2014 жылға арналған Жақсы ауданының ауылдық елді мекендерінде жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы

Ақмола облысы Жақсы аудандық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 5С-24-3 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 15 қаңтарда № 3966 болып тіркелді

      Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда - Ақмола облысы Жақсы аудандық мәслихатының 16.04.2014 № 5BC-27-2 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18 бабының 8 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Жақсы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. 2014 жылға арналған Жақсы ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға аудан бюджетінде қарастырылған сома көлемінде келесі әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы:
      1) жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;
      2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау – бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Жақсы аудандық мәслихатының 16.04.2014 № 5BC-27-2 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жақсы аудандық
      мәслихатының сессия
      төрағасы                                   Б.Молдаханов

      Жақсы аудандық
      мәслихатының хатшысы                       Б.Жанәділов

      «КЕЛІСІЛГЕН»

      Жақсы ауданының әкімі                      Қ.Сүйіндіков

О предоставлении мер социальной поддержки специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Жаксынского района на 2014 год

Решение Жаксынского районного маслихата Акмолинской области от 24 декабря 2013 года № 5С-24-3. Зарегистрировано Департаментом юстиции Акмолинской области 15 января 2014 года № 3966

      Сноска. Заголовок в редакции решения Жаксынского районного маслихата Акмолинской области от 16.04.2014 № 5BC-27-2 (вводится в действие со дня официального опубликования).

      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии с пунктом 8 статьи 18 Закона Республики Казахстан от 8 июля 2005 года «О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий», постановлением Правительства Республики Казахстан от 18 февраля 2009 года № 183 «Об утверждении размеров и Правил предоставления мер социальной поддержки специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и ветеринарии, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты», Жаксынский районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Предоставить специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Жаксынского района, в пределах суммы предусмотренной в бюджете района на 2014 год, следующие меры социальной поддержки:
      1) подъемное пособие в сумме, равной семидесятикратному месячному расчетному показателю;
      2) социальная поддержка для приобретения или строительства жилья – бюджетный кредит в сумме, не превышающей одну тысячу пятисоткратного размера месячного расчетного показателя.
      Сноска. Пункт 1 в редакции решения Жаксынского районного маслихата Акмолинской области от 16.04.2014 № 5BC-27-2 (вводится в действие со дня официального опубликования).
      2. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в Департаменте юстиции Акмолинской области и вводится в действие со дня официального опубликования.

      Председатель
      сессии Жаксынского
      районного маслихата                        Б.Молдаханов

      Секретарь Жаксынского
      районного маслихата                        Б.Джанадилов

      «СОГЛАСОВАНО»

      Аким Жаксынского района                    К.Суюндиков