Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 20.10.2023 № 205-2263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Ескерту. Қаулының барлық мәтіні және атауы бойынша "Астана" деген сөз "Нұр-Сұлтан" деген сөзбен ауыстырылды - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 19.08.2020 № 205-1718 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Су кодексіне, "Су қорғау аймақтары мен белдеулерiн белгiлеу қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 18 мамырдағы № 19-1/446 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11838 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, санитарлық және экологиялық талаптарды күшейту мақсатында, сондай-ақ Есіл өзенінің, Нұр-Сұлтан қаласы маңындағы кіші өзендердің ластануының, қоқыстануының және тасуының алдын алу үшін Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі қаулы етеді:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 19.08.2020 № 205-1718 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.1. Нұр-Сұлтан қаласының әкімшілік шекара аумағындағы өзендерде:
су қорғау аймағының ең төменгі енін судың орташа көпжылғы деңгейінің кемерінің әр жағасы бойынша өзен жайылмасын және жайылма үсті террассасын, негізгі жағалаудың тік жарларын, жыралар мен сайларды қоса есептегенде былай алынады:
1) Нұр-Сұлтан қаласы маңайындағы Есіл өзені үшін:
шаруашылық қолданудың қарапайым жағдайлары және су жинау алабында экологиялық жағдай қолайлы болса - 500 метр;
Есіл өзені арналарының жекелеген учаскелері үшін осы қаулының қосымшасына сәйкес;
шаруашылық қолданудың күрделі жағдайлары және су жинау алабында экологиялық жағдайы шиеленіссе - 1000 метр;
2) Ақбұлақ және Сарыбұлақ өзендері үшін - 500 метр:
су қорғау белдеулерінің ең төменгі ені Нұр-Сұлтан қаласының маңайындағы Есіл өзені үшін - 35 метр және Ақбұлақ пен Сарыбұлақ өзендері - 20 метр.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 19.08.2020 № 205-1718 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.1-1. Қаланың әкімшілік шекаралары шегінде су қорғау жолақтары су объектісінің қоқыстануы мен ластануын болдырмайтын жағалаулық аймағын (жақтаулар, опырылу, орманбұталы жолақтар) міндетті инженерлік және орман мелиоративтік жайластыру кезінде оларды жобалаудың және құрылысын салудың нақты жағдайларына байланысты белгіленеді.
Ескерту. Қаулы 1-1-тармақпен толықтырылды - Астана қаласы әкімдігінің 06.11.2013 № 205-1914 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).2. Су қорғау аймақтары мен белдеулерінің шеңберінде шаруашылық қызметтердің ерекше қолдану жағдайлары мен шектеу тәртіптемелері енгізілсін. Көрсетілген өзендердің су қорғау аймағында жер бөлу және жаңа объектілер салу мүдделі мемлекеттік ұйымдардың келісімімен жүргізілсін.
3. Кәсіпорындардың, ұйымдардың және шаруашылықтардың басшыларына ведомстволық керек-жарақтарына және меншік нысанына қарамастан, сондай-ақ пайдалануында су қорғау аймақтары мен белдеулерінің шеңберінде орналасқан жер телімдері бар жеке азаматтарға су қорғау аймағы мен белдеулерін сол қалпында күтіп және шаруашылықтың пайдалану тәртіптемелерін сақтауды ұсынсын.
4. "Алматы", "Есіл" және "Сарыарқа", "Байқоңыр" аудандарының әкімдері барлық мүдделі мекемелерге, кәсіпорындарға, ұйымдарға, шаруашылықтарға және азаматтарға қала әкімдігінің осы қаулысы және олардың шеңберінде аумақты пайдалану тәртіптемелері туралы хабардар етсін.
Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - Астана қаласы әкімдігінің 06.11.2013 № 205-1914 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 19.08.2020 № 205-1718 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.5. Ақмола Арнайы экономикалық аймақ Әкімшілік кеңесінің 1998 жылғы 24 қыркүйектегі № 3-1-992 "Су қорғау аймағы мен белдеулері туралы" (Астана қаласының Әділет басқармасында 2000 жылғы 19 шілдедегі № 75 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
6. Қала әкімдігінің осы қаулысының орындалуын бақылау Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің бірінші орынбасары С.С. Есіловке жүктелсін.
Астана қаласының әкімі |
Әкімнің бірінші орынбасары |
Әкімнің орынбасары |
Әкімнің орынбасары |
Әкімнің орынбасары |
Әкімнің орынбасары |
Әкім аппаратының басшысы |
Әкім аппараты құжаттамалық сараптама бөлімінің меңгерушісі |
Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің директоры |
Сәулет және қала құрылысы департаментінің директоры |
Келісілді
Астана қалалық Жер
ресурстарын басқару жөніндегі
комитеттің төрағасы
Астана қаласы бойынша
Аумақтық қоршаған ортаны
қорғау басқармасының бастығы
Есіл алаптық су шаруашылық
басқармасының бастығы
Нұр-Сұлтан қаласының әкімшілік шекараларында орналасқан Есіл өзенінің жекелеген
учаскелері және осы учаскелер үшін су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ең аз ені
Ескерту. Қосымшамен толықтырылды - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 19.08.2020 № 205-1718 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Р/с |
Су объектісі | Су қорғау аймағының ені, м | Су қорғау белдеуінің ені, м |
1. |
Есіл өзені | 381,6 | 35 |
2. |
Есіл өзенінің ескі арнасы (өзен учаскесі | 160,05 | 35 |
3. |
Есіл өзенінің ескі арнасы (өзен учаскесі | 84,78 | 35 |
4. |
Есіл өзені | 477,37 | 35 |
5. |
Есіл өзенінің ескі арнасы (өзен учаскесі | 70,42 | 35 |
6. |
Есіл өзені | 398 | 35 |
7. |
Есіл өзенінің ескі арнасы (өзен учаскесі | 244,39 | 35 |