Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімдігінің 06.11.2014 № 07-20/1602 хатымен).
РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 13-тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5-бабының 2-тармағына, 7-бабының 2-тармақшасына сәйкес, Ерейментау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2013 жылға Ерейментау ауданындағы халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесі белгіленсін:
1) ұзақ уақыт жұмыс істемейтін тұлғалар (бір жылдан артық);
2) жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
3) туберкулездiк, онкологиялық аурулар, жүрек-қан тамырларының ауруларымен ауыратын тұлғалар, адамның қорғаныш тапшылығының қоздырғышын, жұқтырған қорғаныш тапшылығы белгiсiн жұқтырған тұлғалар;
4) маусымдық жұмыстардың аяқталуына байланысты еңбек шартының мерзімі аяқталған тұлғалар;
5) бұрында жұмыс істемеген тұлғалар (жұмыс өтілі жоқ).
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары С.Қ.Көшкінбаевқа жүктелсiн.
3. Осы қаулы Ақмола облысы Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелген күнінен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Аудан әкімі А.Қалжанов