Аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 48 "Байғанин ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Ережесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Байғанин аудандық мәслихатының 2013 жылғы 13 қарашадағы № 96 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 04 желтоқсанда № 3693 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Байғанин аудандық мәслихатының 2017 жылғы 15 наурыздағы № 68 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Байғанин аудандық мәслихатының 15.03.2017 № 68 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қазандағы № 1316 "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегiн көрсету Ережесін бекiту туралы Қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" Қаулысына сәйкес, Байғанин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 48 "Байғанин ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Ережесін бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеуге алу тізбесінде 2013 жылғы 11 қаңтардағы № 3491 болып тіркелген, аудандық "Жем-Сағыз" газетінің 2013 жылғы 24 қаңтардағы № 4 санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген Байғанин ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Ережесіндегі:
      1 тармақтың 1 тармақшасындағы 5 азат жолы;
      2 тармақтағы 2 азат жолы бөлігіндегі ", тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнының шығыстары" деген сөздер;
      2 тармақтағы 3 азат жолы бөлігіндегі ", тәулік уақыты бойынша электр қуатының шығынын саралап есептейтін және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр қуатын бір фазалық есептегіштің құнына" деген сөздер;
      3 тармақтағы ", тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнына шығындарының орнын толтыру үшін," деген сөздер;
      4 тармақтағы ", сондай-ақ жекешелендірілген тұрғын үй-жайларында (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде пайдалануда тұрған дәлдік сыныбы 2,5 электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің орнына орнатылатын тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге, жеткiзушiлер ұсынған шоттар бойынша тұрғын үй көмегі 2012 жылғы 1 шілдеден бастап 2014 жылғы 1 шілдеге дейін" деген сөздер;
      10 тармақтағы ", тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнына шығындарына және" деген сөздер;
      14 тармақтағы ", тәулік уақыты бойынша электр қуатының шығынын саралап есептейтін және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр қуатын бір фазалық есептегіштің құны" деген сөздер;
      19 тармақтағы "және тәулік уақыты бойынша электр қуатының шығынын саралап есептейтін және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр қуатын бір фазалық есептегіштің құнының" деген сөздер 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап алынып тасталсын.
      2. Осы шешім оны алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрағасы Н.Нұрмағанбет
      Мәслихат хатшысы Б.Турлыбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады