РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек Кодексінің 18 бабының 2) тармақшасына және 238 бабының 3 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына және "Зеренді ауданының бюджет қаражаты есебінен лауазымдық жалақыларын және тарифтік ставкаларды жиырма бес пайызға жоғары алуға құқығы бар ауылдық жерде жұмыс істейтін және азаматтық қызметші болып табылатын әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарының лауазымдар тізбесін келісу туралы" Зеренді аудандық мәслихатының 2014 жылғы 14 наурыздағы № 23-194 шешіміне сәйкес, Зеренді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берілген ауылдық жерде жұмыс істейтін және азаматтық қызметші болып табылатын әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандардың лауазымдар тізбесі айқындалсын.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Зеренді ауданы әкімдігінің 06.06.2014 № 357 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
2. "Ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесін анықтау туралы" Зеренді ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 30 желтоқсандағы № 782 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3980 болып тіркелген, 2014 жылдың 31 қаңтарында "Зерен" және "Зерделі Зеренді" газеттерінде жарияланған) күші жойылған деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р.А.Тақабаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | М.Тәткеев |
Зеренді ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 17 наурыздағы № 135 қаулысына қосымша |
Ауылдық жерде жұмыс істейтін және азаматтық қызметші болып табылатын әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандардың лауазымдар тізбесі
Ескерту. Қосымшаның атауы жаңа редакцияда - Ақмола облысы Зеренді ауданы әкімдігінің 06.06.2014 № 357 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.1. Әлеуметтік қамсыздандыру мамандарының лауазымдары:
1) мамандар (бас, аға), соның ішінде: инспектор, кеңесші (соның ішінде әлеуметтік жұмыс бойынша), күту бойынша әлеуметтік жұмыскер (қарау бойынша әлеуметтік жұмыскер), әлеуметтік жұмыс бойынша маман.
2. Білім беру мамандарының лауазымдары:
1) қазыналық кәсіпорынның және коммуналдық мемлекеттік мекеменің басшысы және басшының орынбасары;
2) жалпы білім беретін мектептің, мектеп-интернаттың және өзге бастауыш, жалпы негізгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі, қосымша білім беру мекеме директорының (басшының) ғылыми, оқу жұмысы, оқу-өндірістік, оқу-тәрбиелік, тәрбие жұмысы бойынша директор орынбасары;
3) мектепке дейінгі қазыналық кәсіпорынның және мемлекеттік мекеменің жетекшісі;
4) әдістемелік кабинет бөлімшесінің жетекшісі;
5) оқу кабинетінің, интернаттың меңгерушісі;
6) мамандар (бас, аға), соның ішінде: барлық мамандықтар бойынша мұғалімдер, кітапханашы, бастау, тәрбиеші, нұсқаушы, шебер, медбике, емдәм бикесі, зертханашы, әдіскер, музыкалық жетекші, оқытушы, үйірме жетекшісі, әлеуметтік педагог, психолог-педагог, ұйымдастырушы-педагог, қосымша білім беру педагогі, логопед-мұғалім, дефектолог-мұғалім;
7) нұсқаушы, әдіскер, тәрбиеші, оқу-тәрбиелік, оқу-сауықтыру өндірістік оқыту орталығының (кешеннің) шебері;
8) нұсқаушы, оқу-тәрбиелік жұмысы мен тікелей айналысатын, денешынықтыру-спорт ұйымының нұсқаушы-әдіскері;
Ескерту. 2 тармаққа өзгеріс енгізілді - Ақмола облысы Зеренді ауданы әкімдігінің 29.06.2015 № А-1/359 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
3. Мәдениет мамандарының лауазымдары:
1) қазыналық кәсіпорынның және коммуналдық мемлекеттік мекеменің басшысы және басшының орынбасары;
2) көркемдік жетекші;
3) кітапхана меңгерушісі, клуб меңгерушісі, көркем-қойылым, әдеби-драмалық, музыкалық бөлімнің меңгерушісі;
4) мамандар (бас, аға), соның ішінде: аккомпаниатор, актер, әртіс, мұрағатшы, режиссер ассистенті, балетмейстер, библиограф, кітапханашы, дирижер, дыбыс режиссері, нұсқаушы, өнертанушы, концертмейстер, мәдени-ұйымдастырушы, әдіскер, музыкалық жетекші, қоюшы-оператор, режиссер көмекшісі, режиссер, қоюшы-режиссер, солист, хореограф, хормейстер, сақтаушы (соның ішінде мұражайлардағы қордың), барлық атаулардағы суретшілер, экскурсия жетекшісі.
4. Спорт мамандарының лауазымдары:
1) қазыналық кәсіпорынның және коммуналдық мемлекеттік мекеменің басшысы және басшының орынбасары;
2) кешен, филиал бөлімшесінің басшысы;
3) спорт клубының меңгерушісі;
4) мамандар (бас, аға), соның ішінде: барлық атаулардағы дәрігерлер, нұсқаушы, шебер, медбике, әдіскер, психолог, жаттықтырушы, фельдшер.
5. Ветеринария мамандарының лауазымдары:
1) коммуналдық мемлекеттік мекеменің және кәсіпорынның басшысы;
2) ветеринарлық пункт меңгерушісі, мамандар (бас, аға), соның ішінде: ветеринарлық технигі, санитар.