Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы Зеренді аудандық мәслихатының 27.01.2014 № 25 хатымен).
РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 7 бабының 3 тармағының 4) тармақшасына, 18 бабының 8 тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және Ережелерін бекіту туралы" қаулысының негізінде, Зеренді ауданының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Зеренді ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына 2013 жылға арналған әлеуметтік қолдау шаралары келесі түрінде:
1) жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;
2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін бюджеттік кредит – бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада болып ұсынылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Зеренді ауданының селолық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын көрсету бойынша жұмысты ұйымдастыру үшін тұрақты әрекет ететін комиссиясына жүктелсін (төрағасы Жүсіпов Бейбіт Айтымұлы).
3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы С.Билялова
Аудандық мәслихаттың
хатшысы Қ.Ауғалиев
"КЕЛІСІЛДІ"
Зеренді ауданының әкімі Е.Маржықпаев