Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысының 2 тармағына сәйкес, Ырғыз аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған Ырғыз ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары бекітілсін.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың сессия төрайымы: | Э. СИСЕМБАЕВА |
Аудандық мәслихаттың хатшысы: | К. ҚОСАЯҚОВ |
Ырғыз аудандық мәслихатының 2013 жылғы 23 желтоқсандағы № 112 шешімімен бекітілді |
Ырғыз ауданында Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары
1. Осы Ырғыз ауданында Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 24) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) Қаулысының 2 тармағына сәйкес әзірленді.1. Жалпы ережелер
2. Осы қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:1) атаулы күндер – жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;
2) арнайы комиссия – өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша аудан әкімдігінің шешімімен құрылатын комиссия;
3) ең төменгі күнкөріс деңгейі – Ақтөбе облысындағы статистикалық органы есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;
4) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;
5) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;
6) өмірлік қиын жағдай – азаматтың тыныс тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;
7) уәкілетті орган – жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын, әлеуметтік көмек көрсетуді жүзеге асыратын "Ырғыз аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
8) уәкілетті ұйым – "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау" Министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы" Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
9) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия;
10) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.
3. Осы қағидалар Ырғыз ауданы аумағында тұрақты тұратын адамдарға қолданылады.
4. Осы қағидалардың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде жергілікті атқарушы органдарымен (бұдан әрі - ЖАО) мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі - алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай немесе заттай нысанда көрсетілетін көмек түсініледі.
5. "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және оларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" 1995 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабында және "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы қағидаларда көзделген тәріппен көрсетіледі.
6. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта 1 рет) көрсетіледі.
7. Біржолғы әлеуметтік көмек алушыларға, мәртебесіне сәйкес жылына бір рет төменде көрсетілген атаулы және мереке күндеріне орай көрсетіледі:
1) 9 мамыр – Жеңіс күніне
2) 1 маусым – Балаларды қорғау күніне
3) Қазан айының екінші жексенбісі – Мүгедектер күніне.
8. Учаскелік және арнайы комиссиялар өз қызметін облыстардың атқарушы органдары бекітетін ережелердің және орталық атқарушы орган бекіткен арнайы және учаскелік комиссиялар туралы үлгілік ережелерді негізінде жүзеге асырады.
2. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін белгілеу тәртібі
9. Әлеуметтік көмек алушы тұлғалар тізбесі:1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері;
2) Ұлы Отан соғысының қатысушысына жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан теңестірілген тұлғалар;
3) Ұлы Отан соғысының мүгедегіне жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан теңестірілген тұлғалар;
4) Ұлы Отан соғысының қатысушыларына жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан теңестірілген басқа да санаттағы тұлғалар;
5) зейнет жасына жеткен тұлғалар;
6) мүгедектер мен 18 жасқа дейінгі мүгедек баланы тәрбиелеуші тұлғалар;
7) саяси қуғын-сүргін құрбандары, саяси құғын-сүргіннен зардап шеккен тұлғалар;
8) көп балалы отбасылар;
9) балалар, жетім балалар, әке-шешесінің қамқорлығынсыз қалған балалар, интернат-үйін бітірушілері;
10) аз қамтылған отбасылар (азаматтар);
11) әлеуметтік маңызы бар аурумен ауыратын азаматтарға (онкологиялық ауруы бар тұлғалар, ВИЧ-инфекциясы барлар және басқа да туберкулездің әр түрлі түрімен ауыратындар).
Әлеуметтік көмек жоғарыда аталған тұлғаларға мемлекеттің толық қамтамасыз етуінде болмаған жағдайда көрсетіледі.
9.1. Өмірлік қиын жағдай туындағанда әлеуметтік көмектің межелі мөлшері:
1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне – 150 000 теңгеге дейінгі шекте;
2) Ұлы Отан соғысының қатысушылары жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан теңестірілген тұлғаларға – 100 000 теңгеге дейінгі шекте;
3) Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан теңестірілген тұлғаларға – 100 000 теңгеге дейінгі шекте;
4) соғысқа қатысушыларына жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан теңестірілген басқа да санаттағы тұлғаларға – 80 000 теңгеге дейінгі шекте;
5) зейнет жасына жеткен тұлғаларға – 60 000 теңгеге дейінгі шекте;
6) мүгедектерге, сонымен қатар 18 жасқа дейінгі мүгедек баланы тәрбиелеуші тұлғаларға – 60 000 теңгеге дейінгі шекте;
7) саяси қуғын-сүргін құрбандары, саяси құғын-сүргіннен зардап шеккен тұлғаларға – 50 000 теңгеге дейінгі шекте;
8) көп балалы отбасыларға – 60 000 теңгеге дейінгі шекте;
9) балаларға, соның ішінде жетім балаларға, әке-шешесінің қамқорлығынсыз қалған балалар, интернат-үйін бітірушілеріне – 60 000 теңгеге дейінгі шекте;
10) аз қамтылған азаматтарға – 60 000 теңгеге дейінгі шекте;
11) әлеуметтік маңызы бар аурумен ауыратын азаматтарға (онкологиялық ауруы бар тұлғалар, ВИЧ-инфекциясы барлар және басқа да туберкулездің әр түрлі түрімен ауыратындар) – 80 000 теңгеге дейінгі шекте.
9.2. Табиғи зілзала немесе өрт себебінен өмірілік қиын жағдай туындаған кезде, азаматқа (отбасына) немесе оның мүлкіне шығын келтірілгенде немесе әлеуметтік маңызы бар ауруы болғанда әлеуметтік көмек өтініш негізінде көрсетіледі, егер өтініш өмірілік қиын жағдай туындаған сәттен бастап алты айдан кейін уақыттан соң жасалмаған болса.
Өмірлік қиын жағдайда болған кезде азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетіледі, егер отбасының (азаматтың) ең төменгі күнкөріс деңгейі (көмек сұраған кезге) өткен тоқсанның ең төменгі күнкөріс деңгейінен 1-еселік мөлшерінен аспаса (Ұлы Отан соғысы қатысушылары мен мүгедектерінен басқа).
Табиғи зілзала, өмірлік қиын жағдай туындағанда Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, әлеуметтік көмек табысы есептелмей көрсетіледі.
Белгілінген бір негіз бойынша әлеуметтік көмек бір есептік жыл ішінде қайталай көрсетілмейді.
Азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздемелер;
2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру не әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы.
3) жергілікті өкілді органдар ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгілейтін шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы негіздеме болып табылады.
10. Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшері облыстың жергілікті атқарушы органдарының келісімі бойынша бірыңғай мөлшерде белгіленеді.
11. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.
3. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі
12. Атаулы күндер мен мерекелік күндерге әлеуметтік көмек Ырғыз аудандық әкімдігімен бекітіліп, "Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Ақтөбе облыстық филиалының Ырғыз аудандық бөлімшесі" ұсынған тізімі бойынша не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша өтініш берушіден өтініш талап етілмей көрсетіледі.Ескерту. 12 тармақ жаңа редакцияда – Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық мәслихатының 30.10.2015 № 213 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
13. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе кент, ауыл, ауылдық округтың әкіміне өтінішке қоса мынадай құжаттарды:
1) жеке басын куәландыратын құжатты;
2) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты;
3) Үлгілік қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес адамның (отбасының) құрамы туралы мәліметтерді;
4) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтер;
5) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын актіні және/немесе құжатты ұсынады;
6) банк операцияларының тиісті түрлеріне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк лицензиясы бар ұйымдардағы немесе екінші деңгейлі банктердегі шоты.
14. Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
15. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш келіп түскен кезде уәкілетті орган немесе кент, ауыл, ауылдық округтің әкімі бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді.
16. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша Үлгілік қағидалардың 2, 3-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акті жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкілетті органға немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне жібереді.
Кент, ауыл, ауылдық округ әкімі учаскелік комиссияның актісі мен қорытындысын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды қоса берілген құжаттармен уәкілетті органға жібереді.
17. Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспеген жағдайда уәкілетті орган әлеуметтік көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшін қажетті мәліметтерді тиісті органдардан сұратады.
18. Өтініш берушінің қажетті құжаттарды олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда, уәкілетті орган тиісті мәліметтерді қамтитын өзге уәкілетті органдар мен ұйымдардың деректері негізінде әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдайды.
19. Уәкілетті орган учаскелік комиссиядан немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады.
20. Арнайы комиссия құжаттар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсетеді.
21. Уәкілетті орган өтініш берушінің әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттарын тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындысының негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Осы Қағидалардың 17 және 18-тармақтарында көрсетілген жағдайларда уәкілетті орган өтініш берушіден немесе кент, ауыл, ауылдық округтің әкімінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
22. Уәкілетті орган шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы (бас тартқан жағдайда – негіздемесін көрсете отырып) өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.
23. Белгіленген негіздемелердің біреуі бойынша әлеуметтік көмек күнтізбелік бір жыл ішінде қайта көрсетілмейді.
24. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту:
1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;
2) өтініш беруші адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден бас тартқан, жалтарған;
3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін жергілікті өкілді органдар белгілеген шектен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.
25. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру ауданның бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асыралады.
4. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздемелер
26. Әлеуметтік көмек:1) алушы қайтыс болған;
2) алушы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен;
3) алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберген;
4) алушы ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады.
Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдаяттар туындаған айдан бастап тоқтатылады.
27. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтаруға жатады.