Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімдігінің 14.03.2013 № А-1/109 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 11 бабының 2 тармағы 3 тармақшасын жүзеге асыру мақсатында және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағы 14 тармақшасына, 37 бабына сәйкес, Жақсы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аудан бюджетінің қаражаты есебінен "Мүгедектерді әлеуметтік қолдау", үйде тәрбиеленіп және оқытылатын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету бағдарламасы бойынша қарастырылған 18 жасқа толмаған әрбір мүгедек балаға 2 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айына материалдық қамтамасыз ету берілсін.
2. Белгіленсін:
1) материалдық қамтамасыз ету отбасының кірісіне тәуелсіз туылған, асырап алынған, сонымен қатар қамқоршылыққа (қорғаншылыққа) алынған мүгедек балалардың (толық мемлекеттік қамтамасыз етудегі мүгедек балалардан басқа) ата-анасының біріне немесе оны ауыстыратын тұлғаға беріледі;
2) материалдық қамтамасыз ету "Ақмола облысының білім беру басқармасы" мемлекеттік мекемесінің психологиялық - медициналық - педагогикалық кеңестің қорытындысы бойынша өтініш берген айдан бастап беріледі;
3) материалдық қамтамасыз ету 12 ай уақытқа тағайындалады;
4) материалдық қамтамасыз ету ағымдағы айда қаржыландырудың түсуіне байланысты төленеді. Төлемді төлеуді тоқтататын жағдайда (мүгедек баланың жасының 18-ге толуы, мүгедек баланың қайтыс болуы, мүгедектіктен шығару), төлем сәйкесті жағдайлар пайда болған айдан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.
3. Мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз етуді тағайындау мен төлеуді "Жақсы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен жүзеге асырылады.
4. "Жақсы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне үйде тәрбиеленіп және оқытылатын мүгедек балаларға көрсетілетін әлеуметтік көмек үшін аудан бюджетінен бөлінген ақшалай қаражатты уақытында игеруді қамтамасыз ету бойынша шара қабылдасын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі орынбасарының міндетін атқарушы А.Д.Бралинаға жүктелсін.
6. Осы қаулы Жақсы ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарыққа шыққан күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жақсы ауданының
әкімі И.Қабдуғалиев