Шортанды ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы

Ақмола облысы Шортанды аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 қазандағы № С-21/3 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 19 қарашада № 3884 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Шортанды аудандық мәслихатының 2019 жылғы 29 тамыздағы № С-46/3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Шортанды аудандық мәслихатының 29.08.2019 № С-46/3 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік кодексінің 56 бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Үлгілік қағидаларына сәйкес, Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Қоса беріліп отырған Шортанды ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары бекітілсін.

      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың
сессия төрағасы
В.Волокитин
      Аудандық мәслихаттың хатшысы Г.Скирда

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Аудан әкімі Г.Сәдуақасова

  Шортанды аудандық мәслихатының
2013 жылғы 25 қазандағы
№ С-21/3 шешімімен
бекітілген

Шортанды ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары

      1. Осы Шортанды ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-3-тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген, әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Үлгілік қағидаларына (бұдан әрі-Үлгілік қағидалар) сәйкес әзірленді.

1. Жалпы ережелер

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:

      1) атаулы күндер – жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;

      2) арнайы комиссия – өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша, аудан әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

      3) ең төмен күнкөріс деңгейі – Ақмола облысының статистикалық органдар есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;

      4) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;

      5) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;

      6) алынып тасталды - Ақмола облысы Шортанды аудандық мәслихатының 11.05.2016 № С-3/3 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен;

      7) өмірлік қиын жағдай – азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;

      8) уәкілетті орган – "Шортанды ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;

      9) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;

      10) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін Шортанды ауданының кент, ауылдық округтер әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия;

      11) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді - Ақмола облысы Шортанды аудандық мәслихатының 24.12.2015 № С-44/7 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 11.05.2016 № С-3/3 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 04.08.2016 № С-6/3 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 02.10.2018 № С-31/2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

      3. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде жергілікті атқарушы органмен мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай нысанда көрсететін көмек түсініледі.

      4. "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңының 20 бабында және "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 16 бабында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы Қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.

      5. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, жылына бір рет көрсетіледі.

      6. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы және мерекелік күндердің тізбесі:

      1) 9 мамыр - Жеңіс Күні;

      2) 1 қазан - қарттар Күні;

      3) мүгедектер Күні (қазанның екінші жексенбісі).

      7. Учаскелік және арнайы комиссиялар өз қызметін Ақмола облысының жергілікті атқарушы органымен бекітілген ережелер негізінде жүзеге асырады.

2. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесі
және әлеуметтік көмектің мөлшерлері

      8. Әлеуметтік көмек алушылар санатының тізбесі:

      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері;

      жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жағынан Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне теңестiрiлген адамдар;

      жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жөнiнен соғысқа қатысушыларға теңестiрiлген адамдардың басқа да санаттары;

      ең төмен және ең төмен зейнетақы мөлшерінен төмен алатын зейнеткерлер;

      мүгедектер;

      туберкулезбен аурулары;

      табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтары (отбасылары);

      аз қамтылған азаматтары (отбасылары);

      16-жасқа дейінгі мүгедек баланы тәрбиелеп отырған тұлғалары;

      онкологиялық аурулары;

      1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен қалтқысыз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған тұлғалар;

      аз қамтылған, көп балалы (отбасылардың), халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын, жоғарғы медициналық оқу мекемелерінде оқитын студенттер.

      Бұл ретте азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар негіз болады:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздемелер;

      2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру немесе әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы;

      3) ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгіленбейтін шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың бар болуы.

      Арнайы комиссиялар әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарған кезде жоғарыда бекітілген тізбе негізінде басшылыққа алады.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Шортанды аудандық мәслихатының 02.10.2018 № С-31/2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      9. Әлеуметтік көмек:

      1) 9 мамыр - Жеңіс Күніне:

      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне;

      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғаларға;

      Ұлы Отан соғысының қатысушыларына жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген басқа тұлғалардың санаттарына;

      1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен қалтқысыз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған тұлғаларға үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      2) Қарттар күніне орай:

      ең төмен және ең төмен зейнетақы мөлшерінен төмен алатын зейнеткерлерге;

      3) Қазақстан Республикасының мүгедектер Күніне:

      барлық топтағы мүгедектерге, мүгедек балаларға беріледі.

      Ескерту. 9-тармаққа өзгерістер енгізілді - Ақмола облысы Шортанды аудандық мәслихатының 24.12.2015 № С-44/7 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 04.08.2016 № С-6/3 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 02.10.2018 № С-31/2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

      10. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек азаматтарға (отбасыларға) өтініш бойынша азаматтың (отбасының) орта жандық кірісіне қарамастан беріледі:

      1) медициналық мекеменің растауы негізінде амбулаториялық емделудегі туберкулезбен ауыратындарға жылына бір рет он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      2) онкологиялық стационардың растауы негізінде онкологиялық пайда болған қатерлі ауруы алғаш анықталғандарға жылына бір рет он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      3) белгілі мән-жайлар бойынша жедел әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасыларға (азаматтарға), өрт, су тасқыны, басқа да табиғи және техногендік сипаттағы дүлей апат сияқты ерекше жағдайларда оқиға туындаған сәттен бастап үш айдан кешіктірмей өтініш бойынша қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      4) 1 және 2 топтағы мүгедектерге жылына бір рет сегіз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      5) 16 жасқа дейінгі мүгедек баланы тәрбиелеп отырған тұлғаларға жылына бір рет үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      6) екінші дүниежүзілік соғыс кезеңінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына ай сайын бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      7) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне облыстық бюджеттен бөлінетін мақсатты трансферттері есебінен ай сайын жүз пайыз мөлшерінде: қызметтерді жеткізушілермен ұсынылған тізілімге сәйкес алушылардың жеке шоттарына аудару арқылы сумен жабдықтау, канализация, жылу, қоқыс шығару, электрмен жабдықтау, қатты отын, байланыс қызметтер (абоненттік төлем), газбен жабдықтау;

      8) жоғарғы медициналық оқу мекемелерінде оқитын аз қамтылған, көп балалы, халықтың (отбасылардың) әлеуметтік жағынан әлсіз тобына жататын студенттерге оқуы үшін бір оқу жылына, жыл сайын, Шортанды ауданында жұмыспен өтеуді ескере отырып, оқу шығындарын жүз пайыз төлеу, төлем оқу мекемесімен жасасқан шарт, аудан әкімімен, Шортанды аудандық орталық ауруханасының бас дәрігерімен және студент арасында жасалған үш жақты келісім шарттың, оқу орнынан берілген анықтаманың, "Шортанды ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қолдаухатының негізінде көрсетіледі.

      Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек өтініш бойынша әлеуметтік қолдауға мұқтаж ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен орта жандық кірісі бар отбасыларға (азаматтарға) (бұдан әрі - аз қамтылған отбасылар (азаматтар) жылына бір рет сегіз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде беріледі.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Шортанды аудандық мәслихатының 24.12.2015 № С-44/7 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен; өзгеріс енгізілді - Ақмола облысы Шортанды аудандық мәслихатының 04.08.2016 № С-6/3 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

3. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі

      11. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек уәкілетті ұйымның немесе өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша жергілікті атқарушы органмен бекітілген тізімі бойынша алушылардан өтініштер талап етілмей көрсетіледі.

      12. Ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен орта жандық кірісі бар отбасыларға (азаматтарға) қиын өмірлік жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе кенттің, ауылдық округтың әкіміне өтінішке қоса мынадай құжаттарды:

      1) жеке басын куәландыратын құжатты;

      2) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты;

      3) Үлгілік қағидалардың 1 қосымшасына сәйкес адамның (отбасының) құрамы туралы мәліметтерді;

      4) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтерді;

      5) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын актіні және/немесе құжатты ұсынады.

      Отбасының (азаматтың) орта жандық кірісіне қарамастан әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) жеке басын куәландыратын құжатты;

      2) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты;

      3) екінші деңгейдегі банктерде немесе банк операцияларын іске асыруға тиісті лицензиясы бар ұйымдарда жеке шоты болуын растайтын құжатты;

      4) 16 жасқа дейінгі мүгедек баланы тәрбиелеп отырған тұлғаларға қосымша:

      баланың туу туралы куәлігінің көшірмесін;

      мүгедектік жөніндегі анықтаманың көшірмесін;

      5) 1, 2 топтағы мүгедектерге, қосымша:

      мүгедектік жөніндегі анықтаманың көшірмесін;

      6) белгілі мән-жайлар бойынша жедел әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасыларға (азаматтарға), өрт, су тасқыны, басқа да табиғи және техногендік сипаттағы дүлей апат сияқты ерекше жағдайларда отбасыларға (азаматтарға), қосымша:

      арнайы қызметтермен берілген (тілсіз жау) өрт туралы актіні.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Шортанды аудандық мәслихатының 24.12.2015 № С-44/7 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      12-1. Аз қамтылған, көп балалы, халықтың (отбасылардың) әлеуметтік жағынан әлсіз тобына жататын жоғарғы медициналық оқу мекемелерінде оқитын студенттер әлеуметтік көмек алу үшін мынадай құжаттарды ұсынады:
      оқу орнынан шарт;
      аудан әкімі, Шортанды аудандық орталық ауруханасының бас дәрігерімен және студент арасында жасалған үш жақты келісім шарты;
      оқу орнынан анықтама;
      көп балалы отбасының мәртебесін растайтын анықтама немесе өтініш берушінің аз қамтылған, халыққа (отбасыларға) әлеуметтік жағынан әлсіз тобына жататындығын растайтын анықтама;
      "Шортанды ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қолдаухаты.
      Ескерту. 3 тарау 12-1 тармақпен толықтырылды - Ақмола облысы Шортанды аудандық мәслихатының 04.08.2016 № С-6/3 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      13. Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

      14. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш келіп түскен кезде уәкілетті орган немесе кент, ауылдық округтердің әкімі бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді.

      15. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акті жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкілетті органға немесе кент, ауылдық округ әкіміне жібереді.

      Кент, ауылдық округ әкімі учаскелік комиссияның актісі мен қорытындысын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды қоса берілген құжаттармен уәкілетті органға жібереді.

      16. Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспеген жағдайда уәкілетті орган әлеуметтік көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшін қажетті мәліметтерді тиісті органдардан сұратады.

      17. Өтініш берушінің қажетті құжаттарды олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда уәкілетті орган тиісті мәліметтерді қамтитын өзге уәкілетті органдар мен ұйымдардың деректері негізінде әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдайды.

      18. Уәкілетті орган учаскелік комиссиядан немесе кент, ауылдық округ әкімінен құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады.

      19. Арнайы комиссия құжаттар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсетеді.

      20. Уәкілетті орган өтініш берушінің әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттарын тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындысының негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Осы Қағидалардың 16 және 17 тармақтарында көрсетілген жағдайларда уәкілетті орган өтініш берушіден немесе кент, ауылдық округтің әкімінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      21. Уәкілетті орган шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы (бас тартқан жағдайда – негіздемесін көрсете отырып) өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.

      22. Алынып тасталды - Ақмола облысы Шортанды аудандық мәслихатының 11.05.2016 № С-3/3 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      23. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту:

      1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;

      2) өтініш беруші адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден бас тартқан, жалтарған;

      3) әлеуметтік көмек көрсету үшін тұлғаның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы шектен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.

      24. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру Шортанды ауданының бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.

4. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және
қайтару үшін негіздемелер

      25. Әлеуметтік көмек:

      1) алушы қайтыс болған;

      2) алушы Шортанды ауданының шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен;

      3) алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберген;

      4) алушы ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады.

      Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдаяттар туындаған айдан бастап тоқтатылады.

      26. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтаруға жатады.

5. Қорытынды ереже

      27. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі мен есепке алуды уәкілетті орган "Е-Собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.

Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Шортандинском районе

Решение Шортандинского районного маслихата Акмолинской области от 25 октября 2013 года № С-21/3. Зарегистрировано Департаментом юстиции Акмолинской области 19 ноября 2013 года № 3884. Утратило силу решением Шортандинского районного маслихата Акмолинской области от 29 августа 2019 года № С-46/3

      Сноска. Утратило силу решением Шортандинского районного маслихата Акмолинской области от 29.08.2019 № С-46/3 (вводится в действие со дня официального опубликования).
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии со статьей 56 Бюджетного кодекса Республики Казахстан от 4 декабря 2008 года, с пунктом 2-3 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Типовыми правилами оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан, утвержденными постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2013 года № 504 Шортандинский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Шортандинском районе.

      2. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в Департаменте юстиции Акмолинской области и вводится в действие со дня официального опубликования.

      Председатель сессии
районного маслихата
В.Волокитин
      Секретарь районного маслихата Г.Скирда

      "СОГЛАСОВАНО"

      Аким района Г.Садвокасова

  Утверждены
решением Шортандинского
районного маслихата
от 25 октября 2013 года
№ С-21/3

Правила оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Шортандинского района

      1. Настоящие Правила оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Шортандинском районе (далее - Правила) разработаны в соответствии с пунктом 2-3 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и Типовыми правилами оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан, утвержденными постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2013 года № 504 (далее - Типовые правила).

1. Общие положения

      2. Основные термины и понятия, которые используются в настоящих Правилах:

      1) памятные даты – события, имеющие общенародное историческое, духовное, культурное значение и оказавшие влияние на ход истории Республики Казахстан;

      2) специальная комиссия – комиссия, создаваемая решением акима Шортандинского района по рассмотрению заявления лица (семьи), претендующего на оказание социальной помощи в связи с наступлением трудной жизненной ситуации;

      3) прожиточный минимум – необходимый минимальный денежный доход на одного человека, равный по величине стоимости минимальной потребительской корзины; рассчитываемой органами статистики Акмолинской области;

      4) праздничные дни – дни национальных и государственных праздников Республики Казахстан;

      5) среднедушевой доход семьи (гражданина) – доля совокупного дохода семьи, приходящаяся на каждого члена семьи в месяц;

      6) исключен решением Шортандинского районного маслихата Акмолинской области от 11.05.2016 № С-3/3 (вводится в действие со дня официального опубликования);

      7) трудная жизненная ситуация – ситуация, объективно нарушающая жизнедеятельность гражданина, которую он не может преодолеть самостоятельно;

      8) уполномоченный орган – государственное учреждение "Отдел занятости и социальных программ Шортандинского района";

      9) Государственная корпорация "Правительство для граждан" (далее – уполномоченная организация) – юридическое лицо, созданное по решению Правительства Республики Казахстан, для оказания государственных услуг в соответствии с законодательством Республики Казахстан, организации работы по приему заявлений на оказание государственных услуг и выдаче их результатов услугополучателю по принципу "одного окна", а также обеспечения оказания государственных услуг в электронной форме;

      10) участковая комиссия – комиссия, создаваемая решением акима поселка, сельского округа Шортандинского района для проведения обследования материального положения лиц (семей), обратившихся за социальной помощью, и подготовки заключений;

      11) предельный размер – утвержденный максимальный размер социальной помощи.

      Сноска. Пункт 2 с изменениями, внесенными решениями Шортандинского районного маслихата Акмолинской области от 24.12.2015 № С-44/7 (вводится в действие со дня официального опубликования); от 11.05.2016 № С-3/3 (вводится в действие со дня официального опубликования); от 04.08.2016 № С-6/3 (вводится в действие со дня официального опубликования); от 02.10.2018 № С-31/2 (вводится в действие со дня официального опубликования).

      3. Для целей настоящих Правил под социальной помощью понимается помощь, предоставляемая местным исполнительным органом в денежной форме отдельным категориям нуждающихся граждан (далее – получатели) в случае наступления трудной жизненной ситуации, а также к памятным датам и праздничным дням.

      4. Лицам, указанным в статье 20 Закона Республики Казахстан от 28 апреля 1995 года "О льготах и социальной защите участников, инвалидов Великой Отечественной войны и лиц, приравненных к ним" и статье 16 Закона Республики Казахстан от 13 апреля 2005 года "О социальной защите инвалидов в Республике Казахстан", социальная помощь оказывается в порядке, предусмотренном настоящими Правилами.

      5. Социальная помощь предоставляется единовременно и (или) периодически (ежемесячно, один раз в год).

      6. Перечень памятных дат и праздничных дней для оказания социальной помощи:

      1) 9 мая - День Победы;

      2) 1 октября – День пожилых;

      3) День инвалидов (второе воскресенье октября).

      7. Участковые и специальные комиссии осуществляют свою деятельность на основании положений, утверждаемым местным исполнительным органам Акмолинской области.

2. Перечень категорий получателей социальной помощи и предельные размеры социальной помощи

      8. Перечень категорий получателей социальной помощи:

      участники и инвалиды Великой Отечественной войны;

      лица, приравненные по льготам и гарантиям к участникам и инвалидам Великой Отечественной войны;

      другие категории лиц, приравненных по льготам и гарантиям к участникам войны;

      пенсионеры с минимальным и ниже минимального размером пенсии;

      инвалиды;

      больные туберкулезом;

      граждане (семьи), пострадавшие вследствие стихийного бедствия или пожара;

      малообеспеченные граждане (семьи);

      лица, воспитывающие ребенка-инвалида до 16 лет;

      онкологические больные;

      лица, проработавшие (прослужившие) не менее шести месяцев с 22 июня 1941 года по 9 мая 1945 года и не награжденные орденами и медалями бывшего Союза ССР за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны;

      студенты из числа малообеспеченных, многодетных (семей), социально-уязвимых слоев населения обучающиеся в высших медицинских учебных заведениях.

      При этом основаниями для отнесения граждан к категории нуждающихся при наступлении трудной жизненной ситуации являются:

      1) основания, предусмотренные законодательством Республики Казахстан;

      2) причинение ущерба гражданину (семье) либо его имуществу вследствие стихийного бедствия или пожара, либо наличие социально-значимого заболевания;

      3) наличие среднедушевого дохода, не превышающего порога, в однократном отношении к прожиточному минимуму.

      Специальные комиссии при вынесении заключения о необходимости оказания социальной помощи руководствуются выше утвержденным перечнем оснований.

      Сноска. Пункт 8 - в редакции решения Шортандинского районного маслихата Акмолинской области от 02.10.2018 № С-31/2 (вводится в действие со дня официального опубликования).

      9. Социальная помощь предоставляется:

      1) ко Дню Победы - 9 мая:

      участникам и инвалидам Великой Отечественной войны;

      лицам, приравненным по льготам и гарантиям к участникам и инвалидам Великой Отечественной войны;

      другой категории лиц, приравненных по льготам и гарантиям к участникам Великой Отечественной войны;

      лицам, проработавшим (прослужившим) не менее шести месяцев с 22 июня 1941 года по 9 мая 1945 года и не награжденным орденами и медалями бывшего Союза ССР за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны в размере трех месячных расчетных показателей;

      2) Ко дню пожилых:

      пенсионерам с минимальным и ниже минимального размером пенсии;

      3) ко Дню инвалидов Республики Казахстан:

      инвалидам всех групп и детям инвалидам.

      Сноска. Пункт 9 с изменениями, внесенными решениями Шортандинского районного маслихата Акмолинской области от 24.12.2015 № С-44/7 (вводится в действие со дня официального опубликования); от 04.08.2016 № С-6/3 (вводится в действие со дня официального опубликования); от 02.10.2018 № С-31/2 (вводится в действие со дня официального опубликования).

      10. При наступлении трудной жизненной ситуации, социальная помощь предоставляется, гражданам (семьям) по заявлению, без учета среднедушевого дохода гражданина (семьи):

      1) больным туберкулезом, находящихся на амбулаторном лечении, на основании подтверждения медицинского учреждения, в размере пятнадцати месячных расчетных показателей один раз в год;

      2) первично выявленным онкологическим больным со злокачественным образованием, на основании подтверждения онкологического стационара, в размере пятнадцати расчетных показателей один раз в год;

      3) семьям (гражданам) в силу определенных обстоятельств, нуждающихся в экстренной социальной поддержке, в исключительных случаях, таких как пожар, наводнение, другое стихийное бедствие природного или техногенного характера, по заявлению не позднее трех месяцев с момента наступления события в размере сорока месячных расчетных показателей;

      4) инвалидам 1 и 2 группы в размере восьми месячных расчетных показателей один раз в год;

      5) лицам, воспитывающим ребенка - инвалида до 16 лет в размере трех месячных расчетных показателей один раз в год;

      6) бывшим несовершеннолетним узникам концлагерей, гетто и других мест принудительного содержания, созданных фашистами и их союзниками в период второй мировой войны ежемесячно в размере одного месячного расчетного показателя;

      7) участникам и инвалидам Великой Отечественной войны в размере ста процентов ежемесячно за счет целевых трансфертов областного бюджета: за водоснабжение, канализацию, теплоснабжение, мусороудаление, электроснабжение, твердое топливо, услуги связи (абонентская плата), газоснабжение согласно реестров, предоставленных поставщиками услуг, путем перечисления на лицевые счета получателей;

      8) студентам, обучающимся в высших медицинских учебных заведениях из числа малообеспеченных, многодетных, социально-уязвимых слоев населения (семей) сто процентов возмещения затрат за обучение на один учебный год, ежегодно, с учетом отработки в Шортандинском районе, выплаты производить на основании договора с учебным заведением, трехстороннего договора между акимом района, главным врачом Шортандинской районной центральной больницы и студентом, справки с места учебы, ходатайства государственного учреждения "Отдел образования Шортандинского района".

      При наступлении трудной жизненной ситуации, социальная помощь предоставляется по заявлению, один раз в год семьям (гражданам), имеющих среднедушевой доход ниже прожиточного минимума (далее - малообеспеченные семьи (граждане), нуждающиеся в социальной поддержке в размере восьми месячных расчетных показателей.

      Сноска. Пункт 10 - в редакции решения Шортандинского районного маслихата Акмолинской области от 24.12.2015 № С-44/7 (вводится в действие со дня официального опубликования); с изменением, внесенным решением Шортандинского районного маслихата Акмолинской области от 04.08.2016 № С-6/3 (вводится в действие со дня официального опубликования)

3. Порядок оказания социальной помощи

      11. Социальная помощь к памятным датам и праздничным дням оказывается по списку, утверждаемому местным исполнительным органом по представлению уполномоченной организации либо иных организаций без истребования заявлений от получателей.

      12. Для получения социальной помощи семьям (гражданам), имеющим среднедушевой доход ниже прожиточного минимума при наступлении трудной жизненной ситуации заявитель от себя или от имени семьи в уполномоченный орган или акиму поселка, сельского округа предоставляет заявление с приложение следующих документов:

      1) документ, удостоверяющий личность;

      2) документ, подтверждающий регистрацию по постоянному месту жительства;

      3) сведения о составе лица (семьи) согласно приложению 1 Типовых правил;

      4) сведения о доходах лица (членов семьи);

      5) акт и/или документ, подтверждающий наступление трудной жизненной ситуации.

      Для получения социальной помощи гражданам (семьям) без учета среднедушевого дохода семьи (гражданина) заявитель предоставляет следующие документы:

      1) документ, удостоверяющий личность;

      2) документ, подтверждающий регистрацию по постоянному месту жительства;

      3) документ, подтверждающий наличие лицевого счета в банке второго уровня или в организациях, имеющих соответствующую лицензию на осуществление банковских операций;

      4) лицам, воспитывающим ребенка - инвалида до 16 лет, дополнительно: копия свидетельства о рождении ребенка;

      копия справки об инвалидности;

      5) инвалидам 1, 2 групп, дополнительно:

      копия справки об инвалидности;

      6) семьям (гражданам) в силу определенных обстоятельств, нуждающихся в экстренной социальной поддержке, в исключительных случаях, таких как пожар, наводнение, другое стихийное бедствие природного и техногенного характера, дополнительно:

      акт о пожаре (наводнении), выданный специальными службами.

      Сноска. Пункт 12 - в редакции решения Шортандинского районного маслихата Акмолинской области от 24.12.2015 № С-44/7 (вводится в действие со дня официального опубликования).
      12-1. Для получения социальной помощи студенты, обучающиеся в высших медицинских учебных заведениях из числа малообеспеченных, многодетных, социально-уязвимых слоев населения (семей) предоставляют следующие документы:
      договор с учебным заведением;
      трехсторонний договор между акимом района, главным врачом Шортандинской районной центральной больницы и студентом;
      справку с места учебы;
      справку, подтверждающую статус многодетной семьи или справку, подтверждающую принадлежность заявителя к социально-уязвимым слоям населения (семьям);
      ходатайство государственного учреждения "Отдел образования Шортандинского района".
      Сноска. Раздел 3 дополнен пунктом 12-1 в соответствии с решением Шортандинского районного маслихата Акмолинской области 04.08.2016 № С-6/3 (вводится в действие со дня официального опубликования).

      13. Документы предоставляются в подлинниках и копиях для сверки, после чего подлинники документов возвращаются заявителю.

      14. При поступлении заявления на оказание социальной помощи при наступлении трудной жизненной ситуации уполномоченный орган или аким поселка, сельского округа в течение одного рабочего дня направляет документы заявителя в участковую комиссию для проведения обследования материального положения лица (семьи).

      15. Участковая комиссия в течение двух рабочих дней со дня получения документов проводит обследование заявителя, по результатам которого составляет акт о материальном положении лица (семьи), подготавливает заключение о нуждаемости лица (семьи) в социальной помощи и направляет их в уполномоченный орган или акиму поселка, сельского округа.

      Аким поселка, сельского округа в течение двух рабочих дней со дня получения акта и заключения участковой комиссии направляет их с приложенными документами в уполномоченный орган.

      16. В случае недостаточности документов для оказания социальной помощи, уполномоченный орган запрашивает в соответствующих органах сведения, необходимые для рассмотрения представленных для оказания социальной помощи документов.

      17. В случае невозможности представления заявителем необходимых документов в связи с их порчей, утерей, уполномоченный орган принимает решение об оказании социальной помощи на основании данных иных уполномоченных органов и организаций, имеющих соответствующие сведения.

      18. Уполномоченный орган в течение одного рабочего дня со дня поступления документов от участковой комиссии или акима поселка, аульного, сельского округа производит расчет среднедушевого дохода лица (семьи) в соответствии с законодательством Республики Казахстан и представляет полный пакет документов на рассмотрение специальной комиссии.

      19. Специальная комиссия в течение двух рабочих дней со дня поступления документов выносит заключение о необходимости оказания социальной помощи, при положительном заключении указывает размер социальной помощи.

      20. Уполномоченный орган в течение восьми рабочих дней со дня регистрации документов заявителя на оказание социальной помощи принимает решение об оказании либо отказе в оказании социальной помощи на основании принятых документов и заключения специальной комиссии о необходимости оказания социальной помощи.

      В случаях, указанных в пунктах 16 и 17 настоящих Правил, уполномоченный орган принимает решение об оказании либо отказе в оказании социальной помощи в течение двадцати рабочих дней со дня принятия документов от заявителя или акима поселка, сельского округа.

      21. Уполномоченный орган письменно уведомляет заявителя о принятом решении (в случае отказа - с указанием основания) в течение трех рабочих дней со дня принятия решения.

      22. Исключен решением Шортандинского районного маслихата Акмолинской области от 11.05.2016 № С-3/3 (вводится в действие со дня официального опубликования).

      23. Отказ в оказании социальной помощи осуществляется в случаях:

      1) выявления недостоверных сведений, представленных заявителями;

      2) отказа, уклонения заявителя от проведения обследования материального положения лица (семьи);

      3) превышения размера среднедушевого дохода лица (семьи) порога для оказания социальной помощи.

      24. Финансирование расходов на предоставление социальной помощи осуществляется в пределах средств, предусмотренных бюджетом Шортандинского района на текущий год.

4. Основания для прекращения и возврата предоставляемой социальной помощи

      25. Социальная помощь прекращается в случаях:

      1) смерти получателя;

      2) выезда получателя на постоянное проживание за пределы Шортандинского района;

      3) направления получателя на проживание в государственные медико-социальные учреждения;

      4) выявления недостоверных сведений, представленных заявителем.

      Выплата социальной помощи прекращается с месяца наступления указанных обстоятельств.

      26. Излишне выплаченные суммы подлежат возврату в добровольном или ином установленном законодательством Республики Казахстан порядке.

5. Заключительное положение

      27. Мониторинг и учет предоставления социальной помощи проводит уполномоченный орган с использованием базы данных автоматизированной информационной системы "Е-Собес".