Ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесін анықтау туралы

Ақмола облысы Зеренді ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 30 желтоқсандағы № 782 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 23 қаңтарда № 3980 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Зеренді ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 17 наурыздағы № 135 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Зеренді ауданы әкімдігінің 17.03.2014 № 135 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек Кодексінің 18 бабының 2) тармақшасына және 238 бабының 3 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына және «Ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесін келісу туралы» Зеренді аудандық мәслихатының  2013 жылғы 6 желтоқсандағы № 20-161 шешіміне сәйкес, Зеренді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесі қосымшаға сәйкес анықталсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р.А. Тақабаевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                М.Тәткеев

Зеренді ауданы әкімдігінің
2013 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 782 қаулысына қосымша

Зеренді ауданының бюджеті есебінен лауазымдық жалақыны жиырма бес пайызға жоғары алуға құқығы бар ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесі

      1. Әлеуметтік қамтамасыздандыру мамандарының лауазымдары:
      1) мамандар (бас, аға), соның ішінде: инспектор, кеңесші (соның ішінде әлеуметтік жұмыс бойынша), қарау бойынша әлеуметтік жұмыскер, әлеуметтік жұмыс бойынша маман.
      2. Білім беру мамандарының лауазымдары:
      1) қазыналық кәсіпорынның және мемлекеттік мекеменің жетекшісі және жетекші орынбасары;
      2) жалпы білім беретін мектептің, мектеп-интернаттың және т.б. бастауыш, жалпы негізгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі, қосымша білім беру мекеме директорының (бастықтың) ғылыми, оқу жұмысы, оқу-өндірістік, оқу-тәрбиелік, тәрбие жұмысы бойынша директор орынбасары;
      3) мектепке дейінгі қазыналық кәсіпорынның және мемлекеттік мекеменің жетекшісі;
      4) әдістемелік кабинет бөлімшесінің жетекшісі;
      5) оқу кабинетінің, интернаттың меңгерушісі;
      6) мамандар (бас, аға), соның ішінде: барлық мамандықтар бойынша мұғалімдер, кітапханашы, басшы, тәрбиеші, нұсқаушы, шебер, медициналық бикесі, емдәм бикесі, әдіскер, музыкалық жетекші, ұстаз, үйірме жетекшісі, әлеуметтік педагог, педагог-психолог, педагог-ұйымдастырушы, қосымша білім беру педагогі, логопед-мұғалім, мұғалім-дефектолог;
      7) нұсқаушы, әдіскер, тәрбиеші, оқу-тәрбиелік, оқу-сауықтыру өндірістік оқыту орталығының (кешеннің) шебері;
      8) оқу-тәрбиелік жұмысымен тікелей айналысатын нұсқаушы, денешынықтыру-спорт ұйымының нұсқаушы-әдіскері.
      3. Мәдениет мамандарының лауазымдары:
      1) қазыналық кәсіпорынның және мемлекеттік мекеменің жетекшісі және жетекші орынбасары;
      2) көркемдік жетекшісі;
      3) кітапхана меңгерушісі, мәдени ошақ меңгерушісі, көркем-қойылым бөлімінің, әдеби-драмалық, музыкалық;
      4) мамандар (бас, аға), соның ішінде: аккомпаниатор, актер, әртіс, мұрағатшы, режиссер ассистенті, балетмейстер, библиограф, кітапханашы, дирижер, әуенрежиссер, нұсқаушы, өнертанушы, концертмейстер, мәдени-ұйымдастырушы, әдіскер, музыкалық жетекші, қоюшы-оператор, режиссер көмекшісі, режиссер, қоюшы-режиссер, солист, хореограф, хормейстер, сақтаушы (соның ішінде мұражайлардағы қордың), барлық атаулардағы суретшілер, экскурсия жүргізуші.
      4. Спорт мамандарының лауазымдары:
      1) қазыналық кәсіпорынның және мемлекеттік мекеменің жетекшісі және жетекші орынбасары;
      2) кешен, филиал бөлімшесінің жетекшісі;
      3) спорт клубының меңгерушісі;
      4) мамандар (бас, аға), соның ішінде: барлық атаулардағы дәрігерлер, нұсқаушы, шебер, медициналық бике, әдіскер, психолог, жаттықтырушы, фельдшер.

Об определении перечня должностей специалистов социального обеспечения, образования, культуры и спорта, работающих в сельской местности

Постановление акимата Зерендинского района Акмолинской области от 30 декабря 2013 года № 782. Зарегистрировано Департаментом юстиции Акмолинской области 23 января 2014 года № 3980. Утратило силу постановлением акимата Зерендинского района Акмолинской области от 17 марта 2014 года № 135

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Зерендинского района Акмолинской области от 17.03.2014 № 135 (вводится в действие со дня официального опубликования).

      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии с подпунктом 2) статьи 18 и пункта 3 статьи 238 Трудового кодекса Республики Казахстан от 15 мая 2007 года, со статьей 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан» и решением Зерендинского районного маслихата от 6 декабря 2013 года № 20-161 «О согласовании перечня должностей специалистов социального обеспечения, образования, культуры и спорта, работающих в сельской местности», акимат Зерендинского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Определить согласно приложению перечень должностей специалистов социального обеспечения, образования, культуры и спорта, работающих в сельской местности.
      2. Контроль за исполнением данного постановления возложить на заместителя акима района Такабаев Р.А.
      3. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в Департаменте юстиции Акмолинской области и вводится в действие со дня официального опубликования.

      Аким района                                М.Таткеев

Приложение к постановлению 
акимата Зерендинского района
от 30 декабря 2013 года № 782

Перечень должностей специалистов социального обеспечения, образования, культуры и спорта, работающих в сельской местности, имеющих право на повышенные на двадцать пять процентов должностные оклады из средств бюджета Зерендинского района

      1. Должности специалистов социального обеспечения:
      1) специалисты (главные, старшие), в том числе: инспектор, консультант (в том числе по социальной работе), лаборант, социальный работник по уходу, специалист по социальной работе.
      2. Должности специалистов образования:
      1) руководитель и заместитель руководителя государственного учреждения и казенного предприятия;
      2) заместитель директора (начальника) по научной, учебной, учебно-производственной, учебно-воспитательной, воспитательной работе общеобразовательных школ, школ-интернатов и других организаций начального, основного среднего, общего среднего, технического и профессионального, после среднего, дополнительного образования;
      3) руководитель дошкольного государственного учреждения и казенного предприятия;
      4) руководитель подразделения методического кабинета;
      5) заведующий интернатом, учебным кабинетом;
      6) специалисты (главные, старшие), в том числе: учителя всех специальностей, библиотекарь, вожатый, воспитатель, инструктор, мастер, медицинская сестра, диетическая сестра, лаборант, методист, музыкальный руководитель, преподаватель, руководитель кружка, социальный педагог, педагог-психолог, педагог-организатор, педагог дополнительного образования, учитель-логопед, учитель-дефектолог;
      7) инструктор, методист, воспитатель, мастер производственного обучения учебно-оздоровительного, учебно-воспитательного центра (комплекса);
      8) инструктор, инструктор-методист физкультурно-спортивных организаций, непосредственно занимающийся учебно-воспитательной деятельностью.
      3. Должности специалистов культуры:
      1) руководитель и заместитель руководителя государственного учреждения и казенного предприятия;
      2) художественный руководитель;
      3) заведующий библиотекой, заведующий клубом, частью художественно-постановочной, литературно-драматической, музыкальной;
      4) специалисты (главные, старшие), в том числе: аккомпаниатор, актер, артист, архивист, ассистент режиссера, балетмейстер, библиограф, библиотекарь, дирижер, звукорежиссер, инструктор, искусствовед, концертмейстер, культорганизатор, методист, музыкальный руководитель, оператор-постановщик, помощник режиссера, режиссер, режиссер-постановщик, солист, хореограф, хормейстер, хранитель (в том числе фондов в музеях), художники всех наименований, экскурсовод.
      4. Должности специалистов спорта:
      1) руководитель и заместитель руководителя государственного учреждения и казенного предприятия;
      2) руководитель подразделения филиала, комплекса;
      3) заведующий спортивным клубом;
      4) специалисты (главные, старшие), в том числе: врачи всех наименовании, инструктор, мастер, медицинская сестра, методист, психолог, тренер, фельдшер.