"Астана қаласының әкімшілік шекараларындағы өзендерде су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 5 тамыздағы № 3-1-1587қ қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Астана қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 06 қарашадағы № 205-1914 қаулысы. Астана қаласының Әділет департаментінде 2013 жылғы 15 қарашада нормативтік құқықтық кесімдерді Мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 791 болып енгізілді. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 20 қазандағы № 205-2263 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 20.10.2023 № 205-2263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 қаңтардағы № 42 қаулысымен бекітілген Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу ережесіне сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Астана қаласының әкімшілік шекараларындағы өзендерде су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 5 тамыздағы № 3-1-1587қ қаулысына (Астана қаласының Әділет департаментінде 2004 жылғы 27 тамызда № 345 болып тіркелген, 2004 жылғы 7 қыркүйектегі № 124 (1484) "Вечерняя Астана" және 2004 жылғы 16 қыркүйектегі № 126 (1468) "Астана хабары" газеттерінде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:

      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1-1. Қаланың әкімшілік шекаралары шегінде су қорғау жолақтары су объектісінің қоқыстануы мен ластануын болдырмайтын жағалаулық аймағын (жақтаулар, опырылу, орманбұталы жолақтар) міндетті инженерлік және орман мелиоративтік жайластыру кезінде оларды жобалаудың және құрылысын салудың нақты жағдайларына байланысты белгіленеді.";

      4-тармақ "Алматы" деген сөзден кейін ", Есіл" деген таңбамен және сөзбен толықтырылсын.

      2. "Астана қаласының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның кейіннен Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында ресми жариялануы мен орналасуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары В.Л. Крыловқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Әкім

И. Тасмағамбетов

Келісілді:


"Қазақстан Республикасы


Қоршаған ортаны қорғау министрлігі


Су ресурстары комитетінің


Су ресурстарын пайдалануды


реттеу және қорғау жөніндегі


Есіл бассейндік инспекциясы"


республикалық мемлекеттік


мекемесі басшысының


міндетін атқарушы


_________________Р. Сүлейменов


2013 жылғы 30 қазан



О внесении дополнений в постановление акимата города Астаны от 5 августа 2004 года № 3-1-1587п "Об установлении водоохранных зон и полос на реках в административных границах города Астаны"

Постановление акимата города Астаны от 6 ноября 2013 года № 205-1914. Зарегистрировано Департаментом юстиции города Астаны 15 ноября 2013 года № 791. Утратило силу постановлением акимата города Астаны от 20 октября 2023 года № 205-2263.

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата города Астаны от 20.10.2023 № 205-2263 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с Водным кодексом Республики Казахстан от 9 июля 2003 года, Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и Правилами установления водоохранных зон и полос, утвержденными постановлением Правительства Республики Казахстан от 16 января 2004 года № 42, акимат города Астаны ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление акимата города Астаны от 5 августа 2004 года № 3-1-1587п "Об установлении водоохранных зон и полос на реках в административных границах города Астаны" (зарегистрировано в Департаменте юстиции города Астаны от 27 августа 2004 года № 345, опубликовано в газетах "Вечерняя Астана" № 124 (1484) от 7 сентября 2004 года и "Астана хабары" № 126 (1468) от 16 сентября 2004 года) следующие дополнения:

      дополнить пунктом 1-1 следующего содержания:

      "1-1. В пределах административных границ города водоохранные полосы устанавливаются исходя из конкретных условий их планировки и застройки при обязательном инженерном или лесомелиоративном обустройстве береговой зоны (парапеты, обвалование, лесокустарниковые полосы), исключающем засорение и загрязнение водного объекта.";

      пункт 4 после слова "Алматы" дополнить знаком и словом ", "Есиль".

      2. Руководителю Государственного учреждения "Управление природных ресурсов и регулирования природопользования города Астаны" обеспечить государственную регистрацию настоящего постановления в органах юстиции, его последующее официальное опубликование и размещение на интернет-ресурсе акимата города Астаны.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима города Астаны Крылова В.Л.

      4. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня первого официального опубликования.

Аким

И. Тасмагамбетов


      Согласовано:

      И.о. руководителя Республиканского

      Государственного учреждения

      "Ишимская бассейновая

      инспекция по регулированию

      использования и охране водных ресурсов

      Комитета по водным ресурсам

      Министерства охраны окружающей среды

      Республики Казахстан"

      ______________________ Р. Сулейменов

      30 октября 2013 года