Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімдігінің 27.08.2014 № а-6/292 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 56 бабы 1 тармағының 4 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабы 1 тармағының 14 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 11 бабы 2 тармағының 3 тармақшасына, 16 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысымен бекітілген "Үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін құжаттарды ресімдеу" мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес Жақсы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларға ай сайын 2 айлық есептік көрсеткіш көлемінде әлеуметтік көмек көрсетілсін.
2. Жақсы ауданы әкімдігінің "Үйде тәрбиеленіп және оқытылатын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету туралы" 2008 жылғы 3 қарашадағы № А-13/307 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-13-80 тіркелген, 2008 жылғы 5 желтоқсандағы "Жақсы жаршысы" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Д. Бралинаға жүктелсін.
4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі И.Қабдуғалиев