Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Қарғалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Өрт немесе табиғи зілзаланың кесірінен болған өмірлік қиын жағдаймен байланысты әлеуметтік көмектің шекті мөлшері (қосымшаға сәйкес) бекітілсін.
Ай сайын көрсетілсін:
1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне коммуналдық қызметтерді төлеу үшін сегіз мың теңге көлемінде қаржылай әлеуметтік көмек;
2) "Қарғалы аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұсынған тізімдерге сәйкес үйден оқытылатын және тәрбиеленетін мүгедек балаларға үш мың теңге көлемінде қаржылай әлеуметтік көмек".
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының 06.03.2015 № 290 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың | Аудандық мәслихаттың |
сессия төрағасы | хатшысы |
Ж.Кольжанов | Х.Жылқыбеков |
2013 жылдың 20 желтоқсандағы № 171 аудандық мәслихаттың шешіміне қосымша |
Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына өмірлік қиын жағдай туындаған кезде көрсететін әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлері
Өрт немесе табиғи зілзаланың салдарынан болған өмірлік қиын жағдайлар туындағанда немесе залал келтірілгендерге әлеуметтік көмек келесі санаттағы адамдарға көрсетіледі:Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне шекті деңгейінде 150 мың теңге;
жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы қатысушыларына теңестірілген адамдарға шекті деңгейінде 100 мың теңге;
жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы мүгедектеріне теңестірілген адамдарға шекті деңгейінде 100 мың теңге;
жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соғыс қатысушыларына теңестірілген адамдардан басқа санаттарына шекті деңгейінде 80 мың теңге;
зейнеткерлік жасқа жеткен адамдарға шекті деңгейінде 60 мың теңге;
мүгедектерге, оның ішінде 18 жасқа дейінгі мүгедек баланы тәрбиелеп отырған адамдарға шекті деңгейінде 60 мың теңге;
саяси қуғын-сүргін құрбандарына, саяси қуғын-сүргіндерден зардап шеккен адамдарға шекті деңгейінде 50 мың теңге;
көпбалалы отбасыларға шекті деңгейінде 60 мың теңге;
жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, балалар үйінің түлектеріне шекті деңгейінде 60 мың теңге;
аз қамтылған адамдарға шекті деңгейінде 60 мың теңге;
онкологиялық аурулары бар, ҚТВ инфекциясын жұқтырғандарға және туберкулездің әртүрлі түрлерімен ауыратын азаматтарға шекті деңгейінде 80 мың теңге.