Ақтөбе қаласының әкімдігінің 2013 жылғы 27 қарашадағы № 3407 "Коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды пайдалану Қағидасын бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 30 сәуірдегі № 1996 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 11 мамырда № 7089 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттiк мүлiк туралы" Заңының 18-бабының 22) тармақшасына және 31-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 "Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрi пайдаланудың кейбiр мәселелерi" қаулысына сәйкес, Ақтөбе қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Ақтөбе қаласының әкімдігінің 2013 жылғы 27 қарашадағы № 3407 "Коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды пайдалану Қағидасын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3715 тіркелген, 2013 жылғы 24 желтоқсанда "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:

      қаулының қазақ тіліндегі тақырыбында, 1 тармағында және жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген Коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды пайдалану Қағидасында: "Қағидасын", "Қағидасы", "Қағида" сөздері "Қағидаларын", "Қағидалары" сөздерімен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді;

      көрсетілген Қағиданың 8-тармағы келесі редакцияда жазылсын:

      "8. Өзінің бағуында және пайдалануында қараусыз қалған жануарлар болған адам өзінің бағуындағы жануарларды меншігіне алудан бас тартқан кезде олар қалалық коммуналдық меншікке түседі және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 "Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрi пайдаланудың кейбiр мәселелерi" қаулысымен белгiленген тәртіп бойынша пайдаланылады".".

      2. "Ақтөбе қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны, оны ресми жариялағаннан кейін Ақтөбе қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақтөбе қаласының әкімі А. Шахаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады