Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5 бабының 2 тармағына сәйкес Қарғалы ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 16 қарашадағы № 248 Қарғалы ауданы халқының мақсатты топтарына жататын тұлғаларының қосымша тізбесін белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 10 желтоқсанда № 3-6-93 болып тіркелген, аудандық Қарғалы газетінде 2009 жылғы 24 желтоқсанда № 63-64 жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
Қаулының кіріспесінде:
1) "тармақшаларына" сөзі "тармақшасына" сөзімен алмастырылсын;
2) 13 саны алынып тасталсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары І.Д.Тынымгереевке жүктелсін.
3. Осы қаулы ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Р.Сыдықов |