Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 20.05.2015 № 464 бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 138-4-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының салалық біліктілік шеңбері бекітілсін.
2. Кадр жұмысы департаменті (Ә.Ү. Әбдіғалиев):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның кейін заңнамада белгіленген тәртіппен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары полиция генерал-майоры М.Ғ. Демеуовке және Кадр жұмысы департаментіне (Ә.Ү. Әбдіғалиев) жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр
полиция генерал-лейтенанты Қ. Қасымов
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2013 жылғы 19 қарашадағы
№ 659 бұйрығымен
бекітілді
Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының
Салалық біліктілік шеңбері
1. Салалық біліктілік шеңберінің паспорты
Саласы: қоғамдық құқықтық тәртіпті және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
Саланың кәсіби қызметінің салалары:
1) Құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі қызмет;
2) Қоғамдық тәртіпті сақтау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қызмет;
3) Құқық бұзушылықтарды талдау және жіктеу жөніндегі қызмет;
4) Жазаларды орындау, әлеуметтік бейімдеу және оңалту жөніндегі қызмет.
2. Жалпы ережелер
1. Салалық біліктілік шеңбері (бұдан әрі – СБШ) әртүрлі пайдаланушылар тобына – Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі – ІІМ) субъектілері, білім беру ұйымдары, қоғамдық ұйымдар, азаматтар үшін арналған және:
1) қоғамдық құқықтық тәртіпті сақтауды және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін мамандарды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру жүйесін дамытудың жалпы стратегиясын қалыптастыруға;
2) кәсіптік стандарттарды, біліктілікті бағалау стандарттары мен білім беру стандарттарын әзірлеу кезінде әртүрлі біліктілікті жұмыскерлердің кәсіби деңгейлеріне еңбек жағдайларына, мәндеріне және құралдарына талаптар сипаттауға мүмкіндік береді;
2. СБШ-ның мақсаты – саланың стратегиясын, қазіргі және келешектегі технологияларын ескере отырып, ұлттық біліктілік шеңбері (бұдан әрі – ҰБШ) негізінде Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жеке және кәсіби құзыреттеріне, машықтарына, дағдыларына және білімдеріне талаптар сипаттау.
3. СБШ мынадай принциптерді ескере отырып әзірленуде:
1) саланың ерекшелігін ескере отырып, ҰБШ-ның кіші деңгейін енгізу, саланың қазіргі және келешектегі технологияларын ескере отырып, жұмыскерлердің жеке және кәсіптік құзыреттерінің, біліктерінің, дағдыларының және білімдерінің талаптарын нақтылау және тіркеу;
2) функционалдық тәсілді пайдаланумен кәсіби қызметтің салаларына, қосымша салаларына өзара байланысын анықтау;
3) төменгі біліктілік деңгейінен жоғары деңгейіне өту кезінде жұмыскерлердің жеке және кәсіби құзыреттері, машықтары, дағдылары мен білімдерін жалғастырушылықты қамтамасыз ету.
4. Саланың негізгі мақсаты: қазақстандық қоғамның орнықты дамуының тұрақтылығын сақтау, Қазақстан Республикасының қоғамдық құқықтық тәртібін және қоғамдық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
5. СБШ СБШ-ға 1-қосымшаға сәйкес құрылым бойынша ресімделген рамалы конструкцияны ұсынады.
СБШ әрбір біліктілік деңгейі үшін кәсіби қызметтің жалпы сипаттамасынан тұрады, атап айтқанда:
1) білім – осы көрсеткіш кешенді болып табылады және білімге талаптарды белгілейді, кәсіби қызметтің келесі ерекшеліктеріне тәуелді:
пайдаланылатын ақпараттың қиындығы және көлемі;
білімнің жаңашылдығы;
олардың абстрактілік маңыздылығы (теориялық және практикалық білімдердің арақатынасы). Оның көріну дәрежесі (бір біліктілік деңгейінен екіншісіне ауысу) бірінің (кезкелген), екі немесе үш құрамдас көрсеткіштерінің өзгеруімен байланысты болуы мүмкін;
2) машықтары және дағдылары – осы көрсеткіш кешенді болып табылады және машық талаптарын белгілейді, кәсіби қызметтің мына ерекшеліктеріне тәуелді:
кәсіби міндеттерді шешу тәсілдерінің көптігі (вариациялық), осы тәсілдерді әзірлеу немесе таңдау қажеттілігі;
жұмыс жағдайының белгісіздігінің дәрежесі және оның дамуының болжап болмайтындығы. Оның көрінісінің маңыздылығы (бір біліктілік деңгейінен екіншісіне ауысу) бірінің (кезкелген), екеуінің құрамдас көрсеткіштерінің өзгеруімен байланысты болуы мүмкін;
3) жеке және кәсіби құзыреттері – бұл көрсеткіш жұмыскердің жалпы құзыреттілігін анықтайды және көрінудің үш негізгі дәрежесі бар:
басшылық қол астындағы қызмет;
өз бетімен орындаушылық қызмет;
басқаларға басшылық ету.
Өкілеттік пен жауапкершілік кеңдігі қызметтің ауқымымен, ұйымның, саланың, оның әлеуметтік, экологиялық, экономикалық және осыған сәйкес салдарымен, сондай-ақ кәсіби қызмете басшылықтың негізгі функциясын іске асыру толықтығымен (мақсатты болжау, ұйымдастыру, бақылау, орындаушыны мотивациялау) байланысты.
6. Біліктілік деңгейі белгілі бір білім бағдарламаларын және/немесе практикалық тәжірибені игеру нәтижесі болып табылады.
Біліктілікті арттыру немесе оның профилін өзгерту үшін әрбір деңгейде тиісті лицензиялары бар мекемелерде біліктілікті арттыру және кадрларды қайта даярлау жүйесінің қосымша білім беру бағдарламалары бойынша оқыту жүргізіледі.
Біліктілік деңгейі жұмыстың практикалық тәжірибесін жинау, өздігінен білім алу және оқу шамасы бойынша өсуі мүмкін.
Білім беру және оқытудың әртүрлі нысандарының есебі салалық біліктілік жүйесі ішінде жүргізіледі.
Жеке білім беру траекториясын құру жұмыскердің білімі мен практикалық тәжірибесін есепке алу, біліктілікті арттыру курстары есебінен жүзеге асырылады, бұл біліктілік деңгейімен тігінен де, көлденеңде қозғалуға мүмкіндік береді.
Ұлттық білім беру және оқыту деңгейлерімен біліктілік деңгейлерінің ара қатынасы СБШ-ға 2-қосымшада көрсетілген біліктілік жетістіктері көрсеткіштері бойынша анықталады.
3. Салалық біліктілік шеңберінің талаптары
Кәсіби қызмет салалары:
1) Құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі қызмет;
2) Қоғамдық тәртіпті сақтау, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қызмет;
3) Құқық бұзушылықтарды талдау және жіктеу жөніндегі қызмет;
4) Жазаларды орындау, әлеуметтік бейімдеу және қамалғандар мен сотталғандарды оңалту жөніндегі қызмет.
Қазақстан Республикасы
ішкі істер органдарының
Салалық біліктілік шеңберіне
1-қосымша
Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының
Салалық біліктілік шеңберінің құрылымы
СБШ деңгейі |
1. Кәсіби қызмет саласы: құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі қызмет |
||
Жеке және кәсіби құзыреттер |
Білік пен дағды |
Білім |
|
1 |
Дербестік: қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз етуде алдын алу шараларын іске асыру бойынша тапсырмаларды орындау барысында дербестіктің төменгі деңгейі кезінде толық басшылық етумен жұмыс. |
Алдын алу шараларын іске асыру және адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша типтік қиын емес практикалық тапсырмаларды орындау. Өзін-өзі бақылау және өзін ұстай білушілік, атқарушылық қызмет дағдылары. |
Құқық бұзушылықтарды ескерту, қоғамдық тәртіпті сақтау нысандары, түрлері және тәсілдері |
2 |
Дербестік: қоғамдық тәртіпті сақтауды және адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің алдын алу шараларын іске асыру бойынша таныс жағдайлардағы кейбір дербестіктің бар болуы кезінде басшылық етумен жұмыс. |
Алдын алу шараларын іске асыру және адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қиын емес практикалық тапсырмаларды орындау. Қарапайым қызметтік жағдайларда өзінің іс-әрекеттерін бақылау және түзету дағдылары. |
Құқық бұзушылықтар, алдын алу шараларының түрлері, құқық бұзушылықтардың алдын алудың, қоғамдық тәртіпті сақтаудың және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің тәсілдері мен құралдары түрлері. |
3 |
Дербестік: типтік жағдайларда, талдаудың күрделі жағдайларында басшылық етумен, құқық бұзушылықтарды ескертудің құралдары мен тәсілдерін жобалау, алдын алу шараларын іске асыру. Өз бетінше оқу. |
Құқық бұзушылықтардың алдын алу, алдын алу шараларын іске асыру және адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша стандартты практикалық тапсырмаларды орындау. Алдын алу қызметін талдау. Құқық бұзушылықтарды және қылмысты болжау. Шешімдер нұсқасын модельдеу, алдын алу қызметін жоспарлау, қойылған міндеттері орындау тәсілдерін анықтау. |
Құқық бұзушылықтар себептерін анықтау тәсілдері, алдын алу шараларын, құқық бұзушылықтардың алдын алу тетіктерінің әзірлемелері, қоғамдық тәртіпті сақтауды және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. |
4 |
Дербестік: талдау, құқық бұзушылықтардың алдын алу құралдары мен тәсілдерін жобалау, тапсырмаларды анықтауды көздейтін басшылық етумен алдын алу шараларын іске асыру, қарамағындағылардың нормаларды іске асыруын ұйымдастыру және бақылау жөніндегі атқарушылық-басқару қызмет. |
Талдау, құқық бұзушылықтардың алдын алу құралдары мен тәсілдерін жобалау, алдын алу шараларын іске асыру бойынша тапсырмаларды орындауды жоспарлау, қарамағындағыларға міндет қою, қызметтің нәтижелерін бағалау. Білімдер мен дағдылардың кемшілігін анықтау, қызметкерлердің кәсібилігін арттыруға ынталандыру. |
Құқық бұзушылықтардың себептерін және оны жасауға ықпал ететін жағдайларды анықтау және жою қағидалары мен тәсілдері. Кәсіби міндеттерді қоюдың және шешудің құқықтық криминологиялық аспектілері. Қызметтік қарым- қатынастағы этика және психология. Қызметкерлердің қызметін ынталандыру тәсілдері |
5 |
Дербестік: талдауды ұйымдастыру, құқық бұзушылықтардың алдын алу құралдары мен тәсілдерін жобалау, алдын алу шараларын іске асыру бойынша бөлімшелер, бөліністері және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің комитеттері, департаменттері, басқармалары қызметтерінің стратегиялары шеңберлеріндегі басқарушылық қызмет. |
Құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша қызметке тапсырысты түсіну, қызметтік жағдайларды және өз іс-әрекетін талдау. Құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау. Оларды іске асыру бойынша шешім қабылдау және жағдай туғызу. Командалық жұмыс контексінде қызметті бақылау және түзету. Қызметкерлердің басқарушылық және атқарушылық кәсібилігін арттыру. |
Жүйелі талдау әдіснамасы және кәсіптік жағдайларды жобалау, ұжымдық және командалық тәрбиелеуде басқарушылық шешімдерді қабылдау тәсілдері, Ұйымдастырушылық, құқықтық, экономикалық, әлеуметтік, демографиялық, тәрбиелік шараларын жасау, құқық бұзушылықтар жасаудың себептерін ескертудің, анықтаудың және жоюдың жағдайларын жасау. |
6 |
Дербестік: жұмысты басқа бөліністермен келісуді болжайтын Ішкі істер министрлігі комитеттері, департаменттері, басқармалары қызметінің стратегиялары шеңберінде талдауды ұйымдастыру, құқық бұзушылықтарды ескертудің құралдары мен тәсілдерін жобалау, алдын алу шараларын іске асыру бойынша басқарушылық қызмет. |
Құқық бұзушылықтарды ескертудің жағдайларын жасау, жоғары белгісіздік қызметтік жағдайларда құқық бұзушылықтар жасаудың себептерін анықтау және жою бойынша шешімді жобалау және қабылдау. Өзін-өзі басқару мәдениетінің, қарым-қатынасты ұйымдастыру және көзқарастарды келісу, нәтижелерді ресімдеу және тұсаукесерлері, заманауи бағдарламалық өнімдерді және техника құралдарын пайдалану дағдылары. |
Жүйелі талдаудың методологиясы, шешімдерді жобалау және қабылдау, алдын алу жағдайларын жасау, |
7 |
Дербестік: Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жұмыс істеу және даму стратегиясын болжайтын талдауды ұйымдастыру, құқық бұзушылықтарды ескертудің құралдары мен тәсілдерін жобалау, алдын алу шараларын іске асыру жөніндегі басқарушылық қызмет. |
Құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтауға жүйелі тәсіл қолдану, міндеттер мен проблемалар қою дағдылары, инновациялық тәсілдерді қолдана отырып, оларды жүйелі шешу, құқыққа қарсы қол сұғушылықтан жеке басты, қоғам мен мемлекетті қорғау бойынша қызметтердің тұжырымдары мен стратегияларын құру. |
Тұжырымдамалардың, стратегиялардың, қызметтердің модельдерін құрудың принциптері, тәсілдері және өзара әрекеті. Құқық бұзушылықтар жасау себептерін алдын алу, анықтау және жою жағдайлары. |
8 |
Дербестік: Қазақстан құқық қорғау жүйесіндегі орталық атқарушы органдарының жұмыс істеуінің және дамуының стратегиясын құруды болжайтын талдауды ұйымдастыру, құқық бұзушылықтарды ескертудің құралдары мен тәсілдерін жобалау, алдын алу шараларын іске асыру жөніндегі басқарушылық қызмет. |
Жүйелі және стратегиялық ойлау, қисынды әдістерді қолдана отырып, стратегиялық шешімдер қабылдау, кәсіби қызметтің және жеке басты, қоғам мен мемлекетті құқыққа қарсы қол сұғушылықтан қорғау бойынша тұжырымдар мен стратегияларды әзірлеу және іске асыру кезінде өзара іс-қимыл жасаудың модельдерін құру және апробациялау дағдылары |
Қызметтің және өзара іс-қимыл жасау жүйесін құру тәсілдері. Жеке басты, қоғам мен мемлекетті құқыққа қарсы қолсұғушылықтан қорғауды қамтамасыз ететін макроэкономикалық және макроэкономикалық жүйелермен әрекеттерін модельдеу басқару әдіснамасы. Әртүрлі субъектілердің іс-әрекеттерін жоғары үйлестіруді қамтамасыз ету әдістері. |
СБШ деңгейі |
2. Кәсіби қызмет саласы: қоғамдық тәртіпті сақтау, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қызметі |
||
Жеке және кәсіби құзыреттер |
Білік пен дағды |
Білім |
|
1 |
Дербестік: қоғамдық тәртіпті сақтау, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша міндеттерді орындау барысында дербестіктің төменгі деңгей кезінде толық басшылық етумен жұмыс. |
Қоғамдық тәртіпті сақтау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша типтік қиын емес практикалық тапсырмаларды орындау. Өзін-өзі бақылау және өзін ұстай білу, орындаушылық қызмет дағдылары. |
Қоғамдық орындарда өрескел заң бұзушылықтардың белгіленген тәртіпте алдын алу және жолын кесу нысандары, түрлері және тәсілдері |
2 |
Дербестік: қоғамдық тәртіпті сақтаудың, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің таныс жағдайларында кейбір дербестіктің бар болуы кезінде басшылық етумен жұмыс істеу. Басшылық етумен оқыту. |
Қоғамдық тәртіпті сақтау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қиын емес практикалық тапсырмаларды орындау. Қарапайым қызметтік жағдайларда өздерінің іс-әрекеттерін бақылау және түзету дағдылары. |
Қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша іс-шаралар түрлері, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәсілдері мен құралдары |
3 |
Дербестік: типтік жағдайларда қоғамдық тәртіпті сақтаудың, мемлекеттік объектілерді күзетудің, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің күрделі жағдайларында басшылық етумен. Өз бетінше оқу. |
Қоғамдық тәртіпті сақтау, мемлекеттік объектілерді күзету, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша стандартты практикалық тапсырмаларды орындау. Қызметтерді жоспарлау, қойылған міндеттерді орындау тәсілдерін анықтау. |
Қоғамдық тәртіпті сақтауды, мемлекеттік объектілерді күзетуді, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәсілдері мен құралдары. |
4 |
Дербестік: Тапсырмаларды өз бетінше анықтауды, қарамағындағылардың нормаларды іске асыруын ұйымдастыру және бақылауды көздейтін басшылық етумен қоғамдық тәртіпті сақтау, мемлекеттік объектілерді күзету, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша атқарушылық-басқару қызмет. |
Қоғамдық тәртіпті сақтау, мемлекеттік объектілерді күзету, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша тапсырмаларды орындауды жоспарлау. Қарамағындағыларға міндет қою, қызметтің нәтижелерін бағалау. |
Кәсіби міндеттер қою және шешу кезінде қоғамдық тәртіпті сақтау, мемлекеттік объектілерді күзету, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәсілдері, принциптері және амалдары, қызметтік қарым-қатынас этикасы мен психологиясы, қызметкерлерді қызметке ынталандыру тәсілдері |
5 |
Дербестік: қоғамдық тәртіпті сақтау, мемлекеттік объектілерді күзету, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді ұйымдастыру бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің комитеттері, департаменттері, басқармалары қызметтерінің бөлімшелері, бөліністері және стратегиялары шеңберлеріндегі басқарушылық қызмет. |
Қоғамдық тәртіпті сақтау жөніндегі қызметке тапсырысты түсіну, қызметтік жағдайлар мен өз әрекеттерін талдау, оларды іске асырулар бойынша шешімдер қабылдау және жағдайлар туғызу, командалық жұмыс контексінде қызметті бақылау және түзету, қызметкерлердің басқарушылық және орындаушылық кәсібилігін арттыру. |
Жүйелі талдаудың методологиясы және кәсіби жағдайларды жобалау, басқарушылық шешім қабылдау тәсілдері, ұжымдық және командалық білім беру. |
6 |
Дербестік: басқа бөліністермен жұмыстарды келісуді болжайтын Ішкі істер министрлігі комитеттерінің, департаменттерінің, басқармаларының қызметтерінің стратегиялары шеңберінде қоғамдық тәртіпті сақтауды, мемлекеттік объектілерді күзетуді, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді ұйымдастыру жөніндегі басқарушылық қызмет. |
Белгісіздіктің жоғары жағдайларында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шешімді жобалау және қабылдау. Өзін-өзі басқару мәдениетінің, қарым-қатынасты ұйымдастыру және көзқарастарды келісу дағдылары, нәтижелерді ресімдеу және оның тұсаукесерлері, заманауи бағдарламалық өнімдерді және техника құралдарын пайдалану дағдылары. |
Жүйелі талдаудың методологиясы, шешімдерді жобалау және қабылдау, алдын алу жағдайларын жасау, күрделі әлеуметтік және кәсіби жағдайларда құқық бұзушылықтарды жасау себептерін анықтау және жою. Қарым-қатынас және көзқарастарды келісу тәсілдері, талдау және жобалы құжаттаманы ресімдеу және оның тұсаукесері. |
7 |
Дербестік: Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жұмыс істеу және даму стратегияларын құруды болжайтын қоғамдық тәртіпті сақтау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, теріс үрдістерді жою тетігін жетілдіру шараларын ұйымдастыру жөніндегі басқарушылық қызмет. |
Міндеттер мен проблемаларды қою инновациялық тәсілдерді қолдана отырып, оларды жүйелі шешу дағдылары, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қызметтің тұжырымдамасы мен стратегиясын құру. |
Акмеологиялық тәсілдер, тұжырымдамалардың, стратегиялардың, қызметтердің функционалдық модельдерін құру және өзара әрекет жасаудың методологиясы, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету міндеттері мен проблемаларын қою және жүйелі шешу тәсілдері. |
8 |
Дербестік: Қазақстан Республикасы құқық қорғау жүйесінің орталық атқару органдарының жұмыс істеу және даму стратегиясын құруды болжайтын қоғамдық тәртіпті сақтау, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, теріс үрдістерді жою тетіктерін жетілдіру шараларын ұйымдастыру жөніндегі басқарушылық қызмет. |
Жүйелі және стратегиялық ойлау, қисынды әдістерді пайдалана отырып, стратегиялық шешімдер қабылдау, кәсіби қызметтің модельдерін құру және апробациялау дағдылары және қауіпсіздік және қоғамдық тәртіпті сақтау шараларын әзірлеу және іске асыру кезінде өзара іс-әрекет жасасу. |
Қызметтің және өзара іс-әрекет жасау жүйесін құру тәсілдері. Қоғамдық қамтамасыз ететін макроэлементтік және макроэкономикалық жүйелермен модельдеу және басқару методологиясы. |
СБШ деңгейі |
3. Кәсіби қызмет саласы: құқық бұзушылықтарды талдау және жіктеу жөніндегі қызмет |
||
Жеке және кәсіби құзыреттер |
Білік пен дағды |
Білім |
|
1. |
Дербестік: әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша жазаларды талдау және қолдану, қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу, жолын кесу, ашу, тергеу бойынша тапсырмаларды орындау барысында дербестіктің төменгі деңгейі кезінде толық басшылықпен жұмыс істеу. |
Әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша жазаларды талдау және пайдалану, қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу, жолын кесу, ашу, тергеу бойынша типті қиын емес практикалық тапсырмаларды орындау. Өзін-өзі бақылау және өзін ұстай білушілік, атқарушылық қызмет дағдылары. |
Әкімшілік, қылмыстық құқық бұзушылықтардың түрлері, болдырмау және жазалау тәсілдері |
2. |
Дербестік: әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша жазаларды талдау және қолдану, қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу, жолын кесу, ашу, тергеу бойынша таныс жағдайлардың кейбір дербестіктің бар болуы кезінде басшылық етумен жұмыс істеу. Басшылық етумен оқу. |
Әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша жазаларды талдау және қолдану, қылмыстық құқық бұзушылықтың алдын алу, жолын кесу, ашу, тергеу бойынша үлгі қиын емес практикалық тапсырмаларды орындау. Қарапайым қызметтік жағдайларда өздерінің іс-әрекеттерін бақылау және түзету дағдылары. |
Әкімшілік, қылмыстық құқық бұзушылықтардың түрлері, болдырмау және жазалау тәсілдері. |
3. |
Дербестік: типтік жағдайларда, әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша жазаларды талдау және қолдану, қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу, жолын кесу, ашу, тергеу жағдайларында басшылық етумен жұмыс істеу; Өз бетінше оқу. |
Әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша жазаларды талдау және қолдану, қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу, жолын кесу, ашу, тергеудің стандартты практикалық тапсырмаларын орындау. Қызметті жоспарлау, қойылған міндеттерді орындау тәсілдерін анықтау. |
Әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтар алдын алу, анықтау, жолын кесу, ашу, тергеу тәсілдері мен құралдары, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. |
4 |
Дербестік: өз бетінше тапсырмаларды айқындау, қарамағындағылардың нормаларды іске асыруын ұйымдастыруды және бақылауды көздейтін басшылық етумен әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша жазаларды талдау және қолдану, алдын алу, жолын кесу, ашу, тергеу жөніндегі атқарушылық-басқару қызметі. |
Тапсырманы орындауды жоспарлау, қарамағындағыларға міндет қою, қызметтің нәтижелерін бағалау. |
Кәсіби міндеттер қою және шешу кезінде әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтарды ескерту, анықтау, жолын кесу, ашу, тергеу тәсілдері, принциптері және амалдары, қызметтік қарым-қатынас этикасы мен психологиясы, қызметкерлерді қызметке ынталандыру тәсілдері |
5 |
Дербестік: әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша жазаларды талдау және қолдану, қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу, жолын кесу, ашу және тергеуді ұйымдастыру бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің комитеттері, департаменттері, басқармалары қызметтерінің бөлімшелері, бөліністері және стратегиялары шеңберлеріндегі басқарушылық қызмет. |
Құқық бұзушылықтарды талдау және жіктеу бойынша қызметке тапсырысты түсіну, қызметтік жағдайлар мен өз іс-әрекетін талдау. Оларды іске асыру бойынша шешімдер қабылдау және жағдай туғызу, командалық жұмыс контексінде қызметті бақылау және түзету, қызметкерлердің басқарушылық және орындаушылық кәсібилігін арттыру. |
Жүйелі талдаудың методологиясы және кәсіби жағдайларды жобалау, басқарушылық шешім қабылдау тәсілдері, ұжымдық және командалық білім беру. |
6. |
Дербестік: шектес бөліністермен, құқық қорғау органдары мен жұмысты келісуді болжайтын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі комитеттері, департаменттерінің, басқармаларының қызметтерінің стратегиялары шеңберіндегі әкімшілік жазаларды талдауды және қолдануды ұйымдастыру, қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу, жолын кесу, ашу және тергеу жөніндегі басқарушылық қызмет. |
Белгісіздігі жоғары қызметтік жағдайларда шешімді жобалау және қабылдау. Өзін-өзі басқару мәдениетінің, қарым-қатынасты ұйымдастыру және көзқарастарды келісу, нәтижелерді ресімдеу және оның тұсаукесерлері заманауи бағдарламалық өнімдерді және техника құралдарын қолдану дағдылары. |
Жүйелі талдаудың әдіснамасы, |
7. |
Дербестік: Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жұмыс істеу және даму стратегиясын құруды болжайтын әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша жазаларды талдау және қолдану, қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу, жолын кесу, ашу және тергеу жөніндегі басқарушылық қызмет. |
Міндеттер мен проблемалар қою дағдылары, инновациялық тәсілдерді қолдана отырып, оларды жүйелі шешу, қызметтің тұжырымдамалары мен стратегияларын қою. |
Акмеологиялық тәсілдер, тұжырымдамалардың, стратегиялардың, қызметтердің және өзара іс-әрекет жасаудың функционалдық модельдерін құру методологиясы, тапсырмалар мен проблемаларды қою және жүйелі шешудің тәсілдері. |
8. |
Дербестік: Қазақстан Республикасы құқық қорғау жүйесінің орталық атқарушылық органдарының жұмыс істеуі және даму стратегиясын құруды болжайтын құқық бұзушылықтарды талдау мен жіктеуді ұйымдастыру жөніндегі басқарушылық қызмет. |
Жүйелі және стратегиялық ойлау, қисынды әдістерді қолдана отырып стратегиялық шешімдер қабылдау, кәсіби қызметті әзірлеу және іске асыру кезінде өзара іс-әрекет жасаудың модельдерін құру және апробациялау дағдылары. |
Қызметтің және өзара іс-әрекет жасау жүйесін құру тәсілдері. Макроәлеуметтік және макроэкономикалық жүйелермен модельдеу және басқару методологиясы. |
СБШ деңгейі |
4. Кәсіби қызмет саласы: жазаларды орындау, әлеуметтік бейімдеу және оңалту жөніндегі қызмет |
||
Жеке және кәсіби құзыреттер |
Білік пен дағды |
Білім |
|
1 |
Дербестік: қамалғандар мен сотталғандарға тәрбие-түзеу әрекеттері, қамалғандар мен сотталғандар арасында құқық бұзушылықтар жасаудың алдын алу бойынша тапсырмаларды орындау барысында дербестіктің төменгі деңгейі кезінде толық басшылықпен жұмыс істеу. |
Тәрбие-түзеу қызметінің типтік қиын емес тапсырмаларын орындау, қамалғандар мен сотталғандар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу. Өзін-өзі бақылау және өзін ұстай білушілік, атқарушылық қызмет дағдылары. |
Тәрбие-түзеу қызметінің, қамалғандар мен сотталғандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алудың нысандары мен түрлері |
2 |
Дербестік: қамалғандар мен сотталғандарға тәрбие-түзеудің ықпал етудің таныс жағдайларда кейбір дербестіктің бар болуы кезінде басшылық етумен жұмыс істеу; басшылық етумен оқу. |
Тәрбие-түзеу қызметінің қиын емес практикалық тапсырмаларын орындау, қамалғандар мен сотталғандар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алудың. Қарапайым қызметтік жағдайларда өздерінің іс-әрекеттерін бақылау және түзету дағдылары. |
Қамалғандар мен сотталғандарды тәрбие-түзеу қызметі, қамалғандар мен сотталғандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу іс-шараларының түрлері |
3 |
Дербестік: типтік жағдайларда, тәрбие-түзеу қызметінің, қамалғандар мен сотталғандар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алудың, әлеуметтік бейімделу және қамалғандар мен сотталғандарды оңалту үшін жағдайлар жасаудағы күрделі жағдайларда басшылық етумен жұмыс істеу; Өз бетімен оқу. |
Қамалғандар мен сотталғандарды тәрбие-түзеу қызметінің стандарттық практикалық тапсырмаларын орындау, құқық бұзушылықтардың алдын алу, қамалғандар мен сотталғандарды әлеуметтік бейімдеу және оңалту. Қызметтерді жоспарлау, қойылған міндеттерді орындау тәсілдерін анықтау. |
Тәрбие-түзеу қызметінің, құқық бұзушылықтардың жасаудың алдын алудың, қамалғандар мен сотталғандарды әлеуметтік бейімдеу және оңалту тәсілдері мен құралдары |
4 |
Дербестік: дербес тапсырмаларды анықтауды, қарамағындағылардың нормаларды іске асыруын ұйымдастыруын және бақылауды көздейтін басшылық етумен тәрбие-түзеу қызметі, қамалғандар мен сотталғандар арасында құқық бұзушылықтар жасаудың алдын алу, қамалғандар мен сотталғандарды әлеуметтік бейімдеу және оңалту үшін жағдай жасау жөніндегі атқарушылық-басқару қызметі. |
Тәрбие-түзету қызметінің, құқық бұзушылықтардың алдын алудың, қамалғандар мен сотталғандарды әлеуметтік бейімдеудің және оңалтудың тапсырмаларын орындауды жоспарлау. қарамағындағыларға міндет қою, қызметтің нәтижелерін бағалау. |
Тәрбие-түзеу қызметінің, құқық бұзушылықтардың алдын алудың, кәсіби міндеттер қою және шешу кезінде қамалғандар мен сотталғандарды әлеуметтік бейімдеу және оңалту тәсілдері, принциптері және амалдары. |
5 |
Дербестік: тәрбие-түзеу қызметін ұйымдастыру, қамалғандар мен сотталғандар арасында құқық бұзушылықтар жасаудың алдын алу, қамалғандар мен сотталғандарды әлеуметтік бейімдеу және оңалту үшін жағдайлар жасау бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі комитеттері, департаменттері, басқармалары қызметтерінің бөлімшелері, бөліністер және стратегиялары шеңберлеріндегі басқарушылық қызмет. |
Тәрбие-түзету бойынша қызметке тапсырысты түсіну, құқық бұзушылықтар жасаудың алдын алу, қамалғандар мен сотталғандарды әлеуметтік бейімдеу және оңалту, қызметтік жағдайларды және өз іс-әрекетін талдау, оларды іске асыру бойынша шешімдер қабылдау және жағдай туғызу, командалық жұмыс контексінде қызметті бақылау және түзету, қызметкерлердің басқарушылық және орындаушылық кәсібилігін арттыру. |
Жүйелі талдаманың методологиясы және кәсіби жағдайларды жобалау. Басқарушылық шешім қабылдау тәсілдері. Ұжымдық және командалық білім беру. |
6 |
Дербестік: басқа бөліністермен жұмыстарды келісуді болжайтын Ішкі істер министрлігі комитеттерінің, департаменттерінің, басқармаларының қызметтерінің стратегиялары шеңберінде тәрбие-түзету қызметін ұйымдастыру, қамалғандар мен сотталғандар арасында құқық бұзушылықтар жасаудың алдын алу, қамалғандар мен сотталғандарды әлеуметтік бейімдеу және оңалту үшін жағдайлар жасау жөніндегі басқарушылық қызмет. |
Тәрбие-түзеу қызметінің шешімін жобалау және қабылдау, құқық бұзушылықтар жасаудың алдын алу, жоғары белгісіздік қызметтік жағдайларында қамалғандар мен сотталғандарды әлеуметтік бейімдеу және оңалту. Өзін-өзі басқару мәдениетінің қарым-қатынасты ұйымдастыру және көзқарастарды келісу, нәтижелерді ресімдеу және оның тұсаукесерлері, заманауи бағдарламалық өнімдерді және техника құралдарын пайдалану дағдылары. |
Жүйелі талдаудың методологиясы, құқық бұзушылықтардың алдын алу, |
7 |
Дербестік: Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жұмыс істеу және даму стратегиясын құруды болжайтын қамалғандар мен сотталғандарға тәрбие-түзету қызметінің, қамалғандар мен сотталғандар арасында әлеуметтік бейімдеу және оңалту үшін жағдайлар жасаудың тетігін жетілдіру жөніндегі басқарушылық қызмет. |
Міндеттер мен проблемалар қою инновациялық тәсілдерді қолдана отырып, оларды жүйелі шешу, қызмет тұжырымдары мен стратегияларын қою дағдылары. |
Акмеологиялық тәсілдер. тұжырымдамалардың, стратегиялардың, қызметтер және өзара іс-әрекет жасаудың функционалдық модельдерін құру методологиясы. |
8 |
Дербестік: Қазақстан Республикасы құқық қорғау жүйесінің орталық атқарушылық органдарының жұмыс істеу және даму стратегиясын құруды болжайтын қамалғандар мен сотталғандар арасында құқық бұзушылықтар жасаудың алдын алу, қамалғандар мен сотталғандарды әлеуметтік бейімдеу және оңалту тетігін жетілдіру жөніндегі басқарушылық қызмет. |
Жүйелі және стратегиялық ойлау, қисынды әдістерді қолдана отырып, стратегиялық шешімдер қабылдау, кәсіби қызметтің және өзара іс-әрекет жасаудың модельдерін құру және апробациялау дағдылары |
Қызметтің және өзара іс-әрекет жасау жүйесін құру тәсілдері. Макроәлеуметтік және макроэкономикалық жүйелерді модельдеу және басқару методологиясы. |
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер органдарының
Салалық біліктілік шеңберіне
2-қосымша
4. Біліктілік деңгейіне қол жеткізу көрсеткіштері
Біліктілік деңгейі |
Біліктілік деңгейіне қол жеткізу көрсеткіштері |
1 |
Практикалық тәжірибе және/немесе жұмыс орнында қысқа мерзімді оқыту (нұсқау) және/немесе бастауыштан кем емес орта білімі болған кезде қысқа мерзімді курстар. |
2 |
Практикалық тәжірибе және/немесе жалпы орта білімі (негізгі орта білімнен кем емес) болған кезде кәсіби даярлау (білім беру мекемесі негізінде қысқа мерзімді курстар немесе корпоративті білім беру) немесе негізгі орта білімнің негізінде техникалық және кәсіби білім немесе практикалық тәжірибесіз жалпы орта білім болған кезде |
3 |
Практикалық тәжірибе және/немесе жалпы орта білім немесе негізгі орта білімнің негізінде техникалық және кәсіби білім немесе практикалық тәжірибесіз жалпы орта білім болған кезде кәсіби даярлау (білім беру мекемелерінің негізінде бір жылға дейін кәсіби даярлау бағдарламалары бойынша курстар немесе корпоративті оқыту). |
4 |
Жоғары дәрежелі техникалық және кәсіби білім қосымша кәсіби дайындық және практикалық тәжірибе. |
5 |
Техникалық және кәсіби білім, ортадан кейінгі білім, қосымша кәсіби дайындық немесе жоғары білім, практикалық тәжірибе. |
6 |
Жоғары білім, қосымша кәсіби дайындық, практикалық тәжірибе. |
7 |
Жоғары білім, қосымша кәсіби дайындық, практикалық тәжірибе. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім, практикалық тәжірибе. |
8 |
Жоғары білім, практикалық тәжірибе, немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, практикалық тәжірибе. |