Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда - Ақмола облысы Жақсы аудандық мәслихатының 16.04.2014 № 5BC-27-2 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18 бабының 8 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Жақсы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. 2014 жылға арналған Жақсы ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға аудан бюджетінде қарастырылған сома көлемінде келесі әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы:
1) жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;
2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау – бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Жақсы аудандық мәслихатының 16.04.2014 № 5BC-27-2 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жақсы аудандық
мәслихатының сессия
төрағасы Б.Молдаханов
Жақсы аудандық
мәслихатының хатшысы Б.Жанәділов
«КЕЛІСІЛГЕН»
Жақсы ауданының әкімі Қ.Сүйіндіков