Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облыстық мәслихатының 17.05.2021 № 39 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
Ескерту. Тақырыбына өзгерістер енгізілді – Ақтөбе облыстық мәслихатының 08.12.2017 № 227 шешімімен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 9-бабының 1-тармағының 5) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына сәйкес Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезiнде дәрiлiк заттар және медициналық мақсаттағы бұйымдар жергілікті бюджет қаражаты есебінен қосымша тегін берілсін.
Ескерту. 1 тармаққа өзгерістер енгізілді - Ақтөбе облыстық мәслихатының 08.12.2017 № 227 шешімімен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).2. Осы шешім 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Облыстық мәслихаттың сессия төрағасы |
Д. ЕСПАЕВА |
Облыстық мәслихаттың хатшысы |
С. ҚАЛДЫҒҰЛОВА |
2013 жылғы 11 желтоқсандағы № 171 облыстық мәслихаттың шешіміне қосымша |
Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезiнде жергілікті бюджет қаражаты есебінен тегін берілетінқосымша дәрiлiк заттар және медициналық мақсаттағы бұйымдар
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Ақтөбе облыстық мәслихатының 08.12.2017 № 227 шешімімен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді – Ақтөбе облыстық мәслихатының 10.12.2018 № 356 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі; 24.1-тармақ 2019 жылдың 1 наурызына дейін қолданылады).
№ |
Дәрiлiк заттардың атауы | Аурулар | Халық санаты |
1. | Бозентан, таблетка, қабықпен жабылған, 125 мг | өкпе артериялық гипертензиясы |
диспансерлік есепте тұрған, барлық санаттар |
2. | Силденафил, таблетка 20 мг, таблетка, қабықпен жабылған 50 мг, 100 мг, пленкалық қабықпен жабылған 25 мг, 50 мг, 100 мг | ||
3 | Илопрост, ингаляцияға арналған ерітінді | ||
4. | Риоцигуат, таблетка, пленкалық қабықпен жабылған | ||
5. | Метилпреднизолон, таблетка, 4 мг, 16 мг | жүйелі склеродермия | |
6. | Пеницилламин, таблетка, 250 мг | ||
7. | Метотрексат, инъекцияға арналған ерітінді 10 мг/мл | ||
8. | Кларитромицин, таблетка, 250 мг | жалпы түрленгішті иммундық жетіспеушілігі | |
9. | Итраконазол, ішуге арналған ерітінді, 10 мг/мл 150 мл | ||
10. | Телбивудин, таблетка, пленкалық қабықпен жабылған, 600 мг | вирустық гепатит В нәтижесіндегі бауыр циррозы | |
11. | Инфликсимаб, венаішілік енгізу үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизирленген ұнтақ, 100 мг | созылмалы бейспецификалы ойықжаралы колит және Бехчет ауруы | |
12. | Адалимумаб, инъекцияға арналған ерітінді | ||
13. | Панкреатин, құрамында минимикросфералар бар, ішекте еритін қабықшадағы капсула, 150 мг | туа біткен бауыр фиброзы | |
14. | Урсодезоксихол қышқылы, капсула, 250 мг | ||
15. | Ибандрон қышқылы, таблетка, қабықпен жабылған, 150 мг | арқалық мидің травматикалық ауруы | |
16. | алынып тасталды - Ақтөбе облыстық мәслихатының 10.12.2018 № 356 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). | ||
17. | Урсодезоксихол қышқылы, капсула, 250 мг | кистоздық фиброз (муковисцидоз) | |
18. | Ингаляцияға арналған Тобрамицин | ||
19. | Колистиметат натрия, ингаляцияға арналған ерітінді, 1 млн.бірл. | ||
20. | Ацетилцистеин, ішуге арналған ерітінді дайындауға арналған көпіретін таблетка, ішуге арналған ерітінді дайындауға арналған ұнтақ | ||
21. | Аквадекс, оңтайлы сіңуге арналған дәрумендер | ||
22. | Ритуксимаб, венаішілік инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған концентрат, 500 мг | склеродермия мен жүйелі қызыл жегі ауруымен байланысты ювенильдік дерматомикоз | |
23. | Метотрексат, инъекцияға арналған ерітінді | Бехтерев ауруы, анкилозды спондилит | |
24. | Третиноин, капсула, 10 мг | лейкоз | |
24.1 | Дабрафениб, капсула | Тері меланомасы | диспансерлік есепте тұрған, барлық санаттар |
25. | Тоцилизумаб, инфузиялық ерітінді дайындауға арналған концентрат 400 мг/ 20 мл, 200 мг/ 10 мл, 80 мг/ 4 мл | ювенилдық артрит | диспансерлік есепте тұрған балалар |
26. | Адалимумаб, инъекция ерітіндісі | ||
27. | алынып тасталды - Ақтөбе облыстық мәслихатының 10.12.2018 № 356 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). | ||
28. | Урсодезоксихол қышқылы, капсула, 250 мг | лейкоз | |
29. | Диазоксид, капсула, 25 мг | туа біткен гиперинсулинизм | |
30. | Декспантенол, крем, май, | буллезді эпидермолиз | |
31. | Октенисепт, зарарсыздандыратын ерітінді | ||
32. | Пронтосан, гель | ||
33. | Судокрем, гипоаллергенді крем | ||
34. | Аргосульфон, крем | ||
35. | Куриозин, гель | ||
36. | Ксемоз, жұмсартатын крем | ||
37. | Липикар, гель-крем | ||
38. | Мамандандырылған байлап-таңу материалдары (адгезивсіз, гидрогелдік, гидроактивтік, гидроколлоидтық таңғыштар, құрамында күміс бар таңғыштар, құрамында хлоргексидин бар таңғыштар | ||
39. | Бетагистин дигидрохлориді, таблетка, 8 мг, 16 мг, 24 мг | жүйке жүйесі аурулары |
Ұлы Отан соғысына қатысушылар - бiрiншi дүниежүзiлiк, азамат және Ұлы Отан соғыстары кезеңiнде, сондай-ақ бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағын қорғау жөнiндегi басқа да ұрыс операциялары кезiнде майдандағы армия флот құрамына кiрген бөлiмдерде, штабтар мен мекемелерде қызмет еткен әскери қызметшiлер, азамат және Ұлы Отан соғыстарының партизандары мен астыртын күрес жүргiзушiлерi соғысқа қатысушылар; |
40. | Циннаризин, таблетка, 25 мг | ||
41. | Пентоксифиллин, таблетка, 400 мг | ||
42. | Зопиклон, таблетка, 7,5 мг | ||
43. | Тофизопам, таблетка, 50 мг | ||
44. | Симвастатин, таблетка, 10 мг, 20 мг, 40 мг | жүрек-тамырлық жүйесі аурулары | |
45. | Панкреатин, ішекте еритін қабықшадағы таблетка, 10000 ӘБ | ас қорыту органдары аурулары | |
46. | Флуконазол, таблетка, капсула, 200 мг | ||
47. | Лактулоза, ішуге арналған құтыдағы ерітінді | ||
48. | Ранитидин, таблетка, 150 мг | ||
49. | Урсодезоксихол қышқылы, капсула, 250 мг | ||
50. | Амброксол, шәрбат, 15 мл/ 5 мл, 30 мг/ 5 мл | тыныс алу жүйесі аурулары | |
51. | Хлоропирамин, таблетка, 25 мг | ||
52. | Карбоцистеин, шәрбат, 250 мг/ 5 мл | ||
53. | алынып тасталды - Ақтөбе облыстық мәслихатының 10.12.2018 № 356 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). | ||
54. | Норфлоксацин, таблетка, 400 мг | несеп-жыныс жүйесі аурулары | |
55. | Доксазозин, таблетка, 1 мг, 2 мг, 4 мг | ||
56. | Финастерид, таблетка, қабықпен жабылған, 5 мг | ||
57. | Тамсулозин, таблетка бақылаулы шығарылуымен, 0,4 мг | ||
58. | Кетопрофен, крем, 2,5% | омыртқа бағаны мен қозғалыс органдары аурулары | |
59. | Гепарин, сыртқа қолдануға арналған гель, 1000 ӘБ/г | ||
60. | Тимолол, көзге арналған тамшыдәрі, 0,25%, 0,5% | көз аурулары | |
61. | Тобрамицин, көзге арналған тамшыдәрі, 0,3% | ||
62. | Дексаметазон, тамшыдәрі, май, 0,1% | ||
63. | Латанопрост, көзге арналған тамшыдәрі, 0,005% | ||
64. | Дексаметазон + тобрамицин, көзге арналған тамшыдәрі, 0,3% | ||
65. | Тетрациклин, көзге арналған май, 1% | ||
66. | Ацикловир, көзге арналған май, 3% |