РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 31 бабының 1) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының 5-2) тармақшасына сәйкес, Жақсы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімдігінің 10.09.2013 № А-8/311 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1. Жақсы ауданы бойынша жұмыс орындарының жалпы санынан үш процент мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
2. Жақсы ауданының "Жақсы ауданында жұмыс орындарының жалпы санының үш пайыз мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" 2009 жылғы 20 қаңтардағы № А-0/46 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-13-86 тіркелген, "Жақсы жаршысы" газетінде жарияланған 2009 жылғы 27 ақпандағы) қаулысының күші жойылған деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Д. Бралинаға жүктелсін.
4. Осы қаулы Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | И.Қабдуғалиев |