РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31, 37 баптарына сәйкес, Зеренді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Зеренді ауданы әкімдігінің "Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" 2012 жылғы 25 маусымдағы № 388 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-14-186, 2012 жылдың 17 шілдесінде "Зеренді" газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
кіріспе келесі редакцияда баяндалсын:
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 1 тармағына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының 5-5) тармақшасына сәйкес, Зеренді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:".
2. Зеренді ауданы әкімдігінің "2013 жылға мүгедектер үшін жұмыс орындарының жалпы санынан үш пайыз көлемінде жұмыс орындары квотасын белгілеу туралы" 2012 жылғы 28 желтоқсандағы № 807 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3605, 2013 жылдың 1 ақпанында "Зерен" және "Зерделі Зеренді" газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
кіріспе келесі редакцияда баяндалсын:
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 1 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасы 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 31 бабының 1 тармағына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының 5-2 тармағына сәйкес, Зеренді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:".
3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің міндетін атқарушы | Е.Жүсіпбеков |