Ескерту. Шешімнің атауы жаңа редакцияда - Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының 10.09.2014 № 27/2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18 бабының 8 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысымен бекітілген Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну ережелерінің 2 тармағына сәйкес, Сандықтау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Ауданның ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарына 2014 жылға жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең көтерме жәрдемақы және бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада тұрғын үй сатып алу үшін немесе салу үшін бюджеттік кредит түрінде және әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылсын.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының 10.09.2014 № 27/2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы,
аудандық мәслихатының
хатшысы С.Клюшников
«КЕЛІСІЛДІ»
Сандықтау ауданының әкімі Е.Сағдиев