Қарғалы аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 10 шілдедегі № 126 "Қарғалы ауданында тұратын аз қамтылған және мұқтаж отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының 2013 жылғы 20 желтоқсандағы № 173 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 22 қаңтарда № 3763 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының 2017 жылғы 20 қарашадағы № 179 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының 20.11.2017 № 179 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қазандағы № 1316 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" қаулысына сәйкес, Қарғалы-аудандық-мәслихаты-ШЕШІМ-ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қарғалы аудандық мәслихаттың "Қарғалы ауданында тұратын аз қамтылған және мұқтаж отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" 2013 жылғы 10 шілдедегі № 126 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3624 тіркелген, 2013 жылдың 15, 22 тамызында аудандық "Қарғалы" газетінің № 33-34 санында жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Қарғалы ауданында тұратын аз қамтылған және мұқтаж отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету-Ережесінің:

      11 тармағы алынып тасталсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудандық мәслихаттың

Аудандық мәслихат

сессия төрағасы

хатшысы

Ж.Кольжанов

Х.Жылқыбеков


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады