Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27–бабына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» Заңының 21–бабына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Облыс әкімдігінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі № 88 «Ақтөбе қаласының әкімшілік-аумақтық шегінде Елек өзенінде суды қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3248 болып тіркелген, «Ақтөбе», «Актюбинский вестник» газеттерінде 2008 жылғы 6 мамырдағы № 52-53 жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген актінің кіріспесі мынадай мазмұнда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 116 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 қаңтардағы № 42 «Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес Ақтөбе қаласының әкімшілік-аумақтық шегінде Елек өзенінің ластануына, бітелуіне және сарқылуына жол бермеу мақсатында Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
2 – тармағында «(Ж. И. Иманқұлов)» деген сөздер алынып тасталсын;
қазақ тілі мәтініндегі 3-тармағының 3-абзацындағы «сақталсын» деген сөз «сақтау ұсынылсын» сөздерімен ауыстырылсын.
6 – тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Р.К. Кемаловаға жүктелсін».
2. «Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыны басқарманың ғаламтор-қорында жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі А.Мұхамбетов