Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Целиноград аудандық мәслихатының 25.02.2015 № 278/40-5 (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді) шешімімен.
РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97 бабына, "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 Қаулысына сәйкес Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Целиноград ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. "Целиноград ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" 2012 жылғы 3 мамырдағы № 37/5-5 (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-17-175 болып тіркелген, 2012 жылғы 1 маусымда "Призыв", "Ұран" аудандық газеттерінде жарияланған), "Целиноград аудандық мәслихатының 2012 жылғы 3 мамырдағы № 37/5-5 "Целиноград ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы" 2012 жылғы 26 қарашадағы № 70/9-5 (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3550 болып тіркелген, 2012 жылғы 31 желтоқсанда "Призыв", "Ұран" аудандық газеттерінде жарияланған) Целиноград аудандық мәслихатының шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Целиноград аудандық
мәслихаты сессиясының
төрағасы Н.Тоқабаев
Целиноград аудандық
мәслихатының хатшысы Р.Түлкібаев
"КЕЛІСІЛДІ"
Целиноград ауданының әкімі Б.Мәуленов
Целиноград аудандық мәслихатының
2013 жылғы 29 наурыздағы
№ 98/14-5 шешімімен
бекітілген
Целиноград ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету
ҚАҒИДАСЫ
Осы Целиноград ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы (бұдан әрі - қағида) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңына, «Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 қаулысына, «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына, «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 185 қаулысына сәйкес әзірленді және Целиноград ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін тағайындаудың мөлшерін және тәртібін анықтайды.
Ескерту. Кіріспе бөлімі жаңа редакцияда - Ақмола облысы Целиноград аудандық мәслихатының 22.09.2014 № 235/34-5 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
1. Жалпы ережелер
1. Тұрғын үй көмегi аудандық бюджет қаражаты есебiнен Целиноград ауданында тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):
жекешелендiрiлген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға;
тұрғын үйдiң меншiк иелерi немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтердi және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына;
жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу төлемақысын төлеуге;
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Ақмола облысы Целиноград аудандық мәслихатының 14.03.2014 № 194/27-5 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
2. Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.
Тұрғын үй көмегі телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстарға, тұрғын көмегін көрсету жөніндегі шаралар қолданылатын, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Аталған жерлерде тұрақты тұратын адамдарға тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерін айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп- ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша тұрғын үй көмегі бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.
Телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп – ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шекті жол берілген шығыстар үлесі отбасының орташа айлық жиынтық кірісіне 7 пайыз мөлшерінде белгіленеді.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Целиноград аудандық мәслихатының 14.03.2014 № 194/27-5 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
3. Тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтыну белгіленген көлемнің нормасынан жоғары болса, төлем жалпыға бірдей негізде жүргізіледі. Жәрдемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй көлемінің нормасы бір адамға он сегіз шаршы метр. Жалғыз тұратын азаматтар үшін жәрдемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй көлемінің нормасы отыз шаршы метр.
Пешпен жылытылатын жеке меншік үйде тұратындарға тұрғын үй көмегі жылына бір рет көрсетіледі, осының өзінде қатты отынның нормасы бір рет есептеледі. Қатты отын шығыны айына 1 шаршы метрге 49,75 килограмм мөлшерінде есепке алынады, алайда отбасына жылына бес тоннадан аспауы керек.
Қатты отынның құнын есептеу үшін статистикалық деректерге сәйкес алдыңғы тоқсан бойынша қалыптасқан орташа баға есепке алынады.
4. Жанұяға газ баллонды сатып алу үшін айына 1000 (мың) теңге көлеміндегі сома белгіленеді.
5. Электр энергиясының шығын нормасы бір адамға айына 50 (елу) киловаттан белгіленсін.
6. Тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу бойынша өкілетті орган болып "Целиноград ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі анықталды.
2. Тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу
7. Тұрғын үй жәрдемақысы өтініш берілген күнге байланысты емес, ағымдағы тоқсанға толық тағайындалады, бұл жағдайда отбасының өткен тоқсандағы табыстары мен коммуналдық қызметтерінің шығындары есепке алынады.
8. Отбасының табыстары, тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтердің төлемдерінің тарифтері өзгерген кезде, "Целиноград ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі бұрын есептелген тұрғын үй көмегіне қайта есептеулер жүргізеді.
9. Тұрғын үй көмегін көрсету туралы белгіленген нысан бойынша өтінішті тұрғын үй иесі, жалдаушы (қосымша жалдаушы) (не сенімхат бойынша оның өкілі) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО) немесе «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы береді.
Қажетті құжаттардың тізбесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 185 қаулысымен бекітілген «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағының 2-тарауымен анықталады.
Өтініш беруші құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда ХҚО қызметкері белгіленген нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Целиноград аудандық мәслихатының 22.09.2014 № 235/34-5 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
10. Өтініш беруші толық емес, жалған мәліметтер ұсынған жағдайда, құжаттардың рәсімделуінде тұрғын үй көмегінің мөлшерін қате есептеуді тудыратын қателіктер болған кезде тұрғын үй көмегі тағайындалмайды.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Целиноград аудандық мәслихатының 22.09.2014 № 235/34-5 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
11. Алынып тасталды - Ақмола облысы Целиноград аудандық мәслихатының 22.09.2014 № 235/34-5 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
12. Алынып тасталды - Ақмола облысы Целиноград аудандық мәслихатының 22.09.2014 № 235/34-5 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
13. Алынып тасталды - Ақмола облысы Целиноград аудандық мәслихатының 22.09.2014 № 235/34-5 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
14. Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеу "Целиноград ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен екінші деңгейдегі банктер арқылы немесе пошта байланыс бөлімшелері арқылы өтініш берушілердің жеке шоттарына аудару жолымен жүзеге асырады.
3. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу
15. "Целиноград ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсандағы табыстарынан Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 471 "Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекіту туралы" Бұйрығы негізінде есептейді.