Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда - Ақтөбе облыстық мәслихатының 09.06.2023 № 29 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексінің 12-бабының 1-тармағының 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Ақтөбе облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша тегін берілсін.
Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - Ақтөбе облыстық мәслихатының 09.06.2023 № 29 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).2. Осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес облыстық мәслихаттың кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау жетекшілік ететін облыс әкімінің орынбасарына және облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасына жүктелсін.
4. Осы шешiм оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Облыстық мәслихаттың сессия төрағасы |
А. Айтжанов |
Облыстық мәслихаттың хатшысы | А. Нугманов |
Облыстық мәслихаттың 2021 жылғы 17 мамырдағы № 39 шешіміне 1-қосымша |
Ақтөбе облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша тегін беру тізбесі
Ескерту. 1 қосымша жаңа редакцияда - Ақтөбе облыстық мәслихатының 27.05.2024 № 140 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
№ | Аурулар атауы | Халықтың санаты | Дәрілік заттарды, арнайы емдеу өнімдерді және медициналық бұйымдарды тағайындау үшін көрсетілімдер (дәрежесі, сатысы, ағын ауыртпалығы) | Дәрілік заттардың (шығару нысаны), арнайы емдеу өнімдердің және медициналық бұйымдардың атауы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберіндегі дәрілік заттар | ||||
1. | Өкпе артериясының гипертензиясы | Диспансерлік есепте тұрған, барлық санаттар | Ауыртпалықтың барлық сатылары мен дәрежелері | Силденафил, таблетка |
Риоцигуат, пленкалық қабықпен жабылған таблетка | ||||
Көпсалалы консилиумның шешімі бойынша | Мацитентан, таблетка | |||
Селексипаг, таблетка | ||||
Медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықта (дәрілік заттардың айналысы саласындағы уәкілетті орган бекіткен) балаларға қолдануға қарсы көрсетілімдері туралы нұсқамасы бар дәрілік затты бірыңғай дистрибьютор сатып алған жағдайда, дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы негізінде пациенттің жеке өзіне жақпаған жағдайда | Бозентан (Траклир), таблетка, қабықпен жабылған | |||
2. | Жүйелі беріштену (жүйелі склеродермия) | Ауыртпалықтың барлық сатылары мен дәрежелері | Метилпреднизолон, таблетка | |
Пеницилламин, таблетка, капсула | ||||
3. | Крон ауруы, спецификалық емес ойық жара колиті | Инфликсимаб, көктамыр ішіне енгізуге арналған ерітінді дайындауға арналған лиофилизирленген ұнтақ | ||
4. | Аяқталмаған остеогенез | Ибандрон қышқылы, қабықпен жабылған таблетка | ||
5. | Кистоздық фиброз (муковисцидоз) | Ацетилцистеин, ішуге арналған ерітінді дайындауға арналған көпіретін таблетка, ішуге арналған ерітінді дайындауға арналған ұнтақ, ингаляцияға арналған ұнтақ | ||
6. | Бехтерев ауруы, анкилоздаушы спондилит | Метотрексат, инъекцияға арналған ерітінді; Секукинумаб, тері астына енгізуге арналған ерітінді | ||
7. | Миелодисплатикалық синдромдарды, апластикалық анемия, имунды тромбоцитопения қоса алғанда, лимфалық, қан өндіру және солар тектес тіндердің қатерлі ісіктері | Третиноин, капсула | ||
8. | Амиотрофиялық бүйірлік беріштену | Рилузол, таблетка | ||
9. | Оптиконевромиелит (Девик ауруы) | Бейінді мамандардың қатысуымен медициналық ұйымның дәрігерлік-консультациялық комиссиясының шешімі бойынша | Ритуксимаб, көктамырішілік инфузиялық ерітінді дайындауға арналған концентрат | |
10. | Көптеген миелома | Иксазомиб, капсула; Помалидомид, капсула | ||
11. | Дәнекер тіннің жүйелік зақымданулары; Жүйелік қызыл жегі; Бехчет ауруы | Белимумаб, инфузиялық ерітінді дайындауға арналған концентрат; Ритуксимаб, көктамырішілік инфузиялық ерітінді дайындауға арналған концентрат; Адалимумаб, инъекцияға арналған ерітінді, тері астына енгізуге арналған ерітінді | ||
12. | Шашыраңқы беріш | Көпсалалы консилиумның шешімі бойынша | Кладрибин, таблетка | |
13. | Өкпе обыры | Алектиниб, таблетка | ||
14. | Емшектің обыры | Рибоциклиб, таблетка | ||
15. | Ювенилдіқ идиопатикалық артрит | Ауыртпалықтың барлық сатылары мен дәрежелері | Канакинумаб, тері астына енгізуге арналған ерітінді | |
16. | Тұқым қуалайтын ангионевротикалық ісіну | Бейінді мамандардың қатысуымен медициналық ұйымның дәрігерлік-консультациялық комиссиясының шешімі бойынша | С1 ингибитор - адам эстеразасы, инъекцияға арналған ерітінді дайындауға арналған лиофилизат; Ланаделумаб, тері астына енгізуге арналған ерітінді | |
17. | Ұстамалы гемоглобинурия, түнгі (Маркиафавтар-Микели) | Бейінді мамандардың қатысуымен медициналық ұйымның дәрігерлік-консультациялық комиссиясының шешімі бойынша | Экулизумаб, инфузиялық ерітінді дайындауға арналған концентрат | |
18. | Псориаздық артропатиялар | Бейінді мамандардың қатысуымен медициналық ұйымның дәрігерлік-консультациялық комиссиясының шешімі бойынша | Секукинумаб, тері астына енгізуге арналған ерітінді; Гуселькумаб, тері астына енгізуге арналған ерітінді | |
19. | Ювенилдіқ идиопатикалық артрит | Диспансерлік есепте тұрған 18 жасқа дейінгі балалар | Ауыртпалықтың барлық сатылары мен дәрежелері | Тоцилизумаб, инфузиялық ерітінді дайындауға арналған концентрат |
Адалимумаб, инъекцияға арналған ерітіндісі, тері астына енгізуге арналған ерітінді | ||||
20. | Гематологиялық аурулар, гемабластоздар, апластикалық анемия, имунды тромбоцитопения қоса алғанда | Урсодезоксихол қышқылы, капсула | ||
21. | Туа біткен гиперинсулинизм | Диазоксид, капсула | ||
22. | Буллезді эпидермолиз | Декспантенол, крем, жақпамай | ||
Судокрем, гипоаллергенді крем | ||||
Аргосульфан, крем | ||||
23. | Көмейдің стенозы | Будесонид, ингаляцияға арналған дозаланған суспензия | ||
Фенотерол + Ипратропия бромиді, ингаляцияға арналған | ||||
24. | Бастапқы иммун тапшылықтары | Интерферон гамма (Ингарон), ерітінді дайындауға лиофилизаты | ||
Итраконазол, таблетка | ||||
Сульфаметоксазол және Триметоприм, ішуге арналған суспензия, таблетка | ||||
25. | Туа біткен ихтиоз | Декспантенол, крем, жақпамайы | ||
26. | Перинаталдық кезеңде пайда болған бронхөкпенің дисплазиясы | Бейінді мамандардың қатысуымен медициналық ұйымның дәрігерлік-консультациялық комиссиясының шешімі бойынша | Паливизумаб, бұлшықет ішіне арналған ерітінді | |
27. | Жүйке жүйесінің аурулары |
Ұлы Отан соғысының ардагерлері: | Ауыртпалықтың барлық сатылары мен дәрежелері | Бетагистина дигидрохлориді, таблетка |
Пентоксифиллин, таблетка | ||||
Зопиклон, таблетка | ||||
28. | Ас қорыту органдарының аурулары | Мультиферменттер (липаза, протеаза және т.б.), таблетка | ||
Лактулоза, шәрбат | ||||
Урсодезоксихолқышқылы, капсула | ||||
29. | Тынысалу жүйесі аурулары | Амброксол, шәрбат | ||
Хлоропирамин, таблетка | ||||
Карбоцистеин, шәрбат | ||||
30. | Несеп-жыныс жүйесіаурулары | Финастерид, қабықпен жабылған таблетка | ||
Тамсулозин,босап шығуы бақыланатын, босап шығуы ұзартылған таблетка, босап шығуы модификацияланған капсулалар | ||||
31. | Омыртқа бағаны мен қозғалыс органдары аурулары | Кетопрофен, крем, гель | ||
32. | Көз ағзасы аурулары | Дексаметазон, көз тамшылары, көзмайы | ||
Дексаметазон + тобрамицин, көз тамшылары | ||||
Тетрациклин, көз майы | ||||
Ацикловир, көз майы | ||||
2. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберіндегі медициналық бұйымдар | ||||
33. | Буллезді эпидермолиз | Диспансерлік есепте тұрған 18 жасқа дейінгі балалар | Ауыртпалықтың барлық сатылары мен дәрежелері | Күмісі бар майланған таңғыш; Фармпрепаратсыз таңғыш; Стерильді таңғыш; Абсорбциялайтын стерильді таңғыш; Абсорбциялайтын таңғыш; Бұласыр; Гидротюль, гидроактивті майланған таңғыш; Перуан бальзамы бар майланған таңғыш; Стерильді майлықтар; Бекітетін созылмалы бинт; Бекітетін бинт; Торлы құбырлы бинт; Жұмсақ стерильді емес мақталы бинт; Хлорамфеникол негізіндегі стерильді таңғыш |
34. | Туа біткен ихтиоз | Диспансерлік есепте тұрған 18 жасқа дейінгі балалар | Ауыртпалықтың барлық сатылары мен дәрежелері | Тері күтімі эмоленттері |
Облыстық мәслихаттың 2021 жылғы 17 мамырдағы № 39 шешіміне 2 қосымша |
Ақтөбе облыстық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. Ақтөбе облыстық мәслихатының 2013 жылғы 11 желтоқсандағы № 171 "Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде дәрілік заттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды жергілікті бюджет қаражаты есебінен қосымша тегін беру туралы" (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3725 тіркелген) шешімі;
2. Ақтөбе облыстық мәслихатының 2014 жылғы 15 тамыздағы № 233 "Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде дәрілік заттарды жергілікті бюджет қаражаты есебінен қосымша тегін беру туралы" облыстық мәслихаттың 2013 жылғы 11 желтоқсандағы № 171 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4029 тіркелген) шешімі;
3. Ақтөбе облыстық мәслихатының 2017 жылғы 8 желтоқсандағы № 227 "Облыстық мәслихаттың 2013 жылғы 11 желтоқсандағы № 171 "Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезiнде дәрiлiк заттарды жергілікті бюджет қаражаты есебінен қосымша тегін беру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5780 тіркелген) шешімі;
4. Ақтөбе облыстық мәслихатының 2018 жылғы 10 желтоқсандағы № 356 "Облыстық мәслихаттың 2013 жылғы 11 желтоқсандағы № 171 "Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезiнде дәрiлiк заттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды жергілікті бюджет қаражаты есебінен қосымша тегін беру туралы" шешіміне өзгерістер және толықтыру енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5961 тіркелген) шешімі.