Коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды пайдалану Қағидаларын бекіту туралы

Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының әкімдігінің 2013 жылғы 27 қарашадағы № 3407 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 18 желтоқсанда № 3715 болып тіркелді.

      Ескерту. Тақырыбында, 1 тармағында және қосымшасында қазақ тілінде "Қағидасын", "Қағидасы", "Қағида" сөздері "Қағидаларын", "Қағидалары" сөздерімен ауыстырылды, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді - Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласы әкімдігінің 30.04.2020 № 1996 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Мемлекеттiк мүлiк туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 18-бабының 22) тармақшасына және 31-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Ақтөбе қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қоса берiлiп отырған коммуналдық меншiкке келiп түскен қараусыз қалған жануарлардың пайдалану Қағидалары бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкiмiнiң орынбасары Қ.М. Әлімовке жүктелсiн.

      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қала әкімі Е. Омаров

  Ақтөбе қаласы әкімдігінің
2013 жылғы 27 қарашадағы
№ 3407 қаулысымен
бекітілді

Коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды пайдалану Қағидалары

      Коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды пайдалану Қағидалары (бұдан әрі - Қағидалары) Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 246 бабына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы № 413-IV Заңы 18 бабының 22 тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңы 31 бабы 1 тармағының 2 тармақшасы, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2011 жылғы 18 сәуірдегі № 49-ө "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Өкіміне сәйкес әзірленді.

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының әкімдігінің 11.03.2014 № 655 қаулысымен (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ережелерде пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

      1) жануарлар – ауыл шаруашылығы және үй жануарлары;

      2) иесіз жануарлар – иелері бар, бірақ олардың иелігінен (қамқорлығынан) уақытша шыққан, иелері жоқ немесе иелері белгісіз, сонымен қатар иесі меншік құқығынан бас тартқан жануарлар;

      3) жануардың иесі – меншігінде немесе өзгеше иелігінде жануары бар жеке немесе заңды тұлға;

      4) жергілікті атқарушы орган – жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, ауыл шаруашылығы және ветеринария саласындағы функцияларды іске асыруға уәкілетті жергілікті мемлекеттік атқарушы орган;

      5) уәкілетті орган – жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, қаланың коммуналдық меншігін басқаруға уәкілетті мемлекеттік атқарушы орган.

2. Иесіз жануарларды пайдалану

      2. Қараусыз немесе қаңғып жүрген малды және басқа да үй жануарларын немесе қолға үйретiлген жануарларды ұстап алған адам оларды меншiк иесiне қайтаруы тиіс.

      Егер меншік иесі немесе оның тұрған жерi белгiсiз болса, осындай жануарларды ұстап алған тұлға ұсталған кезден бастап үш күннен кешiктiрмей табылған жануарлар туралы меншік иесін іздестіру шараларын қабылдау үшін iшкi iстер органдарына немесе жергілікті атқарушы органдарға жазбаша түрде мәлімдеуі тиіс.

      3. Жануарлардың меншік иесін іздестіру кезеңінде жануарларды ұстаған адам оларды өзiнiң бағуында және пайдалануында қалдыруы немесе оларды бағу мен пайдалану үшiн қажеттi жағдайы бар басқа адамға тапсыруы мүмкiн. Жануарларды ұстап алған адамның өтiнiшi бойынша оларды бағу мен пайдалану үшiн қажеттi жағдайы бар адамды iздеп табуды және оларға жануарларды берудi жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.

      4. Жануарларды ұстап алған адам және олар бағуға және пайдалануға берiлген адам жануарлардың өлiм-жiтiмi мен iске жарамай қалғаны үшiн бұған кiнәсi болған кезде ғана және сол жануарлардың құны шегінде жауапты болады.

      5. Егер iрi қара малын ұстап алғаны туралы мәлiмделген кезден бастап алты ай iшiнде және басқа үй жануарлары жөнiнде - екi ай iшiнде олардың меншiк иесi табылмаса және оларға өзiнiң құқығы туралы мәлiмдемесе, бұл жануарларға меншiк құқығы жануарларды баққан және пайдаланған адамға көшедi.

      Ескерту. 5 тармаққа өзгерістер енгізілді - Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының әкімдігінің 11.03.2014 № 655 қаулысымен (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      6. Жануарларды меншiк иесiне қайтарған ретте жануарларды ұстап алған адам және бағып, пайдаланып келген адам сол меншiк иесiнен жануарларды пайдаланудан алынған пайданы шегере отырып, оларды бағуға байланысты өз шығындарына өтем алуға құқылы.

      7. Қараусыз немесе қаңғып жүрген малды және басқа да үй жануарларын ұстап алған адам олардың меншiк иесiнен Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексі 245 бабының 6 тармағына сәйкес сыйақы алуға құқылы.

3. Қараусыз жануарларға мемлекеттік меншік құқығының пайда болуы

      8. Өзінің бағуында және пайдалануында қараусыз қалған жануарлар болған адам өзінің бағуындағы жануарларды меншігіне алудан бас тартқан кезде олар қалалық коммуналдық меншікке түседі және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 "Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрi пайдаланудың кейбiр мәселелерi" қаулысымен белгiленген тәртіп бойынша пайдаланылады.

      Ескерту. 8 тармақ жаңа редакцияда – Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласы әкімдігінің 30.04.2020 № 1996 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      9. Жануарлар мемлекет меншiгiне өткеннен кейiн олардың бұрынғы меншiк иесi келген жағдайда, осы жануарлардың бұрынғы меншік иесіне үйiрсектiгi сақталғанын немесе жаңа меншiк иесiнiң оларға қатал не өзгедей мейiрiмсiз қарағанын дәлелдейтiн мән-жайлар болған кезде – ол аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың тиісті жергілікті атқарушы органдарымен келiсiм бойынша айқындалатын шарттармен, ал келiсiмге қол жеткізілмеген кезде сот тәртібімен оларды өзіне қайтарып беруді талап етуге құқылы.

4. Қорытынды ережелер

      10. Қараусыз жануарларды есепке алу, сақтау, бағалау және сатуды ұйымдастыруға байланысты шығындар Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексіне сәйкес жергілікті бюджет қаржысынан жүргізіледі.

      11. Қараусыз жануарларды сатудан түскен қаражаттар Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, бес жұмыс күні ішінде жергілікті бюджетке аударылады.

      12. Қараусыз жануарларды коммуналдық меншікке қабылдау үшін негіз болған актінің сотпен күші жойылған жағдайда, уәкілетті орган қараусыз жануарды бұрынғы иесіне қайтарады.

Об утверждении Правил использования безнадзорных животных, поступивших в коммунальную собственность

Постановление акимата города Актобе Актюбинской области от 27 ноября 2013 года № 3407. Зарегистрировано Департаментом юстиции Актюбинской области 18 декабря 2013 года № 3715.

      Сноска. В наименовании, пункте 1 и в приложении постановления на казахском языке слова "Қағидасын", "Қағидасы", "Қағида" заменены словами "Қағидаларын", "Қағидалары", текст на русском языке не меняется постановлением акимата города Актобе Актюбинской области от 30.04.2020 № 1996 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 22) статьи 18 и со статьей 31 Закона Республики Казахстан от 1 марта 2011 года "О государственном имуществе", подпунктом 2) пункта 1 статьи 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" акимат города Актобе ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила использования безнадзорных животных, поступивших в коммунальную собственность.

      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима города Алимова К.М.

      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким города Е. Умаров

  Утверждено постановлением акимата города Актобе от 27 ноября 2013 года № 3407

Правила использования безнадзорных животных, поступивших в коммунальную собственность

      Настоящие Правила использования безнадзорных животных, поступивших в коммунальную собственность (далее - Правила) разработаны в соответствии со статьей 246 Гражданского Кодекса Республики Казахстан, подпунктом 22) статьи 18 Закона Республики Казахстан от 1 марта 2011 года № 413-IV "О государственном имуществе", подпунктом 2) пункта 1 статьи 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 № 148 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Распоряжения Премьер-Министра Республики Казахстан от 18 апреля 2011 года № 49-р "О мерах по реализации Закона Республики Казахстан от 1 марта 2011 года "О государственном имуществе.

      Сноска. Преамбула в редакции постановления акимата города Актобе Актюбинской области от 11.03.2014 № 655 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

1. Общие положения

      1. В настоящих Правилах используются следующие понятия:

      1) животные – сельскохозяйственные и домашние животные;

      2) безнадзорные животные – животные, имеющие собственника и временно выбывшие из его владения (попечения), не имеющие собственника либо собственник которых неизвестен, а также домашние животные, от права собственности на которых собственник отказался;

      3) владелец животного – физическое или юридическое лицо, которое имеет в собственности или ином владении животное;

      4) местный исполнительный орган - исполнительный государственный орган, финансируемый из местного бюджета, уполномоченный на осуществление функций в области сельского хозяйства и ветеринарии;

      5) уполномоченный орган – исполнительный государственный орган, финансируемый из местного бюджета, уполномоченный управлять коммунальной собственностью города.

2. Использование безнадзорных животных

      2. Лицо, задержавшее безнадзорный или пригульный скот и других домашних или прирученных животных, должен возвратить их собственнику.

      Если собственник или его местопребывание неизвестны, лица, задержавшие безнадзорных животных, не позднее трех дней с момента такого задержания должны письменно заявить об обнаруженных животных в органы внутренних дел или в местные исполнительные органы, которые принимают меры к розыску собственника.

      3. На период розыска собственника животных они могут быть оставлены лицом, задержавшим животных, у него на содержании и в пользовании, либо сданы им на содержание и в пользование другому лицу, имеющему необходимые условия для этого. По просьбе лица, задержавшего животных, подыскание лица, имеющего необходимые условия для их содержания и пользования, и передачу им животных осуществляет местный исполнительный орган.

      4. Лицо, задержавшее животных, и лицо, которому они переданы на содержание и в пользование, отвечают за гибель и порчу животных лишь при наличии вины и в пределах стоимости этих животных.

      5. Если в течение шести месяцев с момента заявления о задержании крупного рогатого скота и двух месяцев - других домашних животных, их собственник не будет обнаружен и не заявит о своем праве на них, право собственности на этих животных переходит к лицу, у которого они находились на содержании и в пользовании.

      Сноска. Пункт 5 с изменениями, внесенными постановлением акимата города Актобе Актюбинской области от 11.03.2014 № 655 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      6. В случае возврата животных собственнику, лицо, задержавшее животных, и лицо, у которого они находились на содержании и в пользовании, имеют право получить от этого собственника возмещение своих расходов, связанных с содержанием животных, с зачетом выгод, извлеченных от пользования животными.

      7. Нашедший безнадзорное или бродячее животное имеет право на получение вознаграждения от собственника данного имущества согласно пункту 6 статьи 245 Гражданского Кодекса Республики Казахстан.

3. Возникновения права государственной собственности за безнадзорными животными

      8. При отказе лица, у которого находились на содержании и в пользовании безнадзорные животные, от приобретения в собственность содержавшихся у него животных они поступают в городскую коммунальную собственность и используются в порядке, определяемом постановлением Правительства Республики Казахстан от 26 июля 2002 года № 833 "Некоторые вопросы учета, хранения, оценки и дальнейшего использования имущества, обращенного (поступившего) в собственность государства по отдельным основаниям".

      Сноска. Пункт 8 – в редакции постановления акимата города Актобе Актюбинской области от 30.04.2020 № 1996 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      9. В случае явки прежнего собственника животных после их перехода в государственную собственность прежний собственник вправе при наличии обстоятельств, свидетельствующих о сохранении к нему привязанности со стороны этих животных или жестоком либо ином ненадлежащем обращении с ними нового собственника, требовать их возврата ему на условиях, определяемых по соглашению с соответствующими местными исполнительными органами районов, городов областного значения, а при недостижении согласия - в судебном порядке.

4. Заключительные положения

      10. Расходы связанные с учетом, хранением, оценкой и продажей безнадзорных животных возмещаются из средств местного бюджета согласно Бюджетного Кодекса Республики Казахстан.

      11. Средства вырученные от продажи безнадзорных животных подлежат в течении пяти рабочих дней перечислению в местный бюджет, если иное не установлено законадательством Республики Казахстан.

      12. В случае отмены судом акта послужившего основанием для принятия безнадзорного животного в коммунальную собственность, уполномоченный орган возвращает безнадзорное животное прежнему владельцу.