Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қазандағы № 1316 "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегiн көрсету Ережесін бекiту туралы Қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" Қаулысына сәйкес, Байғанин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 48 "Байғанин ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Ережесін бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеуге алу тізбесінде 2013 жылғы 11 қаңтардағы № 3491 болып тіркелген, аудандық "Жем-Сағыз" газетінің 2013 жылғы 24 қаңтардағы № 4 санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Байғанин ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Ережесіндегі:
1 тармақтың 1 тармақшасындағы 5 азат жолы;
2 тармақтағы 2 азат жолы бөлігіндегі ", тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнының шығыстары" деген сөздер;
2 тармақтағы 3 азат жолы бөлігіндегі ", тәулік уақыты бойынша электр қуатының шығынын саралап есептейтін және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр қуатын бір фазалық есептегіштің құнына" деген сөздер;
3 тармақтағы ", тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнына шығындарының орнын толтыру үшін," деген сөздер;
4 тармақтағы ", сондай-ақ жекешелендірілген тұрғын үй-жайларында (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде пайдалануда тұрған дәлдік сыныбы 2,5 электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің орнына орнатылатын тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге, жеткiзушiлер ұсынған шоттар бойынша тұрғын үй көмегі 2012 жылғы 1 шілдеден бастап 2014 жылғы 1 шілдеге дейін" деген сөздер;
10 тармақтағы ", тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнына шығындарына және" деген сөздер;
14 тармақтағы ", тәулік уақыты бойынша электр қуатының шығынын саралап есептейтін және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр қуатын бір фазалық есептегіштің құны" деген сөздер;
19 тармақтағы "және тәулік уақыты бойынша электр қуатының шығынын саралап есептейтін және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр қуатын бір фазалық есептегіштің құнының" деген сөздер 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап алынып тасталсын.
2. Осы шешім оны алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Н.Нұрмағанбет |
Мәслихат хатшысы | Б.Турлыбаев |