"Ырғыз ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 23 желтоқсандағы № 112 шешімге өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық мәслихатының 2015 жылғы 30 қазандағы № 213 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 12 қарашада № 4579 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық мәслихатының 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 225 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық мәслихатының 23.12.2015 № 225 шешімімен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіті туралы" қаулысының 2 тармағына сәйкес Ырғыз аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 23 желтоқсандағы № 112 "Ырғыз ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3750 тіркелген, 2014 жылы 28 қаңтарда "Ырғыз" газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген Ырғыз ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларындағы:
      12 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      "Атаулы күндер мен мерекелік күндерге әлеуметтік көмек Ырғыз аудандық әкімдігімен бекітіліп, "Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Ақтөбе облыстық филиалының Ырғыз аудандық бөлімшесі" ұсынған тізімі бойынша не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша өтініш берушіден өтініш талап етілмей көрсетіледі.".
      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихаттың сессия төрағасы: Б. СӘДІРХАНОВА
      Аудандық мәслихаттың хатшысы: К. ҚОСАЯҚОВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады