2013 жылға субсидия алушылардың тізіміне қосуға арналған өтінімдерді ұсыну мерзімдерін және субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзімдерін анықтау туралы

Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 26 сәуірдегі № А-4/890 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 4 мамырда № 3718 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 31 қаңтардағы А-1/207 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 31.01.2014 А-1/207 (қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысымен бекітілген өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасының 12 тармақшасы, 2013 жылғы 12 сәуірдегі № 253 "А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қорытындысы негізінде, Көкшетау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2013 жылға субсидия алушылардың тізіміне қосуға арналған өтінімдерді ұсыну мерзімдері және субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзімдері осы қаулының қосымшасына сәйкес анықталсын.
      2. Осы қаулының іс-әрекеті 2013 жылғы 30 сәуірде туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары Қ.Қ.Жылқыбаевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі                                 М.Батырханов

Көкшетау қаласы әкімдігінің
2013 жылғы 26 сәуірдегі 
№ А-4/890 қаулысына   
қосымша          

2013 жылға субсидия алушылардың тізіміне қосуға арналған өтінімдерді ұсыну мерзімдерін және субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзімдері

Субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының түрлері

Субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзімдері

Субсидия алушылардың тізіміне қосуға арналған өтінімдерді ұсыну мерзімдері

1

Ортадан кеш пісетін жаздық бидай

15 мамырдан 25 мамырға дейін

26 мамырға дейін

2

Орташа пісетін жаздық бидай

18 мамырдан 27 мамырға дейін

28 мамырға дейін

3

Ортадан ерте пісетін жаздық бидай

21 мамырдан 30 мамырға дейін

31 мамырға дейін

4

Жаздық арпа

27 мамырдан 5 маусымға дейін

6 маусымға дейін

5

Сұлы

25 мамырдан 30 мамырға дейін

31 мамырға дейін

6

Қарақұмық

25 мамырдан 5 маусымға дейін

6 маусымға дейін

7

Жаздық қарабидай

10 мамырдан 16 мамырға дейін

17 мамырға дейін

8

Күнбағыс

12 мамырдан 15 мамырға дейін

16 мамырға дейін

9

Рапс

15 мамырдан 25 мамырға дейін

26 мамырға дейін

10

Зығыр

17 мамырдан 27 мамырға дейін

28 мамырға дейін

11

Картоп

10 мамырдан 23 мамырға дейін

24 мамырға дейін

12

Сүрлем үшін өсірілетін жүгері

18 мамырдан 25 мамырға дейін

26 мамырға дейін

13

Біржылдық шөптер

17 мамырдан 25 мамырға дейін

26 мамырға дейін

14

Ерте көктемгі астық және бұршақ тұқымдас көпжылдық егісі (арпабас, жоңышқа, еркекшөп, эспарцет)

30 сәуірге дейін

1 мамырға дейін

15

Көктемгі астық және бұршақ тұқымдас көпжылдық егісі (арпабас, жоңышқа, еркекшөп, эспарцет)

1 мамырдан 13 мамырға дейін

14 мамырға дейін

Об определении сроков предоставления заявок на включение в список получателей субсидий и оптимальных сроков сева по каждому виду субсидируемых приоритетных сельскохозяйственных культур на 2013 год

Постановление акимата города Кокшетау Акмолинской области от 26 апреля 2013 года № А-4/890. Зарегистрировано Департаментом юстиции Акмолинской области 4 мая 2013 года № 3718. Утратило силу постановлением акимата города Кокшетау Акмолинской области от 31 января 2014 года № А-1/207

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата города Кокшетау Акмолинской области от 31.01.2014 № А-1/207 (вводится в действие со дня подписания).

      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии со статьей 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", на основании пункта 12 Правил субсидирования из местных бюджетов на повышение урожайности и качества продукции растениеводства, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 4 марта 2011 года № 221, заключения товарищества с ограниченной ответственностью "Научно-производственный центр зернового хозяйства им. А.И.Бараева" от 12 апреля 2013 года № 253, акимат города Кокшетау ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Определить сроки предоставления заявок на включение в список получателей субсидий и оптимальные сроки сева по каждому виду субсидируемых приоритетных сельскохозяйственных культур на 2013 год, согласно приложению к настоящему постановлению.
      2. Действие настоящего постановления распространяется на правоотношения, возникшие с 30 апреля 2013 года.
      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима города Кокшетау Жылкыбаева К.К.
      4. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в Департаменте юстиции Акмолинской области и вводится в действие со дня официального опубликования.

      Аким города                                М. Батырханов

Приложение    
к постановлению акимата
города Кокшетау  
от 26 апреля 2013 года
№ А-4/890     

Сроки предоставления заявок на включение в список получателей субсидий и оптимальные сроки сева по каждому виду субсидируемых приоритетных сельскохозяйственных культур на 2013 год

Наименование субсидируемых приоритетных сельскохозяйственных культур

Оптимальные сроки сева по каждому виду субсидируемых приоритетных сельскохозяйственных культур

Сроки предоставления заявок на включение в список получателей субсидий

1

Яровая пшеница среднепоздняя

с 15 мая по 25 мая

до 26 мая

2

Яровая пшеница среднеспелая

с 18 мая по 27 мая

до 28 мая

3

Яровая пшеница среднеранняя

с 21 мая по 30 мая

до 31 мая

4

Яровой ячмень

с 27 мая по 5 июня

до 6 июня

5

Овес

с 25 мая по 30 мая

до 31 мая

6

Гречиха

с 25 мая по 5 июня

до 6 июня

7

Яровая рожь

с 10 мая по 16 мая

до 17 мая

8

Подсолнечник

с 12 мая по 15 мая

до 16 мая

9

Рапс

с 15 мая по 25 мая

до 26 мая

10

Лен

с 17 мая по 27 мая

до 28 мая

11

Картофель

с 10 мая по 23 мая

до 24 мая

12

Кукуруза на силос

с 18 мая по 25 мая

до 26 мая

13

Однолетние травы

с 17 мая по 25 мая

до 26 мая

14

Ранневесенний посев многолетних злаковых и бобовых трав (кострец, люцерна, житняк, эспарцет)

до 30 апреля

до 1 мая

15

Весенний посев многолетних злаковых и бобовых трав (кострец, люцерна, житняк, эспарцет)

с 1 мая по 13 мая

до 14 мая