетін жұмыс тәжірибесі |
4 |
Қосымша кәсіптік дайындықты техникалық және кәсіптік білім, практикалық тәжірибе |
Кемінде 1 жыл |
«Жолаушылар вагондарын
қарау және жөндеу»
кәсіби стандартына
3-қосымша
КС бірліктерінің тізімі
1-кесте
1. «Вагондарға техникалық қызмет көрсету бекеті бастығы»
еңбек қызметінің (кәсіптің) түрі
Шифр |
Еңбек функциясының (кәсіби стандарт бірлігінің) атауы |
1 Ф |
Вагондарды жөндеу және техникалық қызмет көрсету жұмыстарын орындау сапасын бақылау |
2 Ф |
Жұмысшылардың еңбекті қорғау ережесі мен нормаларын және қауіпсіздік техникасын сақтауын бақылау |
2-кесте
2. «Техникалық қызмет көрсету бекеті шебері» еңбек қызметінің
(кәсіптің) түрі
Шифр |
Еңбек функциясының (кәсіби стандарт бірлігінің) атауы |
1 Ф |
Құрылымдағы уақытылы ауыстырылымдар туралы хабарлау, журналдар жүргізу және мәлімдемелер рәсімдеу, нұсқама жүргізу |
2 Ф |
Техникалық қызмет көрсету бекеттері қызметкерлерінің жұмыстарын тіркеу |
3-кесте
3. «Техникалық қызмет көрсету бекеті операторы» еңбек
қызметінің (кәсіптің) түрі
Шифр |
Еңбек функциясының (кәсіби стандарт бірлігінің) атауы |
1 Ф |
Вагон паркінің, жолаушылар вагондарының, құрал-саймандар мен құрылғылардың техникалық күйін есепке алу |
2 Ф |
Жолаушылар вагондардың жабдықтары мен техникалық қызмет көрсету графигін орындауды бақылауды іске асыру. Журналдарға жазбаларды жазу |
4-кесте
4. «Нұсқаушы (автотежеуіш пен букстік торап бойынша,
өндірістік-техникалық оқу бойынша)» еңбек қызметінің
(кәсіптің) түрі
Шифр |
Еңбек функциясының (кәсіби стандарт бірлігінің) атауы |
1 Ф |
Поезд қозғалысының қауіпсіздігі мен алдағы тәртіп деңгейін жоғарылатуға бағытталған, шараларды іске асыру және жұмыс жоспарларын құрастыр |
2 Ф |
Мерзімді нұсқамалар, техникалық және практикалық сабақтар жүргізу |
5-кесте
5. «Жылжымалы құрамды жуып-тазалаушы» еңбек қызметінің
(кәсіптің) түрі
Шифр |
Еңбек функциясы атауы (кәсіптік стандарттың бірліктері) |
1 Ф |
Жылжымалы құрамды тазалау, сүрту, жинау, жуу |
2 Ф |
Ерітінді дайындау, жұмыс режимін реттеу, аумақты тазалау |
6-кесте
6. «Дизельді қондырғы механигі» еңбек қызметінің
(кәсіптің) түрі
Шифр |
Еңбек функциясының (кәсіби стандарт бірлігінің) атауы |
1 Ф |
Техникалық құжаттамаларды жүргізу. Вагондарды тіркеу және ажырату, вагондарды қабылдауға, оның құрылғыларын жөндеуден алуына қатысу |
2 Ф |
Вагонды қарау және техникалық қызмет көрсетуді жүргізуді бақылау |
Ескерту: Ф – функция.
«Жолаушылар вагондарын
қарау және жөндеу»
кәсіби стандартына
4-қосымша
КС бірліктерінің сипаттамасы
1-кесте
«Вагондарға техникалық қызмет көрсету бекеті бастығы»
еңбек қызметінің (кәсібінің) түрі
Шифр |
Еңбек заттары |
Еңбек құралдары |
Міндеттер |
Шеберлігі және дағдылары |
Білімі |
1 Ф |
Вагондар, поездар |
Техникалық құжаттар |
1-1 М Вагонды жөндеу сапасын жақсарту бойынша шаралар мен ұсыныстарды әзірлеуге қатысу. Поездардың кешігу жағдайларында және вагондардың жүрісі кезінде ақауларға байланысты ағыту жағдайларын тергеуге қатысу |
Вагонды жөндеу сапасын жақсарту бойынша жұмыстарды орындауды, поездардың кешігу жағдайларын тергеуді бақылау және түзету. Өндірістік зақымданушылық себептерін талдау, өзіндік талдау дағдысы |
Теміржолды техникалық пайдалану, теміржолдағы сигнал беру жүйесі, теміржолдардағы поездар қозғалысы мен маневрлік жұмыстар, вагондарды технологиялық қызмет көрсету бекетті бастығының жұмысын реттеуші әдістемелік, нормативтік және басқа да басқарма мәліметтері, вагондарды тексеру және жөндеу бойынша технологиялық процесстер, теміржол көлігіндегі өндіріспен байланысты жазатайым оқиғаларды тергеу және есепке алу тәртібі, экономика, өндіріс, еңбек және басқарма негіздері, еңбек заңнамасы негіздері, ішкі еңбек тәртібі, теміржол көлігі жұмысшыларының жұмыс уақыты және демалыс уақыты, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі туралы білім. Вагондар мен контейнерлерді жүйелік талдау және сапасын бақылауды жобалау әдістемесі, жұмысшылардың еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасын сақтауы туралы, басқармалық шешімдерді қабылдау әдістері, командамен жұмыс туралы білім |
Вагондар, контейнерлер, қосалқы бөлшектер мен тетіктер |
Вагондарды тексеру және жөндеу бойынша құжаттар |
1-2 М Вагондарды техникалық қызмет көрсету бекеттерінде тексеру және жөндеу жұмыстарын басқару. Қосалқы бөлшектер мен тетіктердің бар болуын және пайдаланылуын бақылау |
Вагондар мен контейнерлерге техникалық қызмет көрсету бекеттерінде тексеріс және жөндеу жұмыстарын жүргізуді бақылау және түзету |
||
2 Ф |
Вагондар |
Кадрлар бойынша құжаттар |
2.1 М: Вагондарға техникалық қызмет көрсету бекеттеріндегі жұмысшылар жұмысын үйлестіру, жұмысшылар кадрын таңдауды жүзеге асыру |
Вагондарға техникалық қызмет көрсету бекеттерінің жұмысшылары қызметін талдау және түзету кезінде шешімдер қабылдау |
|
Бекеттің өндірістік қызметі бойынша есеп |
2-2 М Бекеттің өндірістік қызметін ұйымдастыру, жоспарлау, есепке алу және есепті дұрыс құру. |
Бекеттің өндірістік қызметін бақылау және түзету. Жұмысшылар қызметін ұйымдастыру, жоспарлау, есепке алу және бекеттің өндірістік қызметіне есеп беру кезінде талдау және шешімдер қабылдау |
|||
Технологиялық процесс |
2-3 М Ауысым жұмысын талдау және технологиялық процесті орындау шараларын қабылдау |
Жұмысшылар технологиялық процесті орындауда және ауысым жұмысын талдауда өзіндік талдау және шешімдер қабылдау дағдысы |
|||
Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша нормативтік құжаттар |
2-4 М Жол аралығының қалыпты жағдайын қамтамасыз ету және жұмысшылар еңбегінің қалыпты жағдайын қалыптастыру |
Жол аралығының қалыпты жағдайын қамтамасыз ету және жұмысшылар еңбегінің қалыпты жағдайын қалыптастыру кезінде талдау және шешімдер қабылдау дағдысы |
|||
Лауазымдық нұсқаулықтар, қауіпсіздік техникасы ережелері және жұмыс өндірісі технологиялары |
2-5 М Еңбектің озық әдіс-тәсілдерін игеру, тарату және енгізу. Оқуды ұйымдастыру, лауазымдық нұсқаулықтарды, қауіпсіздік техникасы мен жұмыс өндірісі технологиясын білуін мезгілді тексеруді ұйымдастыру |
Жұмысшылардың лауазымдық нұсқаулықтарды, қауіпсіздік техникасы мен жұмыс өндірісі технологиясын бақылау және түзету |
2-кесте
«Техникалық қызмет көрсету бекеті шебері» еңбек қызметінің
(кәсібінің) түрі
Шифр |
Еңбек заттары |
Еңбек құралдары |
Міндеттер |
Шеберлігі және дағдылары |
Білімі |
1 Ф |
Құрамдар |
Дауыс зорайтқыш байланысы |
1-1 М Құрылымдағы уақытылы ауыстырылымдар туралы дауыс зорайтқыш байланысы арқылы хабарлау |
Құрылымдағы уақытылы ауыстырылымдар туралы хабарлау жұмыстарын өзіндік анықтау дағдысы |
Теміржолдарды техникалық пайдалану, штаттан тыс жағдайларда поезды өткелден алып тастау тәртібі, жолаушылар вагонына рұқсат беру тәртібі туралы білім. Жолаушылар вагонының бәсеңдеткіш-карданды жетегін жөндеу және техникалық қызмет көрсету, жолаушылар вагонын кондициялау және вентиляция жүйесін пайдалану, халықаралық қатынастағы жолаушылар вагонына техникалық қызмет көрсету жүйесіне қойылатын бірыңғай талаптар, Теміржолдағы дабыл жүйесі туралы, теміржолындағы поезд қозғалысы мен маневрлік жұмыстар, пайдалану және жөндеуде вагондарға қойылатын техникалық талаптар, жолаушылар вагонын бірыңғай техникалық тексерудің технологиялық процесі, вагондарды ағытпай жөндеу, теміржол көлігінің өрт қауіпсіздігі, жолаушылар вагонының көктемгі-күзгі комиссиялық тексерісі туралы және коммуникация, байланыс, компьютерлік техника және басқа ұйымдастыру техникасы туралы білім |
Поезд, жолаушылар вагоны |
ТӨБ қызметкерлерінің жұмысы уақытын тіркеу журналы. Поездардың сапарға дайындығы журналы. |
1-2 М ТӨБ қызметкерлерінің жұмысы уақытын тіркеу журналын және поездардың сапарға дайындығы журналын жүргізу. Техникалық жолаушылар паркі кезекшісі қолымен бекеттерге жолаушылар вагонын беру және тазалау үшін мәлімдеме рәсімдеу |
ТӨБ қызметкерлерінің жұмысы уақытын тіркеу журналын және поездардың сапарға дайындығы журналын жүргізу, техникалық жолаушылар паркі кезекшісі қолымен беккерге жолаушылар вагонын беру және тазалау үшін мәлімдеме рәсімдеу тапсырмаларын нақтылау, мәселелер қою |
||
Жолаушылар вагоны |
Нормативтік құжаттар |
1-3 М Жоспарлы жиналыста мақсатты нұсқамалық жүргізу |
Мақсатты нұсқамалық жүргізу жұмыстарын өзіндік нормалау дағдысы |
||
2 Ф |
Жылжымалы құрам |
ҚР теміржолын техникалық пайдалану ережелері |
2-1 М ТӨБ қызметкерлерінің жылжымалы құрамды жөндеу, техникалық қызмет көрсету және ағымдық ағытпа жөндеу бойынша жұмыстарын тіркеу |
Техникалық қызмет көрсету және ағымдық ағытпа жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде тапсырмаларды нақтылау, мәселелерді қою |
|
Арнайы жолдар, тораптар |
Күрек, лом, зембіл |
2-2 М Қыс мезгілінде ағымдық ағытпа жөндеуге арналған арнайы жолдарды, көмір қоймасына өту торабын қардан, мұздан уақытылы тазалауды тіркеу |
Ағымдық ағытпа жөндеуге арналған арнайы жолдарды, көмір қоймасына өту торабын қардан, мұздан тазалауды өзіндік нормалау дағдысы |
||
Қызмет-техникалық вагондар, электр қамсыздандыру және байланыс құралдары |
ҚР теміржолдарындағы сигнал жүйесі туралы нұсқамалық. Пайдалануда және жөндеу кезінде вагондарға қойылатын техникалық талаптар |
2-3 М Арнайы жолдардағы қызмет-техникалық вагондарының электр қамсыздандыру және байланыс құралдарына уақытылы қосылуын тіркеу |
Қызмет-техникалық вагондарының электр қамсыздандыру және байланыс құралдарына қосылу тапсырмаларын нақтылау |
||
Пошталық-жолжүгі вагондары |
Нормативтік құжаттар |
2-4 М Арнайы тағайындалған пошталық-жолжүгі вагондарын жөндеуді тіркеу |
Арнайы тағайындалған пошталық-жолжүгі вагондарын жөндеу шеңберінде шешімдер қабылдау тапсырмаларын нақтылау, мәселелерді қою |
||
Қалыптар, дөңгелектер жұбы |
Нормативтік құжаттар |
2-5 М Қалыптар, дөңгелектер жұбын түсіру, тиеу жұмыстарын тіркеу |
Қалыптар, дөңгелектер жұбын түсіру, тиеу жұмыстарын өзіндік анықтау дағдысы |
3-кесте
3. «Техникалық қызмет көрсету бекеті операторы» еңбек
қызметінің (кәсібінің) түрі
Шифр |
Еңбек заттары |
Еңбек құралдары |
Міндеттер |
Шеберлігі және дағдылары |
Білімі |
1 Ф |
Вагон паркі |
Вагон шаруашылығы кәсіпорындары мен мекемелердегі технологиялық құжаттамалар |
1-1 М Вагон паркінің техникалық күйін есепке алу |
Вагон паркіне қызмет көрсету кезіндегі өзіндік ұйымдастыру мен өзіндік бағалау дағдылары |
Теміржолдарды техникалық пайдалану, поезд қозғалысы және теміржолдардағы маневрлік жұмыстар, жолаушылар поездың қатты отынмен жабдықтау, қолданылатын есеп беру үлгілері және технологиялық құжаттарды жинақтау, көмірмен жабдықтау еңбегі қауіпсіздігі, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария, өртке қарсы қауіпсіздік және қазіргі коммуникация құралдары, байланыс, компьютерлік техника және өзге ұйымдастыру техникалары туралы білім |
Жұмыс саймандары мен құрылғылар |
Вагон шаруашылығы кәсіпорындары мен мекемелердегі технологиялық құжаттамалар |
1-2 М Жұмыс саймандары мен құрылғылардың дұрыс күйде сақталуы мен болуын тексеруге қатысу |
Жұмыс саймандары мен құрылғылардың дұрыс күйде сақталуы мен болуын тексеру кезінде өзіндік ұйымдастыру мен өзіндік бағалау дағдылары |
||
Жолаушылар вагондары |
Дизелдік жанармай,су |
1-3 М Жолаушылар вагондарына техникалық қызмет көрсетуге қатысу және бақылау, дизелді жанармаймен сумен, құюды тиянақтау |
Жолаушылар вагондарына техникалық қызмет көрсету кезінде өзіндік ұйымдастыру мен өзіндік бағалау дағдылары. Дизелді жанармаймен, сумен құюды дербес тиянақтау |
||
2 Ф |
Биотуалет |
Нормативтік және базалық құжаттар |
2-1 М Биотуалеттерді ағызу көлемін есепке алуды жүргізу |
Биотуалеттерді ағызу көлемін дербес есепке алу |
|
Вагондар |
Нормативтік және базалық құжаттар |
2-2 М 330 мың км-ден асыратын жүрісі бар және жоспарлы түрдегі жөндеуі мерзімінен асқан вагондарды рейске аттардырылуын болдырмау бойынша есепке алу |
Жоспарлы турдегі жөндеуі мерзімінен асқан вагондарды рейске аттардырылуын болдырмау бойынша есепке алу тәсілдерін дербес анықтау |
||
Вагондар |
Нормативтік және базалық құжаттар |
2-3 М ТҚК-1, ТҚК-2, ТҚК-3, ТҚЖ аумағында техникалық қызмет көрсетуден өткен және тиісті вагондарды есепке алу. Олар бойынша есептеме құрастыру |
ТҚК-1, ТҚК-2, ТҚК-3, ТҚЖ аумағында техникалық қызмет көрсетуден өткен және тиісті вагондарды дербес анықтау |
||
Жолаушылар вагондары |
Нормативтік және базалық құжаттар |
2-4 М Техникалық парк жолдарына жеке вагондар мен құрамдарды орналастырумен жолаушылар вагондардың жабдықтары мен техникалық қызмет көрсету графигін орындауды бақылауды іске асыру, жеке вагондар мен құрамдардың техникалық дайын болуын бақылау |
Жолаушылар вагондарымен өзіндік ұйымдастыру мен өзіндік бағалау дағдылары. Техникалық парк жолдарына жеке вагондар мен құрамдарды орналастыру, жеке вагондар мен құрамдардың техникалық дайын болуын бақылау тәсілдерін дербес анықтау |
||
Жолаушылар вагондары |
Журнал, ВУ-23 формасы ескерту бойынша тіркеуді есепке алу, ВУ-36, карточкалар |
2-5 М Журналға жазбалар түсіру. ВУ-23 формасы ескерту бойынша тіркеуді есепке алу, ВУ-36. Жолаушылар паркінің жолаушылар вагондарын түгендеме есепке алу карточкаларын жүргізу. Вагондарды жылжуын бақылауды жүргізу |
Жолаушылар паркінің жолаушылар вагондарын түгендеме есепке алу карточкаларын жүргізу, журналға жазбалар түсіру дербес істеу |
4-кесте
4. «Нұсқаушы (автотежеуіш пен букстік торап бойынша,
өндірістік-техникалық оқу бойынша)» еңбек қызметінің
(кәсібінің) түрі
Шифр |
Еңбек заттары |
Еңбек құралдары |
Міндеттер |
Шеберлігі және дағдылары |
Білімі |
1 Ф |
Жабдықтар, өлшеу слесарлы құрал, вагон бөлшектері және материалдары |
Техникалық құжаттар |
1-1 М Өлшеу слесарлы жабдықтар,пайдалану және жөндеу цехтеріндегі бар құралдарды күтуді есепке алу, технологиялық процесске сәйкес материалдар мен вагон бөлшектерінің болуы |
Өлшеу слесарлы жабдықтар,құралдармен жұмыс істеу кезінде өзіндік анықтау мен өзіндік нормалау дағдылары |
Теміржолдарды техникалық пайдалану амалдары мен принциптері, теміржолдардағы сигнал беру жүйесі, поезд қозғалысы және теміржолдардағы маневрлік жұмыстар, қолдану және жөндеу кезінде вагондарға қойылатын техникалық талаптар, теміржолдардағы жылжымалы құрам тежегіштері және оларды пайдалану, автотіркес жабдығын жөндеу және қызмет көрсету, директивті және басқарма құжаттар, орындалатын жұмыстарға қатысты әдістемелік және нормативтік құжаттар, теміржол көлігінде өрт қауіпсіздігі туралы білім |
Тежелу, екпінді-тартылу жабдықтары |
Технологиялық процесстер |
1-2 М ТҚЖ, ТҚ -3, ТӨБ, АКП цехтеріндегі технологиялық процесстерді ұстану және тежелу, екпінді-тартылу және тежегіш жабдықтары қызмет көрсету сапасын тексеру |
Тапсырмаларды нақтылау, тежелу, екпінді-тартылу және тежегіш жабдықтары қызмет көрсету кезінде міндет қою |
||
Поезд |
Техникалық құжаттар |
1-3 М Поезд қозғалысының қауіпсіздігі мен алдағы тәртіп деңгейін жоғарылатуға бағытталған, шараларды іске асыру және айлық жұмыс жоспарларын құрастыру |
Поезд қозғалысының қауіпсіздігі мен алдағы тәртіп деңгейін жоғарылатуға бағытталған, шараларды іске асыру және айлық жұмыс жоспарларын құрастыру кезінде өзіндік анықтау мен өзіндік нормалау дағдылары |
||
Ф 2 |
Поезд |
Лауазымдық нұсқаулар, техника қауіпсіздігі мен жұмыс жасау технология ережелері |
2-1 М Ауысымдардың біреуінде айына бір реттен кем емес поезд қозғалысы қауіпсіздігімен байланысты, жұмысшылармен мерзімді нұсқамалар жүргізу |
Тапсырмаларды нақтылау, ауысымдардың біреуінде айына бір реттен кем емес поез қозғалысы қауіпсіздігімен байланысты, жұмысшылармен мерзімді нұсқамалар жүргізу кезінде міндет қою |
|
Поезд |
Нормативтік және базалық құжаттар. |
2-2 М Конференциялар мен озық тәжірибе мектептерін жүргізуде қатысу |
Озық тәжірибе мектептерін жүргізу кезінде өзіндік анықтау дағдылары. Жұмысшылардың біліктілігін арттыру үшін уәждеме |
||
Вагондар, автотежегіш жабдықтар |
Техникалық және практикалық сабақтар бойынша материалдар |
2-3 М автотежегіш жабдықтар мен вагондарда көрсетіп дара сұхбаттасу мен практикалық сабақтар, техникалық сабақтар жүргізу |
Тапсырмаларды нақтылау, дара сұхбаттасу мен практикалық сабақтар, техникалық сабақтар жүргізу кезінде міндет қою |
5-кесте
5. «СБШ 2-деңгейіндегі жылжымалы құрамды жуып-тазалаушы»
еңбек қызметінің (кәсібінің) түрі
Шифр |
Еңбек заттары |
Еңбек құралдары |
Міндеттер |
Шеберлігі және дағдылары |
Білімі |
1 Ф |
Тіркеме шынысы, екі доңғалақты тіркеме, жол-құрылыс машинасы |
Құрылғылар және әр түрлі ерітінділер, паста, бензин және керосин |
1-1 М Тіркеме, екі доңғалақты тіркеме, жол-құрылыс машинасы шынысын жуа отырып және құрылғылар және әр түрлі ерітінділерді, паста, бензин және керосинді пайдалана отырып, жүктерді тиеу кезінде өңдеу жұмыстарының санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкес сыртқы және ішкі тазалау, сүрту, жинау, жуу |
Тазалау, сүрту, жинау, жуу жұмыстарын орындау кезінде өзіндік түзету және өзіндік бақылау дағдылары |
Әр түрлі ерітінділерді, паста, бензин және керосинді пайдалана отырып жылжымалы құрамды тазалау, сүрту, жинау, жуу әдістері мен тәсілдері туралы базалық білім |
Локомотив, жолаушылар вагоны, электрлі- және дизель-поезд шынылары |
Ерітінділер, паста, бензин және керосин |
1-2 М Локомотив, жолаушылар вагоны, электрлі- және дизель-поезд шынысын жуа отырып және құрылғылар және әр түрлі ерітінділерді, паста, бензин және керосинді пайдалана отырып, өңдеу жұмыстарының санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкес сыртқы және ішкі тазалау, сүрту, жинау, жуу. Көмірді тиеу кезінде екі доңғалақты вагондарды тазалау және қолмен сумен жуу |
Локомотив, жолаушылар вагоны, электрлі- және дизель-поезд шынысын қолмен жуа отырып және құрылғылар және сәйкес сыртқы және ішкі тазалау, сүрту, жинау, жууды орындау кезінде өзіндік түзету және өзіндік бақылау дағдылары |
Жууға арналған әр түрлі ерітінділерді қолдана отырып жинау және жуу әдістері мен тәсілдері туралы базалық білім, көтерме-көлік құралдарымен қолдану туралы білім |
|
2 Ф |
Су канализациясы бұрмасы, құралдар, мүліктер, аспаптар |
Су, химиялық құралдар |
2-1 М Жуу аумақтарында су канализациясы бұрмасын тазалау. Құралдар, мүліктер, аспаптар және жуу аумақтарын тазалықта және дұрыс жағдайда ұстау |
Жуу аумақтарында су канализациясы бұрмасын тазалау. Құралдар, мүліктер, аспаптар және жуу кезінде өзіндік түзету және өзіндік бақылау дағдылары |
Қолданылатын құрал-саймандар, мүліктер мен құрылғылардың болуы туралы базалық білім |
Дезинфекциялық жуу станциялары мен бекеттері аумағы, вагондардың кешенді дайындығы бекеттері |
Арнайы пеш, бензин, керосин, су, химиялық құралдар |
2-2 М Жуу ерітінділерін дайындау. Қоқыс пен шірінділерді тасымалдау, төсеу, биотермиялық зарарсыздандыру және арнайы пештерде жағу. Дезинфекциялық жуу станциялары мен бекеттері аумағы, вагондардың кешенді дайындығы бекеттері аумағын тазалау |
Жуатын ерітінділерді дайындау кезінде өзіндік түзету және өзіндік бақылау дағдылары, нұсқау негізінде жұмыс тәсілін таңдау |
Жуу ерітінділерін дайындау. Қоқыс пен шірінділерді тасымалдау, төсеу, биотермиялық зарарсыздандыру және арнайы пештерде жағу тәсілдері мен құрамы туралы базалық білім |
6-кесте
6. «СБШ 3-деңгейіндегі «Жылжымалы құрамды жуып-тазалаушы»
еңбек қызметінің (кәсібінің) түрі
Шифр |
Еңбек заттары |
Еңбек құралдары |
Міндеттер |
Шеберлігі және дағдылары |
Білімі |
1 Ф |
Дизель, тартымдық электрлі қозғалтқыштар және тартымдық жылжымалы құрамның электрлі жабдығы, адам тасымалдауға арналған және астық және басқа да азық-түліктерді, тасымалдауға арналған жүк вагондары, жолаушылар вагонының санитарлық түйіндері |
Ыстық су, дезинфекциялық ерітінді |
1-3 М Дизель, тартымдық электрлі қозғалтқыштар және тартымдық жылжымалы құрамның электрлі жабдығын тазалау, сүрту, жуу. Балықты тірідей сақтайтын және изотермиялық, рефрижераторлы, жануардан шыққан шикізат вагондар, адамдарды, бидайды және басқа азық-түлік жүктерін тасымалдауға арналған, жүк вагондарын дезинфекциялау және ыстық сумен жуу, ішкі тазалау. Механизация құралдарын қолданып ұзақ жатқан жүктері бар жүк вагондарын, жолаушылар вагондарындағы санитарлық тораптарды тазалау. Мемлекеттік нан инспекциясымен, санитарлық-эпидемиологиялық станция, мал дәрігерлік қадағалаудың талаптарын сәйкес вагондарды тасымалдауға дайындау бойынша қарастырылып қойылған технология жұмыстарды орындау |
Дизель, тартымдық электрлі қозғалтқыштар және тартымдық жылжымалы құрамның электрлі жабдығын тазалау, жуу кезінде өзіндік бағалау және өзіндік ұйымдастыру дағдылары. Мемлекеттік нан инспекциясымен, санитарлық-эпидемиологиялық станция, мал дәрігерлік қадағалаудың талаптарын сәйкес вагондарды тасымалдауға дайындау тәсілдерін дербес анықтау |
Дизель, тартымдық электрлі қозғалтқыштар және тартымдық жылжымалы құрамның электрлі жабдығын тазалау, сүрту, жуу, жүк вагондарын дезинфекциялау, жолаушылар вагондарындағы санитарлық тораптарды тазалау. Мемлекеттік нан инспекциясымен, санитарлық-эпидемиологиялық станция, мал дәрігерлік қадағалаудың талаптары туралы білім |
Теміржол және метрополитеннің жылжымалы құрамы бөлшектері мен түйіндері |
Ротациялық жабдықтар, механизмдер, су, химиялық құралдар |
1-4 М Метроплитен мен теміржол жылжымалы құрамның бөлшектері және тораптарын, батпақтан, тоттан, бұрынғы бояудан, қақтан механизациялаған тәсілмен ротациялық аспаптардың көмегімен, механизмдер және жоғарғы қысымды суды қолданып жуу және де химиялық тәсілмен тазалау |
Химиялық құралдарын пайдалану кезінде өзіндік бағалау және өзіндік ұйымдастыру дағдылары. Метрополитен мен теміржол жылжымалы құрамның бөлшектері және тораптарын тазалау тәсілін дербес анықтау |
Қолданылатын аспаптар мен механизмдермен қызмет көрсету тәртібі, жылжымалы құрамды тазалау және жуу кезіндегі химиялық құрамдар мен жоғарғы қысымды суды пайдалану туралы білім |
|
2 Ф |
Механикаландыру құралдары және жабдықтар |
Бу, су |
2-3 М Механикаландыру құралдары және жабдықтар жұмысы процесінде пайдаланылатын құралдарды тексеру. Ерітінділер дайындау, жұмыс режимиін реттеу, бу және су жіберу, қоқысты тазалау |
Механикаландыру құралдары және жабдықтар, ерітінділермен жұмысы кезінде өзіндік бағалау және өзіндік ұйымдастыру дағдылары. Жұмыс режимін дербес реттеу |
Қолданылатын ерітінділердің құрамы туралы білім |
7-кесте
7. «Дизельді қондырғы механигі» еңбек қызметінің
(кәсіптің) түрі
Шифр |
Еңбек заттары |
Еңбек құралдары |
Міндеттер |
Шеберлігі және дағдылары |
Білімі |
1 Ф |
Вагон, құрылғылар, жанармай,май, құрал-саймандар, жабдықтар |
Вагондарды қабылдау бойынша құжаттар, нұсқаулар, техникалық құжаттар |
1-1 М Вагондарды қабылдауға, оның құрылғыларын жөндеуден алуына қатысу, вагондарды тіркеу және ажырату |
Тапсырмаларды нақтылау, вагондарды қабылдауға, оның құрылғыларын жөндеуден алу нәтижесіне баға беру. Вагондарды тіркеу және ажырату кезінде өзіндік анықтау және өзіндік нормалау дағдылары |
Жақындаулар және өндірістің техникалық дайындыктары, кәсіпорындардың даму келешегі мен бағыттары, кәсіпорындардың өнімін шығару технологиялары және басқа да басқарушы техникалық құжаттамаларды рәсімдеу және әзірлеу бойынша материалдар, техникалық қызмет көрсетуді жасау бойынша тапсырыс берушімен әрекеттесу регламенттері, қазіргі ағыту жөндеу принциптер туралы білім. Еңбекке уәждемелер тәсілдері туралы білім |
1-2 М Техникалық құжаттамаларды жүргізу (дизелдік жанармайдың, майдың шығынын, жабдықтар, құралдардың дұрыс күйінде есепке алу) |
Техникалық құжаттамаларды жүргізу кезінде өзіндік анықтау және өзіндік нормалау дағдылары. дизелдік жанармайдың, майдың шығынын, жабдықтар, құралдардың күйіне нәтижесіне баға беру |
||||
2 Ф |
Құрал-саймандар, қосымша бөлшектер, вагонаралық электр біріктірулер, электржылытатын және өлшеуіш аспаптар, ауаны кондициялар қондырғылар, вентиляция, дизельгенераторлық қондырғылар, қол тежегіштер, тоқтату краны, сумен жабдықтау және өрт сигнал берулер, букстің қызуын тексеру жүйесі |
Арнайы құрал-саймандар |
2-1 М Жабдықтардың ақаулықтарын жою және анықтау, толық көлемде және белгіленген мерзімдер кезінде дұрыс техникалық қызмет көрсетумен қамтамасыз ету. Электростанция-вагонының сақталуын есепке алу, бұзушылық кезінде, шаралар қолдану |
Техникалық қызмет көрсету нәтижесіне баға беру. Жабдықтың ақаулықтарын анықтау және жою кезінде өзіндік анықтау дағдылары, электростанция-вагонының сақталуын есепке алу кезінде өзіндік нормалау дағдылары |
|
Вагон, жабдықтар |
Өлшеуіш құрал-саймандар |
2-2 М Профилактикалық жұмыстар жүргізу (Техникалық қызмет көрсету күнделікті процедуралары, Техникалық қызмет көрсету апталық процедуралары, әр 250 м/сағ немесе 1 ай сайын регламенттік жұмыстар, әр 6 ай сайын регламенттік жұмыстар) |
Нақтылау, техникалық қызмет көрсету күнделікті, апталық процедуралары, әр 250 м/сағ немесе 1 ай сайын немесе әр 6 ай сайын регламенттік жұмыстар нәтижесіне баға беру |
Ескерту: М – мақсат;
ТӨБ – техникалық өндірістік бекет;
ВУ-36 – вагондардың жөндеу жұмысының әдістері және тапсыру актісі;
ТҚ (ТҚЖ) – техникалық қызмет көрсету (ТҚ және жөндеу).
«Жолаушылар вагондарын
қарау және жөндеу»
кәсіби стандартына
5-қосымша
Келісу парағы
Ұйым атауы |
Келісу күні |
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі |
Осы КС ____________________________________________________ тіркелді.
Кәсіби стандарттардың реестріне №__________________________ тіркелді.
Хат (хаттама) № ___________ Күні __________________