Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 31.01.2014 А-1/207 (қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысымен бекітілген өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасының 12 тармақшасы, 2013 жылғы 12 сәуірдегі № 253 "А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қорытындысы негізінде, Көкшетау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2013 жылға субсидия алушылардың тізіміне қосуға арналған өтінімдерді ұсыну мерзімдері және субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзімдері осы қаулының қосымшасына сәйкес анықталсын.
2. Осы қаулының іс-әрекеті 2013 жылғы 30 сәуірде туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары Қ.Қ.Жылқыбаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі М.Батырханов
Көкшетау қаласы әкімдігінің
2013 жылғы 26 сәуірдегі
№ А-4/890 қаулысына
қосымша
2013 жылға субсидия алушылардың тізіміне қосуға арналған өтінімдерді ұсыну мерзімдерін және субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзімдері
№ |
Субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының түрлері |
Субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзімдері |
Субсидия алушылардың тізіміне қосуға арналған өтінімдерді ұсыну мерзімдері |
1 |
Ортадан кеш пісетін жаздық бидай |
15 мамырдан 25 мамырға дейін |
26 мамырға дейін |
2 |
Орташа пісетін жаздық бидай |
18 мамырдан 27 мамырға дейін |
28 мамырға дейін |
3 |
Ортадан ерте пісетін жаздық бидай |
21 мамырдан 30 мамырға дейін |
31 мамырға дейін |
4 |
Жаздық арпа |
27 мамырдан 5 маусымға дейін |
6 маусымға дейін |
5 |
Сұлы |
25 мамырдан 30 мамырға дейін |
31 мамырға дейін |
6 |
Қарақұмық |
25 мамырдан 5 маусымға дейін |
6 маусымға дейін |
7 |
Жаздық қарабидай |
10 мамырдан 16 мамырға дейін |
17 мамырға дейін |
8 |
Күнбағыс |
12 мамырдан 15 мамырға дейін |
16 мамырға дейін |
9 |
Рапс |
15 мамырдан 25 мамырға дейін |
26 мамырға дейін |
10 |
Зығыр |
17 мамырдан 27 мамырға дейін |
28 мамырға дейін |
11 |
Картоп |
10 мамырдан 23 мамырға дейін |
24 мамырға дейін |
12 |
Сүрлем үшін өсірілетін жүгері |
18 мамырдан 25 мамырға дейін |
26 мамырға дейін |
13 |
Біржылдық шөптер |
17 мамырдан 25 мамырға дейін |
26 мамырға дейін |
14 |
Ерте көктемгі астық және бұршақ тұқымдас көпжылдық егісі (арпабас, жоңышқа, еркекшөп, эспарцет) |
30 сәуірге дейін |
1 мамырға дейін |
15 |
Көктемгі астық және бұршақ тұқымдас көпжылдық егісі (арпабас, жоңышқа, еркекшөп, эспарцет) |
1 мамырдан 13 мамырға дейін |
14 мамырға дейін |