РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабы 4-тармағының 8-1)-тармақшасына сәйкес, Сандықтау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған 2013 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Сандықтау ауданы әкімінің орынбасары В.Г.Горохводацкийге жүктелсін.
3. Осы қаулы Ақмола облысының Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелген күнінен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Сандықтау ауданының әкімі Е.Сағдиев
Сандықтау ауданы әкімдігінің
2013 жылғы 9 қыркүйектегі
№ А-9/289 қаулысымен
бекітілген
2013 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие
мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы,
жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың
ақы төлеу мөлшері
Мектепке дейінгі білім ұйымның түрі |
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны |
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының бір айға арналған жан басына шаққандағы қаржыландыру мөлшері (теңге) |
Бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығындардың орташа құны (теңге) |
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының бір айға арналған ата-ананың ақы төлеу мөлшері (теңге) |
|
Республикалық бюджет |
Аудандық бюджет |
||||
Балабақша |
120 |
19377 |
1000,7 |
20377,7 |
7000 |
Балалар толық күн болатын мектеп жанындағы шағын орталық |
255 |
13913 |
0 |
13913 |
5000 |
Балалар жарты күн болатын мектеп жанындағы шағын орталық |
180 |
6957 |
0 |
6957 |
3000 |