Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының 20.11.2017 № 179 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қазандағы № 1316 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" қаулысына сәйкес, Қарғалы-аудандық-мәслихаты-ШЕШІМ-ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қарғалы аудандық мәслихаттың "Қарғалы ауданында тұратын аз қамтылған және мұқтаж отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" 2013 жылғы 10 шілдедегі № 126 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3624 тіркелген, 2013 жылдың 15, 22 тамызында аудандық "Қарғалы" газетінің № 33-34 санында жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Қарғалы ауданында тұратын аз қамтылған және мұқтаж отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету-Ережесінің:
11 тармағы алынып тасталсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың | Аудандық мәслихат |
сессия төрағасы | хатшысы |
Ж.Кольжанов | Х.Жылқыбеков |