РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 31 бабының 1) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының 5-2) тармақшасына сәйкес, Жақсы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жақсы ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 5 наурыздағы № А-1/84 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" қаулысына (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3696 болып тіркелген, 2013 жылғы 12 сәуірдегі "Жақсы жаршысы" газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген қаулының кіріспесі келесі редакцияда баяндалсын:
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 31 бабының 1) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының 5-2) тармақшасына сәйкес, Жақсы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Т.Жапаровқа жүктелсін.
3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жақсы ауданының әкімі | Қ.Сүйіндіков |