"Кәсіби стандарттардың құрылымын, оларды әзірлеу, қайта қарау, сынақтан өткізу және қолдану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушының 2012 жылғы 24 қыркүйектегі № 374-ө-м бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 689-ө-м бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 13 ақпанда № 9142 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 15 желтоқсандағы № 971 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 15.12.2015 № 971 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 маусымдағы № 616 қаулысымен бекітілген Ұлттық біліктілік жүйесін әзірлеудің кезеңдік жоспарын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Кәсіби стандарттардың құрылымын, оларды әзірлеу, қайта қарау, сынақтан өткізу және қолдану қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8031 тіркелген, «Заң» газетінде 2012 жылғы 15 қарашадағы № 173 (2181), 173 (2355) жарияланған) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушының 2012 жылғы 24 қыркүйектегі № 374-ө-м бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кәсіби стандарт құрылымы осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      1) көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кәсіби стандарттардың құрылымын, оларды әзірлеу, қайта қарау, сынақтан өткізу және қолдану қағидалары осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2) Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті (А.Ә. Оспанов) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және әлеуметтік қорғау вице-министрі Қ.Б. Әбсаттаровқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                          Т. Дүйсенова

Қазақстан Республикасы 
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің   
2013 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 689-ө-м бұйрығына  
1-қосымша       

Қазақстан Республикасы    
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі міндетін атқарушының
2012 жылғы 24 қыркүйектегі  
№ 374-ө-м бұйрығына     
1-қосымша           

Кәсіби стандарттың құрылымы

      1. Жалпы ережелер
      2. Кәсіби стандарттың паспорты:
      1)  экономикалық қызмет түрі __________________________________
      2) кәсіби қызмет саласы _______________________________________
      3) кәсіби қызмет саласының негізгі мақсаты ____________________
      4) еңбек қызметінің түрі, қызметкер (жұмысшы, қызметші) кәсібінің атауы, біліктілік деңгейі:

Р/с №

Еңбек қызметі түрінің атауы

Еңбек нарығының үрдісін ескергендегі кәсіптердің атауы

Қызметкерлердің жалпыреспубликалық кәсіптер сыныптауышына және/немесе «Кәсіптер сыныптауышы» Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыныптауышына сәйкес кәсіп атауы (ҚР МС 01-2005)

Ұлттық біліктілік шеңберіне (салалық біліктілік шеңберіне) сәйкес біліктілік деңгейі

      3. Қызметкер кәсібінің карточкасы:
      1) Қызметкер (жұмысшы, қызметші) кәсібінің атауы: _____________
      2) Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланыс:

Қызметкерлердің жалпыреспубликалық кәсіптер сыныптауышы және/немесе
«Кәсіптер сыныптауышы» Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыныптауышы (ҚР МС 01-2005)

Базалық топ
(кәсіптер коды)


Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мамандықтарының сыныптауышы (ҚР МС 08-2009)

Жоғары білім мамандығы (бакалавриат)


Жоғары оқу орнынан кейінгі білім мамандығы (магистратура)





Техникалық және кәсіптік білім беру мен орта білімнен кейінгі білім берудің мамандар мен кәсіптер сыныптауышы (ҚР МС 05-2008)

Мамандықтың атауы


Біліктілік





Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (БТБА)

БТБА шығарылымы, бөлімі


БТБА бойынша кәсіптер атауы





Біліктілік деңгейі

БТБА бойынша разрядтар







Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығы (БА)

Біліктілік деңгейі

Санаттар






Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілер
лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары (ҮБС)

Біліктілік деңгейі

Санаттар






      3) Еңбек жағдайларына, біліміне және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар:

Кәсібі бойынша жұмыстың ықтимал орындары (ұйымдар, кәсіпорындар)


Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары


Жұмысқа рұқсат берудің ерекше жағдайлары


Ұлттық біліктілік шеңберіне (салалық біліктілік шеңберіне) сәйкес біліктілік деңгейі

Кәсіби білім беру мен оқытудың деңгейі

Талап етілетін жұмыс тәжірибесі




      4) Функционалдық карта:

Еңбек функциясы (жеке және кәсіби құзыреттер)

Білімі

Ұлттық біліктілік шеңберіне (салалық біліктілік шеңберіне) сәйкес біліктілік деңгейі

      4. Кәсіби (мансаптық) өсудің картасы:

Қызметкердің кәсібі

Ұлттық біліктілік шеңберіне (салалық біліктілік шеңберіне) сәйкес біліктілік деңгейлері


8-ші


7-ші


6-шы


5-ші


4-ші


3-ші


2-ші


1-ші

      5. Келісу парағы:

Ұйымның атауы

Келісу күні







      6. Кәсіби стандартты тіркеу парағы:
      Осы кәсіби стандарт тіркелген және кәсіби стандарттар тізіліміне тірк. № _______________ енгізілген
Хат (хаттама) № _______________ Күні ______________________
Ескертпе:
      1. «Жалпы ережелер» 1-бөлімде кәсіби стандарттың қолдану саласы, сондай-ақ терминдер және анықтамалар, қолданылатын қысқартулар сипатталады.
      2. «Кәсіби стандарт паспорты» 2-бөлім:
      1) экономикалық қызмет түрін;
      2) кәсіби қызмет саласын;
      3) кәсіби қызмет саласының негізгі мақсатын;
      4) Ұлттық және/немесе салалық біліктілік шеңберіне сәйкес еңбек қызметінің, кәсіптің (жұмысшы, қызметші), біліктілік деңгейлерінің түрлерін айқындайды.
      3. «Кәсіп карточкасы» 3-тарауы қызметкердің (жұмысшының, қызметшінің) әрбір кәсібіне толтырылады және мыналарды қамтиды:
      «Кәсіп карточкасы» 1) тармақшасы мынаны қамтиды: (жұмысшы, қызметші) кәсібінің атауын;
      «Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланыс» деген 2) тармақшада:
      Қызметкерлердің жалпыреспубликалық кәсіптер сыныптауышымен және/немесе «Кәсіптер сыныптауышы» Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыныптауышымен (кәсіптер коды);
      техникалық және кәсіптік білім беру және орта білімнен кейінгі білім берудің мамандар мен кәсіптер сыныптауышымен (мамандықтың атауы, біліктілігі);
      жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мамандықтарының сыныптауышымен (бакалавриат, магистратура мамандықтарының атауы);
      жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығымен (шығарылымы, бөлімі, атауы, жұмысшының разряды);
      басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығымен;
      Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 125-бабына сәйкес Басшылар, мамандар мен басқа да қызметшілер лауазымдарының үлгілік біліктілік анықтамалығымен (біліктілік деңгейі, санаты) өзара байланысы сипатталады;
      «Еңбек жағдайларына, біліміне және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» деген 3) тармақшада:
      кәсібі бойынша жұмыстың ықтимал орындары;
      зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары;
      жұмысқа рұқсат берудің ерекше жағдайлары;
      ұлттық біліктілік шеңберіне (салалық біліктілік шеңберіне) сәйкес біліктілік деңгейі;
      кәсіби білім беру мен оқытудың деңгейі;
      талап етілетін жұмыс тәжірибесі қамтылады.
      «Кәсіптердің функционалдық картасы» деген 4) тармақшада қызметкердің еңбек функцияларының (қажетті жеке және кәсіби құзыреттері), білімі мен білігіне талаптарының (білім деңгейі және еңбек өтілі) дәйекті сипаттамасы жүзеге асырылады.
      4. Кәсіби стандарт қосымша біліктілік және құзыреттілік деңгейіне, кәсіптік қызметтің нақты саласындағы еңбек мазмұны, сапасы мен жағдайларына қойылатын талаптардың ерекшеліктерін ашу үшін орынды болатын басқа да тараулармен және/немесе қосымшалармен толықтырылуы мүмкін.

Қазақстан Республикасы 
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің  
2013 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 689-ө-м бұйрығына 
2-қосымша      

Қазақстан Республикасы 
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі    
міндетін атқарушының  
2012 жылғы 24 қыркүйектегі
№ 374-ө-м бұйрығына 
2-қосымша       

Кәсіби стандарттарды әзірлеу, қайта қарау, сынақтан өткізу және
қолдану қағидалары

1. Жалпы ережелер

      Кәсіби стандарттарды әзірлеу, қайта қарау, сынақтан өткізу және қолдану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен, жұмыс берушілердің салалық бірлестіктерімен және қызметкерлердің салалық бірлестіктерімен бірлесіп, тиісті қызмет салаларының уәкілетті мемлекеттік органдарының (бұдан әрі – уәкілетті мемлекеттік орган) кәсіби стандарттарды (бұдан әрі – кәсіби стандарт) әзірлеу, қайта қарау, сынақтан өткізу және қолдану тәртібін белгілейді.
      2. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:
      салалық біліктілік шеңбері – салада танылатын біліктілік деңгейлерін құрылымдық жағынан сипаттау;
      кәсіби стандарт – кәсіби қызметтің нақты саласында біліктілік деңгейіне және құзыреттілікке, еңбек мазмұнына, сапасына және жағдайларына қойылатын талаптарды айқындайтын стандарт;
      кәсіп – арнайы дайындық пен жұмыс тәжірибесінің нәтижесінде алған арнайы теориялық білім мен практикалық дағдылар кешенін білуді талап ететін еңбек қызметінің түрі;
      жұмысшы кәсібі – материалдық құндылықтарды жасау, өнім (қызметтер, жұмыстар) шығару процесімен тікелей айналысатын, сонымен қатар жөндеу, жүктерді алып өту, жолаушыларды тасымалдау, материалдық қызметтер көрсетумен айналысатын жұмыс берушінің құрылымдық бірлігі.
      қызметші лауазымы – әкімшілік-шаруашылық, басқарушылық, инженерлік-техникалық, экономикалық функцияларын іске асыратын, сондай-ақ құжатнаманы дайындау және ресімдеу, есепке алу және бақылау, шаруашылық қызмет көрсету және басқа да ұқсас жұмыстармен айналысатын жұмыс берушінің құрылымдық бірлігі;
      кәсіби қызмет саласы – жалпы интеграциялық негізі бар және оларды орындау үшін еңбек функцияларының және құзыреттерінің ұқсас жиынтығын қарастыратын саланың еңбек қызметі түрлерінің жиынтығы;
      еңбек қызметінің түрі – еңбек функцияларының және оларды орындауға қажетті құзыреттерінің тұтас жиынтығынан құралған кәсіби қызмет саласының бөлігі;
      біліктілік деңгейі – орындалатын жұмыстардың күрделілігін, дербестілігі мен жауапкершілігін сипаттайтын қызметкердің біліктілігіне (құзыретіне) қойылатын талаптар деңгейі;
      біліктілік – қызметкердің нақты бір жұмыс түрін орындауға кәсіби дайындығының дәрежесі;
      құзыреттілік – қызметкердің кәсіби қызметінде білімін, білігі мен дағдысын қолдану қабілеті;
      үйлестіруші кеңес – Ұлттық біліктілік жүйесін дамыту жөніндегі кеңес Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жанындағы консультациялық-кеңесші орган болып табылады, тиімді Ұлттық біліктілік жүйесін дамыту және құру жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында құрылған;
      салалық кеңес – тиісті қызмет саласындағы мемлекеттік органның біліктілік жүйесін қалыптастыру жөніндегі кеңес мемлекеттік орган жанындағы салалық біліктілік шеңбері мен кәсіби стандарттарды әзірлеу жөніндегі жұмыстарды үйлестіруші консультациялық-кеңесші орган болып табылады.
      сынақтан өткізу – жобаланатын жұмыс құрамының (түрлерінің), білім деңгейінің және арнайы дайындығының нақты орындалатын жұмыстың құрамына және біліктілік деңгейіне сәйкестігін практикада, нақты жағдайларда тексеру;
      пайдаланушы – мемлекеттік органдар, ұйымдар (кәсіпорындар), жеке тұлғалар;
      кәсіби стандарттар тізілімі – еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган жүргізетін кәсіби стандарттар туралы деректердің бірыңғай ақпараттық базасы;
      еңбек функциясы – бизнес-процесс айқындайтын және оларды орындау үшін қажетті құзыреттердің болуын көздейтін еңбек іс-қимылдарының кіріктірілген және салыстырмалы түрде автономды жиынтығын білдіретін еңбек қызметі түрінің құрамдас бөлігі.

2. Кәсіби стандартты әзірлеу және сынақтан өткізу тәртібі

      3. Кәсіби стандартты әзірлеуді салалық біліктілік шеңбері негізінде тиісті қызмет салаларының уәкілетті мемлекеттік органдары Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен, жұмыс берушілердің салалық бірлестіктерімен және қызметкерлердің салалық бірлестіктерімен бірлесіп жүзеге асырады.
      Ұйымдар (кәсіпорындар) (бұдан әрі – әзірлеуші) кәсіби стандарттарды ұйымда тиісті құрылымдар болған кезде бастамашылық тәртіпте өз қаражаты есебінен өз бетінше әзірлейді және/немесе білікті мамандарды тартады не «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірлеуге тапсырыс орналастырады.
      Кәсіби стандартты әзірлеу еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган (бұдан әрі – еңбек жөніндегі уәкілетті орган) бекітетін кәсіби стандарттың құрылымына сәйкес жүзеге асырылады.
      Тиісті жылға арналған мемлекеттік бюджет есебінен әзірленетін, еңбек қызметінің сипаттауға келетін атауын, түрін (кіші түрін) қоса алғанда, кәсіби стандарттар жобаларының тізбесін уәкілетті мемлекеттік орган еңбек жөніндегі уәкілетті органмен келіседі.
      4. Кәсіби стандарт Қазақстан Республикасы Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптауышына (бұдан әрі – ЭҚТЖС) сәйкес кәсіптерді (кәсіптер атауы: білімі туралы құжат бойынша жұмысшының кәсібі, қызметкердің лауазымы) қамтитын кәсіби қызмет саласындағы еңбек қызметінің түріне әзірленеді.
      ЭҚТЖС-та экономикалық қызмет түрі болмаған кезде әзірлеуші сипаттауға жататын еңбек қызметінің түрін (кіші түрін) өз бетінше айқындайды (жекелеген жағдайларда еңбек қызметінің түрі мен кәсіби қызмет саласы бірдей болуы мүмкін).
      5. Әзірлеуші кәсіби стандарт жобасын тиісті қызмет саласындағы (ұқсас жұмыс түрлері) ұйымдарға (кәсіпорындарға) сынақтан өткізу үшін жолдайды. Ұйымдар (кәсіпорындар) кәсіби стандарт жобасы келіп түскен күнінен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде кәсіби қызмет түріне, жұмыс құрамына, білім деңгейіне, арнайы дайындығына сәйкестігін тексереді және әзірлеушіге тиісті қорытынды (бұдан әрі – қорытынды) жолдайды.
      Кәсіби стандарттың сынақтан өткен жобасы қорытындысымен бірге тиісті материалдар келіп түскеннен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде уәкілетті мемлекеттік органның салалық кеңесінде қаралады.
      6. Салалық кеңестің шешімі оң болған кезде кәсіби стандарт жобасы негіздейтін материалдармен қоса (түсіндірме жазба, әзірлеуші ұйым туралы мәліметтер, кәсіби стандарт жобасын сынақтан өткізген ұйымдардың (кәсіпорынның) қорытындысы, салалық кеңестің хаттамасы) бес жұмыс күні ішінде еңбек жөніндегі уәкілетті органға қарауға және келісуге жолданады.
      7. Еңбек жөніндегі уәкілетті органға келісуге ұсынылатын кәсіби стандарт жобасы мемлекеттік және орыс тілдерінде ресімделеді, әрбір парақ нөмірленеді және ұйым басшысының не басшының жетекші орынбасарының қолы қойылады.
      8. Еңбек жөніндегі уәкілетті орган кәсіби стандарт жобасын негіздейтін материалдарымен қоса келіп түскеннен кейін бес жұмыс күні ішінде кәсіби стандарттың сапасын сараптамалық зерттеу үшін оны үйлестіруші кеңеске жолдайды.
      Үйлестіруші кеңес туралы ережені және оның құрамын еңбек жөніндегі органның басшысы бекітеді.
      9. Үйлестіруші кеңес кәсіби стандарт жобасын қарау қорытындылары бойынша келіп түскен күнінен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде хаттамалық шешімді еңбек жөніндегі уәкілетті органға жолдайды.
      10. Еңбек жөніндегі уәкілетті орган:
      ескертулер және/немесе ұсыныстар болған кезде тиісті уәкілетті мемлекеттік органға кәсіби стандарт жобасын пысықтау қажеттігі туралы дәлелді қорытындыны жолдайды;
      ескертулер және /немесе ұсыныстар болмаған кезде кәсіби стандарт жобасын уәкілетті мемлекеттік органға жолдайды.
      11. Уәкілетті мемлекеттік орган кәсіби стандарт жобасын бекітуге алғаннан кейін 10 күнтізбелік күн ішінде еңбек жөніндегі уәкілетті органға кәсіби стандартты бекіту бұйрығы мен мемлекеттік және орыс тілдеріндегі кәсіби стандартты келісуге ұсынады.
      Уәкілетті мемлекеттік орган кәсіби стандартты әділет органдарында мемлекеттік тіркеу ресімдерін өткізгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде еңбек жөніндегі уәкілетті органға кәсіби стандартты бекіту туралы бұйрықтың көшірмесін, кәсіби стандарттың мемлекеттік және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық жеткізгіштегі бір нұсқасын ұсынады.

3. Уәкілетті мемлекеттік органдардың кәсіби стандарттарды
қайта қарау тәртібі

      12. Кәсіби стандартты қайта қарауды, оларды бекіткен уәкілетті мемлекеттік орган кемінде үш жылда бір рет қамтамасыз етеді.
      13. Еңбек пен өндірісті ұйымдастыруды, өндіріс ерекшеліктері мен құрылымын өзгерту, жаңа техника, технологиялар және қызметкерлердің еңбек функцияларының мазмұнын, құзыретін, біліктілігін өзгертуге алып келетін ұйымдастыру-техникалық іс-шараларын енгізу кәсіби стандартты міндетті қайта қарау мен ауыстыру үшін негіз болып табылады.
      Кәсіби стандартты қайта қарау мен ауыстыру олардың анықталуына қарай еңбек жағдайларына қате талаптар қойылған кезде жүргізіледі.
      14. Кәсіби стандартты қайта қарау және ауыстыру бойынша жұмысты орындауға тиісті қызмет саласының мемлекеттік органы құрылымдық бөлімшелердің басшыларын, экономикалық және кадрмен қамтамасыз ету бөлімдерінің өкілдерін, содай-ақ басқа да мамандарды тартуы мүмкін.
      15. Кәсіби стандарттарды қайта қарау және ауыстыру бойынша жұмыстар аяқталғанда уәкілетті мемлекеттік орган еңбек жөніндегі уәкілетті органға осы Қағидалардың 2-тарауына сәйкес оларды келісуге өтінім ұсынады.

4. Кәсіби стандарттарды қолдану

      16. Еңбек жөніндегі уәкілетті орган бекітілген кәсіби стандартты Кәсіби стандарттар тізіліміне енгізеді және оған тіркеу нөмірін береді.
      17. Пайдаланушыларды ақпараттандыру мақсатында еңбек жөніндегі уәкілетті орган әділет органдарында бекітілген және тіркелген кәсіби стандартты, сондай-ақ кәсіби стандарттар тізімін ведомстволық интернет-ресурсқа орналастырады.
      18. Кәсіби стандарт:
      еңбек нарығының қазіргі кездегі сұранысына жауап беретін қызметкердің біліктілік талаптарын жаңарту үшін, олардың кәсіби қызметінің мазмұнына қойылатын бірыңғай талаптар әзірлеуге;
      персоналды басқару саласындағы кең ауқымды міндеттерді шешуге (персоналды ынталандыру және уәждендіру жүйесін, лауазымдық нұсқаулықтарды, персоналды іріктеу, таңдау және аттестаттау, мансапты жоспарлау жүйесін әзірлеу);
      ұйымдарда (кәсіпорындарда) персоналды оқытудың, кәсіптік білім берудің, сондай-ақ осы бағдарламаларға оқу-әдістемелік материалдар әзірлеудің барлық деңгейінде білім беру бағдармаларын қалыптастыруға;
      кәсіптік даярлықты бағалауға және қызметкерлердің біліктілігіне сәйкестігін растауды жүргізуге арналған.
      19. Кәсіби стандарттарды:
      білім беру ұйымдарының бітірушілері, қызметкерлер;
      ұйымдардың басшылары, ұйымдардың персоналды басқару бөлімшелерінің басшылары мен мамандары;
      мемлекеттік білім беру бағдарламаларын әзірлейтін мамандар;
      кәсіби даярлықты бағалау және мамандардың біліктілігіне сәйкестігін растау саласының мамандары пайдаланады.

О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 24 сентября 2012 года № 374-ө-м "Об утверждении структуры и Правил разработки, пересмотра, апробации и применения профессиональных стандартов

Приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 31 декабря 2013 года № 689-ө-м. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 13 февраля 2014 года № 9142. Утратил силу приказом Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 15 декабря 2015 года № 971

      Сноска. Утратил силу приказом Министра здравоохранения и социального развития РК от 15.12.2015 № 971 (вводится в действие с 01.01.2016).

      В целях реализации Плана поэтапной разработки национальной системы квалификаций, утвержденного постановлением Правительства Республики Казахстан от 18 июня 2013 года № 616, ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Внести в приказ исполняющего обязанности Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 24 сентября 2012 года № 374-ө-м «Об утверждении структуры и Правил разработки, пересмотра, апробации и применения профессиональных стандартов» (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 8031, опубликованный в газете «Юридическая газета» от 15 ноября 2012 года № 173 (2181), № 173 (2355) следующие изменения:
      Структуру профессионального стандарта, утвержденную указанным приказом, изложить в новой редакции согласно приложению 1 к настоящему приказу;
      Правила разработки, пересмотра, апробации и применения профессиональных стандартов, утвержденные указанным приказом, изложить в новой редакции согласно приложению 2 к настоящему приказу.
      2. Департаменту труда и социального партнерства (Оспанов А. А.) в установленном законодательством порядке обеспечить государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан и его официальное опубликование.
      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на вице-министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан Абсаттарова К.Б.
      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр                                    Т. Дуйсенова

Приложение 1       
к приказу Министра труда и  
социальной защиты населения 
Республики Казахстан    
от 31 декабря 2013 года № 689-ө-м

Приложение 1       
к приказу и.о. Министра труда и
социальной защиты населения 
Республики Казахстан      
от 24 сентября 2012 года № 374-ө-м

Структура
профессионального стандарта

1. Общие положения
2. Паспорт профессионального стандарта:
1) вид экономической деятельности ___________________________
2) область профессиональной деятельности ____________________
3) основная цель области профессиональной деятельности ______
4) вид трудовой деятельности, наименование профессии работника (рабочего, служащего), уровень квалификации:

№ п/п

Наименование вида
трудовой
деятельности

Наименование
профессии с учетом
тенденции рынка
труда

Наименование
профессии согласно
общереспубликанскому
классификатору
профессий работников
и/или государственному
классификатору Республики Казахстан «Классификатор занятий»
(ГК РК 01-2005)

Уровень квалификации
согласно
национальной рамке
квалификаций
(отраслевой рамки
квалификаций)

3. Карточка профессии работника:
1) Наименование профессии работника (рабочего, служащего): __________
2) Связь с действующими нормативными документами:

Общереспубликанский классификатор профессий работников и/или Государственный классификатор Республики Казахстан «Классификатор занятий» (ГК РК 01-2005)

Базовая группа (код занятий)


Классификатор специальностей высшего и послевузовского образования
(ГК РК 08-2009)

Специальность высшего образования (бакалавриат)


Специальность послевузовского образования (магистратура)





Классификатор профессий и специальностей технического и профессионального, послесреднего образования (ГК РК 05-2008)

Наименование специальности


Квалификация





Единый тарифно-квалификационный справочник работ и профессий рабочих (ЕТКС)

Выпуск, раздел ЕТКС


Наименование профессии по ЕТКС





Уровень квалификации

Разряды по ЕТКС






Квалификационный справочник должностей руководителей, специалистов и других служащих (КС)

Уровень квалификации

Категории






Типовые квалификационные характеристики должностей руководителей, специалистов и других служащих организаций (ТКХ)

Уровень квалификации

Категории

3) Требования к условиям труда, образованию и опыту работы:

Возможные места работы по профессии (организации, предприятия)


Вредные и опасные условия труда


Особые условия допуска к работе


Уровень квалификации согласно национальной рамке квалификаций (отраслевой рамке квалификаций)

Уровень профессионального образования и обучения

Требуемый опыт работы

4) Функциональная карта:

Трудовые функции (личностные и профессиональные компетенции)

Знания

Уровень квалификации  согласно Национальной рамке квалификаций (Отраслевой рамке квалификаций)

4. Карта профессионального (карьерного) роста:

Профессия работника

Уровни квалификации согласно национальной рамке квалификаций (отраслевой рамке квалификаций)


8-й


7-й


6-й


5-й


4-й


3-й


2-й


1-й

5. Лист согласования:

Название организации

Дата согласования







6. Лист регистрации профессионального стандарта:
Настоящий профессиональный стандарт зарегистрирован и внесен в реестр профессиональных стандартов регистрационный №
Письмо (протокол) № ___________ Дата

      Примечание:
      1. Раздел 1. «Общие положения» описывает область применения профессионального стандарта, а также термины и определения, используемые сокращения.
      2. Раздел 2. «Паспорт профессионального стандарта» определяет:
      1) вид экономической деятельности;
      2) область профессиональной деятельности;
      3) основную цель области профессиональной деятельности;
      4) виды трудовой деятельности, профессии (рабочего, служащего), уровни квалификации в соответствии с Национальной и/или отраслевой рамками квалификаций.
      3. Раздел 3. «Карточка профессии» заполняется на каждую профессию работника (рабочего, служащего) и содержит:
      подпункт 1) «Карточка профессии» включает: наименование профессии (рабочего, служащего);
      подпункт 2) «Связь с действующими нормативными документами» описывает взаимосвязь с общереспубликанским классификатором профессий работников и/или с Государственным классификатором Республики Казахстан «Классификатор занятий» (код занятий);
      классификатором профессий и специальностей технического и профессионального, послесреднего образования (наименование специальности, квалификации);
      классификатором специальностей высшего и послевузовского образования (наименование специальности бакалавриат, магистратура);
      единым тарифно-квалификационным справочником работ и профессий рабочих (выпуск, раздел, наименование, разряд рабочего);
      квалификационным справочником руководителей специалистов и других служащих (уровень квалификации, категория);
      типовыми квалификационными характеристиками руководителей специалистов и других служащих (уровень квалификации, категория) в соответствии со статьей 125 Трудового кодекса Республики Казахстан 15 мая 2007 года № 251;
      подпункт 3) «Требования к условиям труда, образованию и к опыту работы» включает:
      возможные места работы по профессии;
      вредные и опасные условия труда;
      особые условия допуска к работе;
      уровень квалификации согласно национальной рамке квалификаций (отраслевой рамке квалификаций);
      уровень профессионального образования и обучения;
      требуемый опыт работы;
      подпункт 4) «Функциональная карта профессии» осуществляет последовательное описание трудовых функций (необходимых личностных и профессиональных компетенций), знаний и требований к квалификации работника (уровень образования и стаж работы).
      4. Профессиональный стандарт может быть дополнен другими разделами и/или приложениями, когда такое дополнение уместно для раскрытия особенностей требований к уровню квалификации и компетентности, к содержанию, качеству и условиям труда в конкретной области профессиональной деятельности.

Приложение 2       
к приказу Министра труда и 
социальной защиты населения  
Республики Казахстан    
от 31 декабря 2013 года № 689-ө-м

Приложение 2           
к приказу исполняющего обязанности 
Министра труда и социальной защиты населения
Республики Казахстан          
от 24 сентября 2012 года № 374-ө-м   

Правила разработки, пересмотра, апробации и применения
профессиональных стандартов 1. Общие положения

      1. Правила разработки, пересмотра, апробации и применения профессиональных стандартов (далее - Правила) разработаны в соответствии с Трудовым кодексом Республики Казахстан и устанавливают порядок разработки, пересмотра, апробации и применения профессиональных стандартов (далее - профстандарт) уполномоченными государственными органами соответствующих сфер деятельности (далее - уполномоченный государственный орган) совместно с Национальной палатой предпринимателей Республики Казахстан, отраслевыми объединениями работодателей и отраслевыми объединениями работников.
      2. В настоящих Правилах применяются следующие термины и определения:
      отраслевая рамка квалификаций - структурированное описание квалификационных уровней признаваемых в отрасли;
      профессиональный стандарт - стандарт, определяющий в конкретной области профессиональной деятельности требования к уровню квалификации и компетентности, к содержанию, качеству и условиям труда;
      профессия - основной род занятий трудовой деятельности человека, требующий определенных знаний, умений и практических навыков, приобретаемых в результате специальной подготовки и подтверждаемых соответствующими документами об образовании;
      профессия рабочего – структурная единица работодателя, непосредственно занятая в процессе создания материальных ценностей, производства продукции (услуг, работ), а также занятая ремонтом, перемещением грузов, перевозкой пассажиров, оказанием материальных услуг;
      должность служащего - структурная единица работодателя, осуществляющая административно-хозяйственные, управленческие, инженерно-технические, экономические функции, а так же занятая подготовкой и оформлением документации, учетом и контролем, хозяйственным обслуживанием и другими аналогичными работами;
      область профессиональной деятельности - совокупность видов трудовой деятельности отрасли, имеющая общую интеграционную основу и предполагающая схожий набор трудовых функций и компетенций для их выполнения;
      вид трудовой деятельности - часть области профессиональной деятельности, сформированная целостным набором трудовых функций и необходимых для их выполнения компетенций;
      уровень квалификации - уровень требований к квалификации (компетенциям) работника, отражающий сложность, самостоятельность и ответственность выполняемых работ;
      квалификация - степень профессиональной подготовленности работника к выполнению конкретного вида работы;
      компетенция - способность работника применять в профессиональной деятельности знания, умения и навыки;
      координационный совет - совет по развитию Национальной системы квалификаций является консультативно-совещательным органом при Министерстве труда и социальной защиты населения Республики Казахстан, образован с целью выработки предложений по развитию и созданию эффективной Национальной системы квалификаций.
      отраслевой совет - совет по формированию квалификационной системы государственного органа соответствующей сферы деятельности является консультативно-совещательным органом, координирующим работу по разработке отраслевой рамки квалификаций и профессиональных стандартов при государственном органе.
      апробация - проверка на практике, в реальных условиях соответствия проектируемого состава (видов) работ, уровня образования и специальной подготовки фактически выполняемому составу работ и уровню квалификации;
      пользователь - государственные органы, организации (предприятия), физические лица;
      реестр профессиональных стандартов - единая информационная база данных о профессиональных стандартах, которая ведется уполномоченным государственным органом по труду;
      трудовая функция - составная часть вида трудовой деятельности, представляющая собой интегрированный и относительно автономный набор трудовых действий, определяемых бизнес-процессом и предполагающий наличие необходимых компетенций для их выполнения.

2. Порядок разработки и апробации профессионального стандарта

      3. Разработка профстандарта осуществляется уполномоченными государственными органами соответствующих сфер деятельности совместно с Национальной палатой предпринимателей Республики Казахстан, отраслевыми объединениями работодателей и отраслевыми объединениями работников на основе отраслевых рамок квалификаций.
      Организации (предприятия) (далее - разработчик) разрабатывают профстандарты самостоятельно за счет собственных средств в инициативном порядке при наличии соответствующих структур в организации и/или привлекают квалифицированных специалистов, либо размещают заказ на разработку в соответствии с Законом Республики Казахстан от 21 июля 2007 года «О государственных закупках».
      Разработка профстандарта осуществляется в соответствии со структурой профстандарта, утверждаемой уполномоченным государственным органом по труду (далее - уполномоченный орган по труду).
      Перечень проектов профстандартов, включая наименование, вид (подвид) трудовой деятельности, подлежащий описанию, разрабатываемых за счет государственного бюджета на соответствующий год уполномоченный государственный орган согласовывает с уполномоченным органом по труду.
      4. Профстандарт разрабатывается в соответствии с Общим классификатором видов экономической деятельности Республики Казахстан (далее – ОКВЭД) на вид (подвид) трудовой деятельности в области профессиональной деятельности, включающей профессии (наименование профессии: профессии рабочего, должности служащего по документу об образовании).
      При отсутствии в ОКВЭД вида экономической деятельности разработчик самостоятельно определяет вид (подвид) трудовой деятельности, подлежащую описанию (в отдельных случаях вид трудовой деятельности и область профессиональной деятельности могут совпадать).
      5. Проект профстандарта, разработчиком направляется в организации (предприятия) соответствующих сфер деятельности (аналогичных видов работ) для апробации. Организации (предприятия) в течение 30 календарных дней со дня поступления проекта профстандарта проводят его проверку на соответствие виду профессиональной деятельности, составу работ, уровню образования, специальной подготовке и направляет разработчику соответствующее заключение (далее - заключение).
      Апробированный проект профстандарта вместе с заключением рассматривается в течение тридцати календарных дней после поступления соответствующих материалов в отраслевом совете государственного органа.
      6. При положительном решении отраслевого совета проект профстандарта с приложением обосновывающих материалов (пояснительная записка, сведения об организации - разработчике, заключение организаций (предприятий), в которых проходила апробация проекта профстандарта, протокол отраслевого совета) в течение пяти рабочих дней после принятия направляется на рассмотрение и согласование в уполномоченный орган по труду.
      7. Проект профстандарта, представляемый на согласование в уполномоченный орган по труду оформляется на государственном и русском языках, каждый лист нумеруется и парафируется руководителем, либо курирующим заместителем руководителя организации.
      8. Уполномоченный орган по труду в течение пяти рабочих дней со дня поступления проекта профстандарта с приложением обосновывающих материалов направляет их для экспертного обследования качества проекта профстандарта в координационный совет.
      Положение о координационном совете и его состав утверждается руководителем уполномоченного органа по труду.
      9. По итогам рассмотрения проекта профстандарта координационный совет в течении тридцати календарных дней со дня его поступления, направляет протокольное решение в уполномоченный орган по труду.
      10. Уполномоченный орган по труду:
      при наличии замечаний и/или предложений направляет соответствующему уполномоченному государственному органу мотивированное заключение о необходимости доработки проекта профстандарта;
      при отсутствии замечаний и/или предложений направляет его в уполномоченный государственный орган на утверждение.
      11. Уполномоченный государственный орган после получения проекта профстандарта на утверждение представляет в течение 10 календарных дней в уполномоченный орган по труду на согласование приказ об утверждении профстандарта и профстандарт на государственном и русском языках.
      После проведения процедуры государственной регистрации профстандарта в органах юстиции уполномоченный государственный орган в течение пяти рабочих дней представляет в уполномоченный орган по труду копию приказа об утверждении профстандарта, один экземпляр профстандарта на государственном и русском языках на бумажном и электронном носителях.

3. Порядок пересмотра профессиональных стандартов
уполномоченными государственными органами

      12. Пересмотр профстандарта обеспечивается уполномоченным государственным органом, их утвердившим, не реже одного раза в три года.
      13. Основанием для обязательного пересмотра и замены профстандарта являются изменения организации производства и труда, специфики и структуры производства, внедрение новой техники, технологии и организационно-технических мероприятий, повлекших изменение содержания трудовых функций, компетенций, квалификации работников.
      Пересмотр и замена профстандарта при ошибочно установленных требований к условиям труда проводится по мере их выявления.
      14. К выполнению работы по пересмотру и замене профстандарта государственным органом соответствующей сферы деятельности могут привлекаться руководители структурных подразделений, представители отделов экономического и кадрового обеспечения, а также другие специалисты.
      15. По окончании работ по пересмотру и замене профстандарта уполномоченным государственным органом представляется заявка в уполномоченный орган по труду на их согласование согласно главе 2 настоящих Правил.

4. Применение профессиональных стандартов

      16. Уполномоченный орган по труду вносит утвержденный профстандарт в Реестр профессиональных стандартов и присваивает ему регистрационный номер.
      17. В целях информации пользователей уполномоченный орган по труду размещает утвержденный и зарегистрированный в органах юстиции профстандарт, а также Реестр профессиональных стандартов на ведомственном интернет-ресурсе.
      18. Профстандарт предназначен для:
      выработки единых требований к содержанию профессиональной деятельности работника, для обновления требований к его квалификации, отвечающих современным потребностям рынка труда;
      решения широкого круга задач в области управления персоналом (разработки систем мотивации и стимулирования персонала, должностных инструкций, отбора, подбора и аттестации персонала, планирования карьеры);
      формирования образовательных программ всех уровней профессионального образования, обучения персонала в организациях (на предприятиях), а также разработки учебно - методических материалов к этим программам;
      проведения оценки профессиональной подготовленности и подтверждения соответствия квалификации работников.
      19. Профстандарты применяются:
      выпускниками организаций образования, работниками;
      руководителями организаций, руководителями и специалистами подразделений управления персоналом организаций;
      специалистами, разрабатывающими государственные образовательные программы;
      специалистами в области оценки профессиональной подготовленности и подтверждения соответствия квалификации специалистов.